Байқаған шығарсыздар, әр топта, компанияда әдемі емес, бойы
кішкентай немесе толық ер адам болса да, өзіне сенімділігі
арқылы сексуально көрінеді және кез-келген адам соның
жанында болғысы келеді. Менің группамда ондай ер адамдар
көп болатын. Сабақты оқымайды, үнемі кешігіп келеді, бет
әлпеті де ондай бір әдемі деп айтпайсың. Бірақ оның өзіне
деген сенімділігі мол. Кез-келген адаммен кез-келген жағдайда
ойын ашық жеткізеді. Бір мәселе туындап қалса, ең бірінші сол
адамға барып, мәселеңді айтып, одан кеңес сұрағың келіп
тұрады. Ондай адамның жанында өзіңізді ерекше сезініп
қаласыз. Адам өзіне сенімді болса, өзінің статусын
компанияда, топта өзгерте алады екен.
Өзіне сенімсіз ер адам тіпті сізді ұнатып тұрса да, алғашқы
қадам жасауға тырыспайды. Оны бірнәрсе ұстап тұрады, оның
ойы бойынша сіз бас тартасыз немесе алғашқы қадам жасайды,
бірақ сенімсіз болып тұрады. Сіз бір рет бас тартқаннан кейін
сізге екінші рет қайтып келмейді. Мен айтамын ғой, қоян мен
қасқыр болу керек деп. Сіз қоян болып өз позицияңызды
күшті ұстанып бастайсыз, бірақ ер адам ол позицияны "мені
ұнатпай қалды, мені жақтырмай қалды",- деп қабылдайды.
Сіздің бағаңыз жоғары деп ойлаудың орнына "мына әйел
өзінше, тәкаппар екен, мені жақтырмайды, қырсығып қалған",-
деп қабылдап, артыңыздан жүгіргісі келмей қалады. Яғни
мүмкіндікті қолданбайды. Әрі қарай жалғастырудың орнына,
дәл сол қиындықтан қашып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: