САМООЦЕНКАНЫ КӨТЕРУДІҢ
ЖОЛДАРЫ
Мысалы, қыз айтады:
-Маған құжаттарды реттестіруге қаланың шет жағына бару
керек, мен соған барамын.
-Мен сені апарып тастаймын.
-Ой, жоқ, керек емес, жұмысың бар ғой.
-Сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін.
-Мен үшін жұмысыңнан сұранбай-ақ қой.
Қыз неге бұлай деп жатқанын білесіз бе?Қыз өз-өзіне бағаны
төмен қылып қойды. Жігіт кешке жақын жолай апарып
тастаймын десе, онда қыз келіседі. Себебі, оның бағасы сол. Ал
егер жігіт "Мен сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін, сені
сол жаққа апарып тастаймын",- деп айтса, қыз бұл баға мен
үшін тым жоғары, тым қымбат деп ойлайды. Мен мұндайға
тұрмаймын дейді. Ешқашан жолды кеспеңіздер. Сол арқылы
сіздің самооценкаңыз жоғарылайды.
Бірінші ой - мен бұл нәрсені қабылдаймын. Мен бұған
тұрарлықпын. Маған бұл нәрсе керек. Мені бұл қуантады. Не
үшін мен жоқ деп айтуым керек?
Мысалы, енеңіз: -Мен саған келесі айлығымнан көйлек алып
беремін,- дейді. Ал сіз: -Жоқ, керек емес, мама, қойыңыз,-деп
айтасыз.
Әрине бұл бір жағынан тәрбие. Бірақ екінші жағынан сіз бұл
бағаны жоғары етіп қабылдауыңызда. Яғни сіздің ойыңыз сізге
айтады: «Бұл сен үшін тым жоғары, сенің дәрежең ондай
жоғары емес». Себебі, үнемі біз өзімізді бағаламай, өзімізден
аяп жүреміз. Аяу неден? Өзімізге деген қуаныштан,
еркелетуден.
Мысалы, күйеуіңіз торттың соңғы тілімін қалап тұр. Сіз де
оны қалап тұрсыз. Сіз өзіңізден аяйсыз да, күйеуіңізге бересіз.
Бұл керісінше болуы керек. Әрине, күйеуіңізге қамқор қолу,
оны жақсы көру өте дұрыс нәрсе. Бірақ күйеуіңізге оны
көрсетпеу керек. Сіз өзіңіз қалап тұрсаңыз да күйеуіңізге бере
салдыңыз. Егер бұны көрсететін болсаңыз, ол өзіңізге
қарағанда, мені қаттырақ жақсы көреді деп ойлайды. Әйелдің
басына шығып кету деген сияқты нәрселер осы кезден
басталады. Сіз
Некеге дейін...
148
күйеуіңізге беру үшін, өзіңізден бас тартасыз. Анда-санда
өзіңізді жақсы көретініңізді күйеуіңізге көрсету керек. Сіз
өзіңізге тортты да аласыз, көйлекті де аласыз. Егер күйеуіңіз
сізге балаға ойыншық алуға ақша берсе, сіз ойыншық сатып
аласыз, қалған ақшасына өзіңізге косметика алыңыз. Қалған
ақшаны қайтарып беру міндетті емес.
Маған қыздар айтады "Күйеуім өзіңе көйлек ал",- деп ақша
береді. Бірақ мен өзіме қимаймын. Одан да үйге керек зат
алайын. Ал көйлекті келесі жолы алайын, бәрібір ешқайда
шығып жатқан жоқпын ғой. Міне осындай нәрсені кейбір
қыздар айтады. Неге олай? Себебі самооценка, өзіңізді бағалау,
өзіңіздің бағаңыз төмен деген сөз. Осыны түзеу керек. Өзімізге
шешім қабылдаймыз.
Менің бағам бұл конфетка емес, менің бағам Merci. Менің
бағам арзан балмұздақ емес, менің бағам Mагнат. Мысалы,
кейбір қыздар айтады: -Күйеуім ұрмайды, ішпейді, осыған да
шүкір.
Бірақ ол жұмыс істемейді немесе боқтайды, қыздармен
сөйлеседі. Әйел өзінің бағасын белгілеп қойған. -Ең бастысы,
ұрмайды ғой, ішпейді ғой. Менің бағам осыншалықты, маған
осы ер адам тең,- деп бағасын шешіп қойған.
Ал кейбір әйелдер айтады: "Маған ұрмау, шекпеу, ішпеу бұл
қалыпты, еркек осындай болуы керек. Оның бағасы жоғары. Ер
адам жұмыс істеп, маған үй сатып алып беруі керек. Айына бір
рет маған сыйлық жасап тұруы керек. Менің бағам осыдан
төмен болмайды. Өз-өзін сыйлайтын әйел адам, қаншалықты
ер адамның қарым қатынасы бұл жететінін ойлайды.
Біз кейде самооценканы шүкіршілікпен шатастырамыз.
"Осыған да шүкір" деген сөзді қолданбайтын жерге
қолданамыз. Шүкір, Алла тағала бізге беріп жатқан нәрсеге
шүкір. Алла Тағаланың бізге берген денсаулығына шүкір, тірі
екенімізге, құлшылық жасап жатқанымызға шүкір. Бірақ ер
адамның іс-әрекеттері ер адамның таңдауында. Ер адамнан
талап ету керек. Оны аямау керек.
Некеге дейін...
149
Менің "Еркекті аямау керек" және "Әйел адамның қателіктері"
деген постым бар еді. Қарап шықсаңыздар болады. Осы постты
шығарғанда оқырмандар қырылды. Қыздар екі топқа бөлінді.
Бір тобында қыздар: -Сонда еркек кешке дейін жұмыс істеп,
бізді бағады, ал біз оны аямау керекпіз, ол қалай болғаны?
Әйел адам керісінше аяу керек, баптау керек,- деген сияқты
сөздер айтты. Ал екінші топ: -Дұрыс, еркекті аямау керек, одан
талап ету керек,- деген сияқты нәрселерді айтты.
Әр нәрсенің өз шегі және нормасы бар. Еркекті аяу керек деп,
толықтай өзіңіз ақша тауып, шеге қағып кететін болсаңыз, онда
бұл нормадан төмен. Немесе еркек күні-түні жұмыс істеп жүр.
Ал сіз оған тамақ жасағыңыз келмейді. Не үшін? Себебі, мен
еркекті аямаймын. Бұл нормадан тым жоғары кетіп қалған.
Еркек өз парызын істеу үшін, әйел өзіндік парызынан артық
басқа дүниені жасап қоймау керек және талапшыл болу керек.
Өзіңіздің бағаңызды нақты ұстап тұру керек. Мысалы, сіз
күйеуіңізге немесе жүріп жүрген жігітіңізге айттыңыз:
-Мен қазір саңырауқұлақпен пицца жегім келіп тұр,-деп оны
жібересіз.
Сосын күйеуіңіз немесе жігітіңіз барады да, саңырауқұлақпен
пицца емес (ол мүмкін қымбаттау болған шығар немесе
мүлдем болмаған шығар), басқасын әкеледі. Ол айтады:
-Маргарита бар екен, жаным, маргарита да дәмді ғой,- дейді.
Бағасы жоғары, өзіне нық сенімді, самооценкасы жоғары қыз
бала не деп айтады?
-Жаным, мен маргаританы онша ұнатпаймын. Мен
саңырауқұлақпен дедім ба, онда саңырауқұлақпен жегім
келеді. Маған ренжіме, өзің маргарита жей бер,-дейді да
жемей-ақ қояды.
Сонда еркек не ойлайды? Келесі жолы сіз саңырауқұлақпен
сұрасаңыз, ол соны әкеліп береді. Себебі, сіздің келісе
салмайтыныңызды біледі.
Ал бағасы төмен қыздар:
-Ештеңе етпейді, бола береді, тіпті, алмай-ақ қойсаң да болады,
магазиннен бургер ала саламыз,- деген сияқты сөздер айтып,
Некеге дейін...
150
өзінің бағасын төмендетіп тастайды. Сонда ер адам немесе
жігітіңіз не деп ойлайды? Келесі жолы сіз сұраған нәрсені
алмай-ақ қойса да болады. Сізден сұрамай-ақ қойса да болады.
Сіз кез-келген нәрсені жей бересіз. Себебі, самооценка төмен,
өзіңіздің бағаңызды төмендетіп тастадыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |