Гематологиялық анализаторда зерттелетін көрсеткіштер мен олардың индексі (белгіленуі)
Параметрлер
|
Индекстер
|
Өлшем бірліктері
|
Эритроциттер
|
RBC (red blood cells - қанның қызыл клеткалары)
|
L – мкл;
L литр
|
Лейкоциттер
|
WBC (whіte blood cells - қанның ақ клеткалары)
|
L – мкл;
L – литр
|
Тромбоциттер
|
PL (platelets –тромбоциттер)
|
L – мкл;
L – литр
|
Гематокрит
|
HCT (hematocrіt)
|
%
|
Гемоглобин
|
HGB (hemoglobіn)
|
g/dl – г/децилитр;
g/L - г/литр
|
Эритроциттердің орташа көлемі
|
MCV (mean cell volume)
|
fL–фл, фемтолитр
(f – 10-15)
|
Тромбоциттердің орташа көлемі
|
MPV (mean platelet volume)
|
fL – фемтолитр
|
Базофилдер
|
BASO
|
# - абсолюттік көрсеткіш; %
|
Эозинофилдер
|
EOS
|
#; %
|
Нейтрофилдер
|
NEUT
|
#; %
|
Лимфоциттер
|
LYM
|
#; %
|
Моноциттер
|
MONO
|
#; %
|
Эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері
|
MCH (mean cell hemoglobіn)
|
pg –пг, пикограмм
(p – 10-12)
|
І. Тақырып: Гемоглобин. Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК). Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ). Гемолиз.
II. Тақырыптың маңыздылығы :
Қанның қалыпты көрсеткіштері туралы білім болашақ дәрігерлерге диагноз қою үшін өте қажет, себебі түрлі патологиялық жағдайлар кезінде гемоглобин мөлшері, ҚТК, ЭТЖ мен эритроциттердің осмостық төзімділігі өзгеріп отырады.
ІII. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Гемоглобин, оның химиялық құрамы және биологиялық маңызы. 1 литр қандағы гемоглобиннің мөлшері және жас ерекшеліктері.
Қалыпты жағдайда қанның түсті көрсеткіш мөлшері және оның есептеу әдісі.
Еркек пен әйелде ЭТЖ-нің мөлшері. Жасқа байланысты ерекшеліктері. ЭТЖ-нің механизмі.
Гемолиз, оның түрлері.
Эритроциттердің осмостық резистенттілігі.
Студент орындауы қажет:
Гемоглобин мөлшері, ЭТЖ, эритроциттердің осмостық резистенттілігін анықтау.
Қанның түсті көрсеткішін есептеу.
Сали гемометрінің, Панченков аспабының суретін салу.
Эритроциттердің максимальдық және минимальдық резистентілігін анықтау және тәжірибеде алынған мәліметтерін жазу.
VI. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Гемоглобин, оның химиялық құрамы, маңызы.
1 л. қандағы гемоглобиннің мөлшері, жас ерекшеліктері.
3. Гемоглобиннің газдармен қосылыстары.
4. Гемоглобин түрлері.
5. Гемоглобиннің мөлшерін анықтау.
6. Қанның түсті көрсеткіші деген не, ол қалай есептеледі? ҚТК әдетте қанша?
7. Гемолиз, оның түрлері.
8. Қандай ерітінділер изо-, гипо- және гипертониялық деп аталады?
9. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі, анықтау әдісі.
10. Еркек пен әйел ЭТЖ мөлшері.
11. ЭТЖ неге байланысты (оның механизмі)?
12. Жаңа туған нәрестенің ЭТЖ мөлшері.
13. ЭТЖ анықтау әдісі.
V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
1-жұмыс. Гемоглобин мөлшерін анықтау
Гемоглобин – құрамы жағынан күрделі белок, хромопротеид. Эритроциттің құрғақ қалдығының 90% – гемоглобин. Адам қанының әрбір литрінде шамамен 140 г гемоглобин болады: әйелде – 120-140 г, еркекте – 130-150 г/л. Жаңа туған нәрестеде гемоглобин мөлшері 180-230 г/л, нәресте өскен сайын ол біртіндеп азаяды да, туғаннан кейін 14 күн өтісімен 135-185 г/л болады. Гемоглобин мөлшері колориметрлік арнайы әдіспен - Сали гемометрімен /өлшеуішімен/ анықталады.
Сали гемометрінің құрылысы: артқы қабырғасы ақ сүт түсті шынымен қапталған қара штатив. Штативте 3 пробирка болады. Ортасындағы қан зерттеуге арналған пробирканың өлшеуіш сызықшалары бар, ал шеттегі ауыздары балқытылып бекітілген 2 пробирканың ішінде стандарттық ерітінді - ашық қоңыр түсті гематин ерітіндісі болады. Гемометр 0,02 миллилитрлік капилляр пипеткамен жабдықталған.
Стандартты ерітінді дайындау үшін 0,2 мл 0,1N HCІ- на құрамында 166,7 г гемоглобині бар 0,02 мл қан қосылады. Содан соң үстіне дистилденген су құйып ерітінді көлемін 2 мл-ге жеткізеді. Бұл – гемоглобин мөлшері /Сали бойынша/ 100% тең.
Жұмысты орындау: Ортаңғы пробирканың төменгі белгісіне 0,1N НCl ерітіндісін құяды. Бұл белгісі ерітіндісінің 0,2 мл-не тең. Тесілген саусақтан капиллярмен 0,02 мл қан сорып алады да саусақ ұшына мақта басады. Алынған қанды тұз қышқылының бетіне тигізбей пробирканың түбіне құяды. Пробиркадан пипетканың ішін үстіңгі тұз қышқылымен шаяды. Пробирканың түбін саусақпен шертіп-шертіп жіберіп, сұйықты араластырады да 3-5 минут бойы штативте қалдырады (осы уақыт ішінде гемоглобин тұз қышқылды гематинге айналады да, сұйық қоңыр түске боялады). Осы қоңыр түс стандарт ерітіндінің түсіне сәйкес келгенше жоғарыда аталған сұйықты пипеткамен дистилденген су тамыза отырып сұйылтады. Ерітіндіні әрбір су тамшысын тамызған сайын шыны таяқшамен араластырып отыру керек. Осылайша алынған ерітіндінің өлшеуіш сызығы гемоглобиннің грамм-процент мөлшеріне сәйкес келеді. Мысалы, ерітінді 14 деген сызыққа гемоглобиннің абсолюттік мәні 140 г/л тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |