Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет77/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102
8. Талдағыштар физиологиясы


I.Тақырып: Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және тері талдағыштары


II. Оқу сағаты – жоспар бойынша.


ІІІ. Тақырыптың маңыздылығы: Талдағыштар (сезім жүйесі) сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін қабылдап, талдап және оларға адекватты (тиісті, сәйкес) жауап берумен бірге организмнің бейімделуін қамтамасыз етеді. Ақпараттардың 90%-ы көру талдағышы арқылы келіп түсетінін ескерсек, осының өзі де көру талдағышының организм тіршілігін сақтауда маңыздылығының көрсеткіші бола алады. Организмді сыртқы ортадан бөліп тұратын терінің де өте кең рефлексогендік аймақ ретінде көптеген функцияларды реттеуге қатысатыны белгілі. Бұл ақпараттар аурудың түрін анықтап, диагноз қоюмен қатар, дәрігерлерге емдеу жолдарын көрсетіп, емдеуді жеңілдетеді.


IV. Сабақтың мақсаты:


Студент білуі қажет:
1. И.П.Павлов бойынша талдағыштардың анықтамасы. Талдағыштардың жалпы қасиеттері.
2. Көру және тері талдағыштары бөлімдерінің сипаттамалары.
3. Көздің көру аймағын анықтау.
4. Көз аккомодациясының механизмі, сфералық аберрация, бинокулярлық көру.
5. Түсті сезуді түсіндіретін теориялар.
6. Сезу өткірлігінің (дәрежесінің) көрсеткіші ретінде жанасу сезімталдығының табалдырығы туралы түсінік.


Студент орындауы қажет:
1. Көздің көру аймағын анықтау және түрлі түстерді көру аймағын стандарттық бланкларға тіркеу.
2. Көздің өткірлігін анықтау.
3. Аккомодация мөлшерін анықтау, қалыпты жағдаймен салыстыру.
4. Көз торлы қабығында соқыр дақтың барын анықтау, көз алмасына кіретін сәулелердің жолын көрсету.
5. Сфералық аберрацияның барын дәлелдеу, көз алмасына кіретін сәулелердің жолын көрсету.
6. Бинокулярлық (екі көзбен) көруді дәлелдеу тәжірибесі.
7. Рабкин кестесі арқылы түрлі түстерді қабылдауды зерттеу.
8. Тері рецепторларының температуралық әсерлерге бейімделуін (адаптациясын) және қарама-қарсы температуралар әсерін (контрастық сезімді) қабылдау ерекшеліктерін көрсететін тәжірибелер.
9. Жанасу (тактильдік) сезімнің табалдырығын анықтау, дененің әр жерінен анықталған жанасу шегін салыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет