Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет25/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

II. Тақырыптың маңыздылығы: Жүректің физиологиялық қасиеті туралы білім жүрек қызметінің патологиялық өзгерістерін (экстрасистола, аритмия, өткізгіштігінің бұзылуы) және биологиялық активті заттар (гормондар, медиаторлар), дәрі-дәрмектердің жүрекке әсер ету механизмдерін түсіну үшін барлық факультеттер студенттеріне қажет. Олардың келешекте арнайы медициналық пәндерді оқуының және кәсіптік-білімдерінің теориялық негізі болып табылады.
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
1) жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттерін және олардың
сипаттамасы;
2) жылы қанды және суық қанды жануарлар жүректерінің өткізгіш
жүйесінің құрылысы;

  1. жүрек автоматиясының табиғи негізі;

  2. жүрек циклының әртүрлі кезеңдеріндегі жүрек етінің қозғыштығының өзгеруі;

  3. экстрасистоланы және компенсаторлық паузаның себебі.



Студент орындауы қажет:

  1. Бақа жүрегіне температураның әсерін бақылау тәжірибесі;

  2. Бақа жүрегіне Станниус лигатураларын салу тәжірибесі;

  3. Бақа жүрегі қарыншасының экстрасистоласын жасау тәжірибесі.



IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:



  1. Жүрек етінің негізгі физиологиялық қасиеттері.

  2. Жүрек етінің автоматиясы.

  3. Жылы қанды мен суық қанды жануарлар жүректерінің өткізгіш жүйесінің құрылысы.

  4. Жүрек етінің қозғыштығы және қозуының сипаттамасы, әрекет потенциалы және оның кезеңдері.

  5. Жүрек циклының әр түрлі кезеңдеріндегі жүрек еті қозғыштығының өзгеруі.

  6. Экстрасистола және компенсаторлық үзілістің пайда болу себебі.

  7. Жүректің әр түрлі бөлімдеріндегі өткізгіштік қасиетінің сипаттамасы.

  8. Жүрек бұлшық етінің жиырылу қасиеті (Франк-Старлинг заңы).

  9. Жүрек етінің эластикалық қасиеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет