Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


ІV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар



бет2/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

ІV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Қанның құрамы. Плазма құрамы. Гематокриттік көрсеткіш.
2. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері, олардың физиологиялық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
3. Плазманы формалы элементтерден ажырату әдістері.
4. 1 мкл. және 1 л. қандағы эритроциттер саны. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
5. Эритроциттердің құрылысы және химиялық құрамы.
6. Эритроцитоз, эритроцитопения, олардығ түрлері.
7. Эритроциттердің қызметі.
8. Эритроциттердің санын анықтау әдістері.
9. Дене еңбегі және атмосфералық қысымның төмендеуі кезіндегі қан көрсеткіштерінің өзгеруі.


V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.


1жұмыс. Плазманы формалық элементтерден ажырату және формалық элементтердің көлемдік мөлшерін анықтау

Қан плазмадан және онда жүзіп жүрген формалық элементтер - эритроцит, лейкоцит, тромбоциттерден тұрады. Дені сау адам қанының 52-58% плазмадан, 42-48% қан клеткаларынан құралған. Олардың ара-қатынасы адамның жалпы хал-ахуалына, ауру-саулығына қарай өзгеріп отырады.


Қан клеткаларының жалпы көлемін анықтау үшін қанды 0-100-ге дейін бөлінген сызықшасы бар шыны капилляр – гематокритке құйып, центрифугада айналдырады. Содан соң клеткалар тұнбасының биіктігін (гематокриттік көрсеткішін) анықтайды.
Халықаралық СИ жүйесі бойынша соңғы кезде эритроциттердің жалпы көлемі л/л (литр/литр) есебімен, яғни гематокриттік көрсеткіш ретінде есептеледі.
Мысалы, 42-48 бірлік көлеміндегі көрсеткіш 0,42-0,48 л/л.
Ересек адамда гематокриттік көрсеткіш 0,42-0,48 л/л, ал жаңа туған нәрестеде - 0,50-0,55 л/л, 5 жасар балада - 0,35-0,50 л/л.
Жұмыс мақсаты: плазманы формалық элементтер – қан клеткаларынан ажырату.
Жұмысты орындау: 10 мл қанды центрифугада айналдыра отырып, ондағы қан клеткаларын плазмадан ажыратады. Қан ұйып қалмау үшін, қан құйылатын пробирканың түбіне аздап лимон қышқылды натрий ерітіндісін тамызады. Пробирканы ішіндегі құйылған қанымен бірге центрифугаға салады да, центрифуга қақпағын жабады. Беті жабық центрифуганы реостат көмегімен ақырындап жұмысқа қосады да, қанды ажыратуға кіріседі.
Қан клеткалары мен плазманың тығыздығы әр түрлі, осыған орай центрифугада айналдырғанда қан клеткалары (тығыздығы - 1,090) пробирканың түбіне шөгеді де, қан плазмасы (тығыздығы – 1,030) пробирканың бет жағына қалқып шығады. Ақшыл-сұр түсті лейкоциттер қабаты оның астындағы қызыл қабат - эритроциттердің үстінде орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет