Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. Тері температурасын электротермометр мен медициналық термометрмен өлшеу



бет71/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

3-жұмыс. Тері температурасын электротермометр мен медициналық термометрмен өлшеу


Жұмыстың мақсаты: Сынап және электротермометр әдісімен тері температурасын өлшеумен танысу.
Қажетті заттар: медициналық термометр, жоғары сезімтал электротермометр, тоқ көзі (батарейкалар), электротермометр қабылдағышы.
Жұмысты орындау: Тері температурасы дененің әр жерінде әр түрлі. Өте сезімтал электротермометрмен өлшеп, температура терінің қай жерінде қанша екенін білуге, яғни температуралық топография жасауға болады. Электротермометр тоқ өткізетін қабылдағыштан (термистордан), өлшеуіш бағаннан (микроамперметрмен градусына бөлінген өлшеуіш сызық – шкаласымен), тоқ көзінен (батарейкадан) тұрады.





Сурет 2. А.Д. Слоним бойынша дене бетінің әр түрлі бөлімдерінің температурасы (Т° С).

Температура өлшеу термистордың жартылай өткізгіштік (полупроводник) қасиеті мен терінің кедергілерін салыстыруға негізделген.


Температура төмендесе кедергі күші көбейеді де, температура жоғарласа, керісінше азаяды. Электротермометрмен сондай-ақ ішкі ағзалар мен қуыс ағзалар температурасын да өлшеуге болады. Зерттелетін ағзаға қарай әр түрлі қабылдағыштар пайдаланылады. Тері қабылдағыштарын саусаққа, алақанға, шынтаққа, қол сыртына тигізіп, олардың температурасы әр түрлі екенін байқау қиын емес.

Сурет 3. Тәулік ішінде адам тік ішегінің температурасының ауытқылары.


4-жұмыс. Дене температурасын бірқалыпты ұстауда қан айналымының маңызы


Жұмыстың мақсаты: Дене температурасын бір қалыпты ұстауда қан айналымының маңызы зор. Қан арқылы белгілі бір мүшенің (ағзаның) қызуы күштірек болса, басы артық қызу екінші мүшеге (ағзаға) ауысып оны жылытады.
Қажетті заттар: электротермометр, сфигмоманометр. Зерттеу адамға жасалады.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адам қол еті босаған қолын үстелдің үстіне қояды. Оның иығына сфигмоманометрдің манжеткасын кигізеді. Бір саусағының ұшына электротермометр қабылдағышын тигізіп, сол араның қалыпты температурасы өлшенеді. Содан кейін манжеткаға ауа толтырып ішіндегі қысымды 180-200 мм-ге (сынап бағанасымен) жеткізеді. Мұндай қысымда білек тамырлары қысылып білезік пен саусақ қан айналысы бұзылады. Тәжірибе кезінде сфигмоманометр манжеткасындағы қысымды сақтауға назар аудару керек. 5-10 минут бойы (әрбір минуттен кейін) электротермометрмен қол сыртының, саусақ ұшының білезік температурасы өлшенеді. Содан кейін манжеткадағы ауаны сыртқа шығарып жіберсе, қол сыртында, білезікте және саусақтарда қан айналысы қалпына келеді. Саусақ ұшы, қол сырты, білезік температурасын өлшеуді, одан әрі жалғастырып сол жерлерде температураның қалпына келген уақытын жазып қояды.
Тәжірибенің ұзақтығын 30 минуттан асырмау керек.
Жұмыс нәтижесі және оны жазып алу:
Алынған мәліметтер кестеге жазылады.



Тәжірибе жағдайы

Терінің температурасы




саусақта

білезікте

қол сыртында

1. Қалыпты жағдайда
2. Қан айналысы тоқтаған соң
1 минуттан кейін
2 минуттан кейін
10 минуттан кейін
3. Қан айналысы қалпына келген соң
1 минуттан кейін
2 минуттан кейін
10 минуттан кейін














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет