62
көрсеткіштердің айырмашылығы Тернер бойынша бір градустан аспауы тиіс.
Қымызды титрлеуге 9,5 мл. 0,1 н. Күйдіргіш натрий жұмсалады. Бұл
жағдайда қышқылдық 9,5 х 10, яғни 95 Тернер градус болады.
Пикнометрдің көмегімен қымызды қайнатудан алынған ерітіндінің
салыстырмалы салмағын анықтайды да, ондағы спирт, су мөлшерін есептеп
шығарады. Ол үшін пикнометрді әуелі сілтінің спирт қосылған әлсіз
ерітіндісімен, содан соң сумен, хром қоспасымен, содан соң екінші рет сумен,
мұқият жуады, содан кейін барып 100-105 градуста кептіреді де, эксикаторда
салқындатып, аналиттік таразыға салып өлшейді.
Қайнатуға арналған колбаға техно-химиялық таразымен дәлдігін 0,1
грамға дейін жеткізіп, 100 грамм қымыз өлшеп құяды, оның үстіне 1 грамм
күйдіргіш натрий қосады да, бірнеше қылдай шыны түтікшелер салып,
колбаны тығынмен жауып, тоңазытқышпен қосады. Тоңазытқыштың астына
100 мл. қабылдайтын колба қояды.
Бір қалыппен, қатты қыздырмай өлшеуіш колбаның ішінде оның
көлемінің 2\3 бөлігіне жететіндей дистилятта жиналғанша жайлап
қайнатады.Айдап болған соң, қайнатылған қымыздың үстіне белгісіне
жеткенше
су қосады да, мұқият араластырады.
Алдын ала өлшеніп белгіленген пикнометрге пипеткамен қабылдайтын
колбадан белгіден аздап асқанша дистелята қосады. Содан соң пикнометрді
температурасы 20 градус суы бар стақанға суды деңгейі пикнометрдегі
дистеляттың деңгейіндей болатын етіп салып қояды. 40 минут өткен соң сүзгі
қағаздың көмегімен дистелятты менискісін пикнометрде дәл белгіге келтіріп
қояды. Содан соң оны тығындап стақаннан алып сүртеді және өлшейді.
Қайнатылған ерітіндісі бар тығынды пикнометр мен тығынсыз бос
пикнометрдің салмағының арасындағы айырмашылыққа қарап, қайнатылған
ерітіндінің салмағын анықтайды. Судың салмағы да осындай тәсіл арқылы
анықталады. Алынған нәтиженің барлығы формулаға қойылып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: