Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістері мен аннотациясы
1-жұмыс. Электороэнцефалография (ми биотогын жазып алу)
Электроэнцефалография – ми сыңарлары қыртысының биопотенциалдарын тіркеу әдісі. Электроэнцефалограф қабылдағыш, күшейткіш және тіркеу жүйелерінен тұрады. Адамның ми биотоктарын биполярлық және монополярлық екі түрлі амалмен тіркеуге болады.
Биполярлық әдіс қолданылса, электродтар адамның басына бекітіледі, олар өздерінің астындағы ми бөлімдерінің арасында пайда болатын потенциалдар тербелісін қабылдап жазып алатын жүйелерге жібереді. Монополярлық әдіс бойынша активті электродты бас терісіне қояды да, пассивті электродты құлақ сырғалығына бекітеді. Сөйтіп, осы мезгілде активті электродтың астындағы потенциал тербелісі тіркеледі. Жануарлардың (ит, мысық, қоянның) электроэцефалограммасын жазу үшін ине электродтар пайдалыналады.
Ми потенциалы өте төмен (5-100 мкв) екендігі белгілі, сондықтан электроэнцефалографқа қатты күшейткіш қондырылған.
Электроэнцефалограммадағы потенциал тербелістерінің жиілігімен амплитудасына қарай альфа-, бета-, тета-, дельта- ырғақтарын ажыратады.
Альфа-ырғақ – жиілігі секундына 8-13 Гц, ал амлитудасы 50 мкв. Бұл потенциалдық ырғақты тербелісті дене тыныштық күйде болған сәтте, әрі басқа сыртқы тітіркендіргіштердің әсері болмаған уақытта жазады.
Бета-ырғақ - тербелісі секундына 13 Гц асса, амплитудасы 25 мкв-ке дейін жетеді. Бұл жарықтың, ойдың әсерінен, сезім әрекетіне бой алдырушылықтан туады.
Тета–ырғақ секундына 4-8 Гц, амплитудасы 100-150 мкв потенциалдар тербелісі. Бұл ұйқы кезінде патологиялық күйлерде (гипоксия, орташа терең наркозда) байқалады.
Дельта-ырғақ - жиілігі секундына 0,5-3,5 Гц, амплитудасы 300 мкв потенциалдардың баяу тербелісі. Қатты ұйқы, терең наркоз, гипоксия, сондай-ақ ми қыртысында болатын ауру-сырқат кездерінде тіркеледі.
Жұмысты орындау:Ми биотоктары объектілерді сыртқы электр өрісімен магнит өрісінен қорғайтын арнайы экрандалған камерада тіркеледі. Зерттейтін адамды кушетка үстіне жатқызады да, оның басына электродтар қояды. Ол үшін алдын–ала бас терісі аймақтарын спирт-эфир қоспасымен ысқылап, сүртеді де, сол аймақтарды майдан тазартады.
Электродтар қою схемасы әртүрлі болуы мүмкін. Электродтар экрандалған шланг арқылы таратқыш қалқанмен жалғастырылады. Аспап тұтқасын айналдыра отырып, электродтарды күшейткішке қосады. Тіркелетін ток жиілігі 2-75 Гц шамасында болуы шарт.
Тіркеуші жүйелерді іске қосып, қаламның ауытқу амплитудасына қарай қажет күшті табады.
Бұдан кейін арнайы механизмнің көмегімен калибрлік протенциалды жазып алады. Одан әрі биотоктар жазылады.
Алдын-ала әдеттегі электроэнцефалограмманы жазып алу үшін адам екі көзін жұмып тыныш күйде отырады. Сонда ғана альфа ырғағын тіркеуге мүмкіндік туады.
Жарық немесе дыбыс ишара белгілері қосылса, альфа толқыны бета толқынымен алмастырылғанын аңғаруға болады.
Электроэнцефалограмма кесіндісін дәптер бетіне жапсырып, оған талдау жасау керек.