Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты. Табиғатты қорғау



бет6/27
Дата09.01.2023
өлшемі127,49 Kb.
#60713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Тақырыбы: Бақылау және эксперимент әдістерін жүргізу.
1.Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылау — мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа деген материалистік көзқарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.Бақылау кезінде ойлауды белсендірек ететін методикалық бағалы әдіс — теңеу болып табылады, ол — айырмашылығына немесе ұқсастығына қарай заттар мен құбылыстардың ерекшелік сипаттарын салыстыру. Табиғаттағы заттарды салыстырған кезде балалар айырмашылық белгілерді оңай табады. Айырмашылығына қарай салыстыру топтардың барлығында өткізіледі. Ұқсастығына қарай салыстыру әдетте балаларды қиналтады, өйткені олар ұқсас заттардың айтарлықтай қасиеттерін өз беттерінше ажырата алмайды. Бұл әдіс ересек және мектепке даярлық топтарындағы бақылаулар кезінде колданылуы мүмкін. Бұл топтардың балалары объектілерді салыстыра отырып, тәрбиешінің көмегімен ұқсас заттар мен құбылыстардың айтарлықтай қасиеттерін ажыратады, оларды топтастыратын және қарапайым ұйымдарды тудыратын материал алады.Бақылауларды сабақтарда, экскурсияларда, күнделікті серуендерде, жер учаскесіндегі жұмыстар кезінде, табиғат мүйісінде өткізуге болады
2.Сабақтардағы бақылаулар. Табиғи объектілермен сабақтар өткізген балаларды өсімдіктер мен жануарлардың бөліктерін жақсылап көріп, дұрыс атауға үйретеді. Кейбір сабақтарда балалар жануарлардың қалай қоректенетінін, калай қозғалатынын бақылайды. Тәрбиеші балаларды жануарлардың коректенуі, қозғалуы — олардың дене мүшелерінің құрылысымен байланысты деген қорытындыға келтіреді, мысалы: «Кролик, көк шегіртке, бақа секіреді, себебі олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ», «Құстарда (көбелектерде, инеліктерде) қанат бар, олар сол арқылы ұшады», «Мысық білдірмей жүреді, өйткені оның табандары мамықтай жұмсақ, жүрген кезде тырнақтарын соның ішіне тартып алады».Бөбектік жас топтарындағы екі жасқа қараған балалар сабақтарда мысықтың баласын, күшікті, тауық балапанын, тордағы құстың балапанын, шылапшындағы суда жүзіп жүрген балықты, жазда — б а қ а н ы, қоңызды бақылай алады. Сәбилер топтарындағы сабақтарда бақылаулар ұзақ болмауы тиіс. Зерттеп отырған объектіні балаларға жақындату, олардың ба-кылауларын әрекеттерімен және қуанышты көңіл күйлерімен байланыстыру өте маңызды. Тәрбиешінің сабақтардағы негізгі әдісі — заттарды балаларға жақындататын түсініктерді көрсету («Балық Анарға карай жүзді, ал енді Алиға» және т. б.) Бұл, кішкене балалардың бақылауларға деген ынта-ықыласын арттырады. Сондай-ақ балыктарды аквариумнан шылапшынға, ал содан кейін, қайтадан аквариумға жіберудің де маңызы бар.
Ойындық әдіс — балықтың қимылдарына қолдарьшен еліктеу — балаларды оны тағы да бақылап көруге мәжбур етеді. Қабылданған қимылдардын, елесі оны санада бекітуге мүмкіндік береді. Осындай әдістерді пайдалана отырып, сабақтарда балалармен қ ұ с т ы, бақ а н ы бақылауға болады.
Табиғат мүйісіндегі жануарларды көрсете отырып, тәрбиеші балалар назарын соған аударады. Әдетте, балықпен танысқан сабақтан кейін, балалардың аздаған тобы аквариумға келеді, оның тұрғындарын бақылайды және осы кезге дейін байқамаған нәрселерін байқап алады.
Сабақта тәрбиешінің зейінін салыстыруға бағытталған сұрақт а р ы сияқты әдіс пайдаланылған (алдыңғы және арткы аяқтарының ұзындық айырмасы). «Қоян неге секіреді, неге ол жүрмейді?»— деп сұрақ қойып, тәрбиеші балаларды «Қояы» секіреді, өйткені оның артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзын» деген қорытындыға келтіреді.
Сабақтар балалардың табиғат бұрышындағыларды бұдан былай өз бетімен бақылауларымен байланыстырылады: олар кроликтің нені қызығып жейтінін анықтайды; Жануарлар мен өсімдіктердің ортаға бейімдедуін түсіндіргенде: «Жаулары байқап калмауы үшін, балык, судың түсіндей түске боялған», «Қоян көрінгісі келмегендіктен сұр болған», «Құстарда ұшу үшін канаттар бар» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болмайды, кең таралған осындай қателерді тәрбиешілердің ескеріп отырғаны жөн. Мұндай түсінік биологияның организм мен ортаның бірлігі жө-ніндегі негізгі заңын ғылыми түсінуге қайшы келеді.
Сөйлемдер шамамен мынадай болып құрылуға тиіс: «Қоянның секіретін себебі, оның артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ»; «Қоянның жазда сұр болатын себебі, мұндай бояу оны шөптің арасына жасырады да, ол көрінбейді. Бұл —оны жауларынан сақтап қалады»; «Құстарда қанат бар, сондықтан олар ұша алады».
3.Экскурсиялардағы бақылау. Экскурсияларда балалар тәрбиешінің басқаруымен өсімдіктердің ерекшелігін, жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, олардың арасындағы кейбір байланыстарды анықтай алады. Осының бәрі мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы білімін кеңейтеді, «білуге құмарлығының артуына ықпал етеді, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуіне негіз болады.
Экскурсияда зерттелетін заттар мен құбылыстардың саны көп болмауға тиіс (сәбилер тобы үшін—1—2, естиярлар үшін — 2—3, ересектер үшін — 3—4). Экскурсияда балаларды бақылауға ұйымдастыру әрқашанда оңай емес. Олардың тек кейбіреулері ғана тәрбиешіні тыңдап, қалғандары жан-жаққа қарап тұрады.
Кішкене балалардың (2—4 жастағы) зейінін, жоғарыда көрсетіп өткеніміздей, оларға заттарды жақындату және олардың қабылдауын қуанышты сәттермен біріктіру арқылы аударуға болады. Сөйтіп, мысалы, тәрбиеші балаға қарап: «Тыңда, сен үшін құс қалай әндетіп тұр», дей алады. «Мен үшін ән салып тұр ма?»—деп, сол сәтте басқа балалар да сұрайды. «Жақсылап тыңдаңдар,— дейді тәрбиеші,— егер естісеңдер, демек, сендер үшін де ән салып тұр». Балалар құлақ қойып тыңдайды да, қуанышпен былай деп хабарлайды: «Мен үшін де ән салып тұр» (Тәрбиеші Е. П. Хромовских тәжірибесінен, Ленинград). «Бақаның қалай қарғып, шымшық торғайдың қалай секіретінін көрсетіңдерші»— деген секілді ойындық әдістерді де қолдануға болады. Бала қозғалысты көз алдына елестету үшін жануарларды бақылап қарауға тиіс.
Естияр және ересек топтарда балалардың зейінін аударудағы негізгі әдіс — тәрбиешінің бақыл а п ж ү р г е н о б ъ е к т і жөніндегі с ұ р а қ т а р ы. Балалардың жауаптарын тәрбиеші түсініктемелермен жалғастырып отырады. Сұрақтар мен түсініктемелерді жете ойланудың өте зор маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өте белсенділігін ескере отырып, көп сөзділіктен арылу керек. Балалардың тек тікелей қабылдайтындығы жөнінде ғана айтуға болады. Бақылауды ұйымдастыру кезінде тәрбиеші кейбір балалардың назарынын, тұрақсыздығын ескеруге тиіс және оларды өзіне жақын қойып, сұрақтарды соларға жиі қоюға тырысу керек.
Бақылау процесінде балаларда сұрақтар жиі болып отырады. Жауапты тек тікелей қабылдағандарға байланыстырып қана берген жөн. Мысалы, тәрбиеші тоқылдақты бақылау үшін, балаларды ағашқа алып барады. Олар бірден сұрақтар қояды: «Тоқылдақ не істеп жатыр? Ол ағашты бүлдіріп жатыр ма? Ол зиянды ма? Оның балалары кайда? Оның ұясы қайда?». Тәрбиеші: «Тоқылдақ өз тұмсығымен ағаштан қоңыздарды іздеп жүр және оларды жейді; қоңыздар ағаштың қабығын бүлдіреді, сондықтан тоқылдақ пайдалы құс»,— деп түсіндіреді. Содан кейін тоқылдақтың тұмсығы қандай, ағашты онымен қалай тоқылдатады, ағашқа құйрығын тіреп, құс қалай отырады, басының, кұйрығының және аркасының түсі қандатй екендігін көруді ұсынады. Тоқылдақтың ұясы және оның балапандары жөнінде келесіде айтып беруді міндетіне алады.
4.Серуендер кезіндегі бақылау. Серуендерде ауа райын, аспанды (бұлттардың қозғалысын, кемпірқосақты, күннің батуын және т. б.) өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді (жапырақтар мен гүлдердің шығуын, жапырақтардың түсуін, кұстардың келуі мен қайтуын) бақылауға болады. Бұл бақылаулар әдетте онша ұзақ болмайды, бірақ бір объектіні немесе табиғат құбылысын бірнеше рет бакылайды.
Бақылауды көркем сөзбен ұштастыру — ерекше анық, тұрақты образдардың пайда болуына ықпал етеді, сонымен қатар балалардың сөздік қорын байытады. Сондықтан бақылау кезінде жырларды, өлеңдерді, жұмбақтарды, мақалдарды жақсы пайдалану керек. Мысалы, ормандағы жеуге жарайтын саңырауқұлақты көрсете отырьш, тәрбиеші Е. Трутневаның өлеңінен үзінді оқиды:
Тікендерді жағалап,
Шыршалады паналап,
Бес тиындай тарбиып,
Томаршада тарбиып,
Саңырауқұлақ шығады,
Терек түбі тұрағы.
«Терек түп» деп айталық
Теріп алып қайталық.
Мектепке даярлық тобының балаларымен бақылау жүргізген кезде, мәселен: «Қарлығаштар төмен ұшса — жауын жауады» деген сияқты табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды 6—7 жастағы балалардың түсінуіне қолайлы етіп көрсететін халықтық ырымдарды да пайдаланған пайдалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет