Жетісу облысында туризм саласын дамыту бойынша анықтама


,9 млрд теңгені құрайды. Жобаның басталуы 2024 жылы жоспарланған. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырғаннан кейін жобаланатын аумақта 45 000



бет3/4
Дата24.11.2023
өлшемі21,84 Kb.
#125545
1   2   3   4
4,9 млрд теңгені құрайды. Жобаның басталуы 2024 жылы жоспарланған.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырғаннан кейін жобаланатын аумақта 45 000 төсек-орын нөмірлі қоры бар орналастыру орындарын салу және одан 30 млрд.теңге инвестициялар тарту жоспарлануда.
Проблемалық мәселелер
1. Балқаш көлінің жағалауында «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының ұзындығы 58,2 км инженерлік-коммуникациялық желілерін салу. Жоба құны – 4 824,7 млн.теңге.
ЖСҚ әзірленді. Мәслихат отырысында жаңа сметаны түзетуге
18 527,0 мың теңге сомасы бекітілді. Құрылыстың басталуы – 2024 жыл, құрылыстың аяқталуы – 2026 жыл.
2. Балқаш көлінің тартылуы.
Көл жағалауында ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланғандықтан, ҚР ЭТРМ Балқаш көлінің тартылуы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Туристік индустрияның ең қарқынды дамып келе жатқан және танымал секторы – экологиялық туризм. Келушілер саны жыл сайын 20% - ға артып келеді.
Облыстың экологиялық туризмін дамыту «Алтын – Емел» және «Жоңғар Алатау» мемлекеттік ұлттық парктерінің әлеуетіне негізделген.
«Алтын – Емел» ұлттық паркінің аумағында экологиялық туризмді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Бүгінде бақылау алаңдары, беседкалар, Кемпингтер, ақпараттық қалқандар, навигациялық көрсеткіштер, құрғақ санитариялық тораптар орнатылған.
2023 жылғы 29 маусымда мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында визит-орталықтың ашылуы өтті. Визит-орталығының негізгі міндеті – экологиялық туризм мәдениетін ілгерілету, туристерге ақпараттық қызмет көрсету.
Экологиялық туризмнің негізгі бағыттарының бірі – «Жоңғар Алатау» ұлттық паркі.
Негізгі көрікті жер – Жасылкөл көлі. Парк аумағында теңіз деңгейінен 4622 метр биіктіктегі Семенов – Тянь-Шань шыңы орналасқан.
Ұлттық парк аумағында 1,6 млрд.теңге тартумен 8 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның 6-сы аяқталды, 1-і 2024 жылы аяқталады, 1-і құрылыстың бастапқы сатысында.
Туризм саласын дамытудың тағы бір игерілмеген бағыты Жоңғар Алатауының тау жүйесі болып табылады.
Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары кезінде берген тапсырмасын орындау және экологиялық туризмді дамыту, Қора шатқалына көліктік қолжетімділікті жақсарту мақсатында Бұрхан-Бұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 94,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жобалық ұйым анықталды. Жобалау жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет