Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет51/56
Дата30.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#53838
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙҒА
НЕГЕ ҚАРАУ КЕРЕК?


Ал қазіргі қыздар, әйелдер өте ақылды және мен бұны дұрыс
нәрсе деп есептеймін. Ақылды болу керек. Құр сөзге, құр
әңгімеге сенуге болмайды.
Ер адамның жағдайына қанша жаста қарау керек?
Потенциалына қарау керек пе? 
19-20 жастағы жігітке: -Неге машинаң жоқ, неге үйің жоқ?- деп
айта алмаймыз ғой. Себебі ол өмірге енді ғана қадам басып
келе жатыр. Алда әлі оқуы бар, бітіруі бар, жұмысқа орналасуы
бар. Бірақ осы жерде бірнәрсені қарап кету керек. Ер адам
мектеп бітіргеннен шамамен 25 жасқа дейін студент қатарында
жүреді. Бірақ сол қатарда жүргеннің өзінде ол ата-анасынан 18
жасқа толса болды, ақша алмауы керек деп есептеймін. Бұл
менің өмірлік принципіме айналды. Қандай да бір
потенциалды күйеу бола алатын нұсқаны қарастырып
жатсаңыз да, міндетті түрде сізде бір ереже тұру керек. Ол
қандай ереже? 18 жастан бастап, өз күнін өзі көре алуы. Бұл не
деген мағынаны білдіреді? Бұл ер адамның өзі үшін
жауапкершілікті алуы. Егер ол сол жастан бастап өзіне
жауапкершілікті алатын болса, өзіне жауап бере алса, демек
біраз жыл өткеннен кейін өзінің қасына келетін әйеліне де,
болашақта туылатын балаларға да жауап бере алады деген сөз.
Менімен келісесіз бе? Қазіргі жігітіңіз жұмыс істеп жүрсе де
ата-анасынан ақша алса немесе жап-жас 20 жастағы студент
"менде оқу бар ғой",- деп сылтауратып, ақшаны анасынан алса
немесе құр шәкіртақыға қарап отырса, онда ойланатын жайт.
Ойланып қарап отырсам, менің группаластарымның
ешқайсысы ата-анасынан ақша алмапты. Барлығының жұмысы
болды. Оқуға үлгеріп жатты, бірақ бірінші кезекте олардың
ойларында "ата-анама тәуелді болып қалмау" деген ой тұрды.
Олар оқып жүріп, ақшасын қарындасына, бауырына, үйдегі
кішкентайларына жіберуге тырысатын. Ер адам былай тұрсын,
менің құрбыларым үшінші курста даяшы болып жұмыс істеп
жүріп, ақша тауып, ата-анасына тәуелді болмауға тырысатын.
Некеге дейін... 
168


Бұл дегеніміз өзі үшін жауап бере алатын және
жауапкершілікті алатын адам деген сөз. Менің принципіп дәл
осындай болды. Мектеп кезінен бастап мен осы нәрсені
ойлаймын. Сіздерге де осы жайлы ойлану керек.
Егер қазір сөйлесіп жүрген жігітіңіз болса немесе танысып
жатсаңыз, дәл осы мәселені байқаңыз. Жігіт 26 жастан асты
дейік. 25-26 және әрі қарай жастар қосыла берген кезде, ер
адамның қандай нәтижеге жеткеніне қарау керек. Себебі, ер
адам тіпті 40 жасқа келіп айтуы мүмкін: -Мен бизнес бастайын
деп жатырмын, осындай жоспарым бар, ертең бәрін шашып
тастаймын, ақша деген көп болады,- деп, құр сөзбен алдап
жүруі мүмкін. Ал негізінде оның ешқандай жылжуы жоқ.
Бүгінгі күніндегі тауып жатқан тамағына шүкір деп, сонымен
шектеліп отыр. Маған ол ұнамайды.
27 жасқа толған жігіттің міндетті түрде, ең болмағанда, ескі
болса да көлігі болуы керек. Қаланың ішінде жүретін, ауылдан
ауылға баратын деген сияқты. Себебі оның 27 жаста әлі отбасы
жоқ, баласы жоқ, бар-жоғы өзіне ғана жауап беріп жатыр. Өз
басын ғана алып жүр. Ертең сол жаста сізді әйел қылып алуы
мүмкін. Екеуіңіз үйленесіздер, сол кезде жалғыз болған кезде
ештеңеге жетпеген адамның мойнына әйелі, баласы, анасы,
әкесі, арасында туыстары бар, міне, солар мойнына артылған
кезде қолынан бірдеңе келіп, керемет нәтижеге жетеді деп
ойлайсыз ба? 
30-ға келіп қалған жігіттен мен кемінде тұрақты жұмысты
күтемін. Қайта-қайта ауыса бермейтін, бірде анда, бірде мұнда
жүріп ақша тауып жүргенді мен құптамаймын. Ол
тұрақсыздық. Тұрақтылық міндетті түрде болуы керек.
Некеге дейін... 
169


"Материнский инстинкт" жайлы айтып кетейін. Ол әр қыз
балада кішкентай кезінен бастап бойында сіңірілген және өмір
бойы өзімен бірге болып кететін инстинкт. Ол ер адаммен
сөйлесіп жүрген кезде көз алдында екі жігіт тұрса, тіпті егер
кедей жігітті жақсы көріп тұрса да оған кішкене материалдық
жағдайы дұрыс, жұмысы тұрақты, кішкене бизнесі бар жігіт
сөз салып тұрса әйел адам ойланады. Көбісі айтады: -Егер сен
жігітті жақсы көріп тұрсаң, сен ойланбас едің. Сен бірден
кедейді таңдайтын едің. Ақшасы бар адамға мүлдем қарамас
едің,- деп, қыз баланы кінәлай бастайды. Бұл жағдай сенің
басына түспегенше сен түсінбейсің. Сенің алдыңда: -Жақсы
көремін кедей жігітті, бірақ ертеңгі күніміз қандай болады?-
деген қорқыныш тұр.
Ал екінші жағында ақша мәселесі тұр. "Ертең мен баламды
мектепке бере аламын, балабақшаға бере аламын, курстарға
жазылады, ертең балам не ішем, не жеймін демейді, қосымша
жұмыс істеп, баламды қиналып өсірмеймін. Құдай сақтасын,
бір жағдай болып қалатын болса, артымда тым болмаса бір
нәрсе қалады",- деген сияқты мүмкіншіліктерді алдын ала
ойлап отырады. Тіпті сөзбен, тілмен жігітке айтпаса да бұл
оның ойының дәрежесі. Инстинкт деген сол нәрсе.
Өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ. Егер сізге ақшасы бар жігіт
қаттырақ ұнап тұрса, жағдайы жоқ ер адам ұнамай тұрса, бұл
нәрсенің жамандығы жоқ.
Ер адамның жағдайына қарау дұрыс. Не үшін? Себебі, ер
адам жағдайын өзі дұрыстай алса, ол автоматты түрде біздің
көз алдымызда авторитеті өседі. Автоматты түрде біздің көз
алдымызда құрметті, сыйлы, жауапкершілігі мол ер адам
болып көрінеді. 
Ер адамдар да әйел адамдарды солай кінәлайды. Олар да әйел
адамды дәл солай таңдай алады. Мысалы, ауылда ешнәрсеге
қол жеткізбеген, оқымаған қыз бала тұрса немесе карьера
Некеге дейін... 
170


қуған, өз көлігін сатып алған, өзінің үйі бар әйел адам тұратын
болса, ер адам кімді таңдайды деп ойлайсыз? Кімге бірінші
көзі түседі? Әрине, карьера қуған, өз-өзіне жауап бере алатын,
сенімді әйел адамға қарайды. Біз де: -Ер адамдардың барлығы
түрге ғана қарайды, дене бітімге ғана қарайды,- деп айта
аламыз. Ол расында да солай. Ер адам, ең біріншіден, әйелдің
дене бітіміне және бет әлпетіне қарайды екен. Бұл рас нәрсе.
Себебі әйел адамның бойында да бұл нәрсе бар.
Осы тақырыпты қозғағаннан кейін сұлулыққа, еркектің
түріне қарау керек пе, бұл маңызды нәрсе ме? 
Кез-келген адам өзінің жанындағы сүйіктісі сұлу болғанын
қалайды. Бір жағынан бұл да инстинкт. Ертеңгі сіздің
ұрпағыңыз сұлу болады. Іштей сіздің күйеуіңіз әдемі болса
балаларымыз екеуміздің сұлулығымызды алып әдемі болады
деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ менің ойымша, егер жігіт
жағдайы жақсы, сіздің асты-үстіңізге түсетін болса,
потенциальды күйеу ретінде барлық шарттарыңызға келіп
тұрса, түріне қараудың керегі жоқ. Себебі, сіздің түріңіз
орнында тұрған жоқ. Жылдар бойы ол өзгереді. Ер адамның
түрі де өзгере бастайды. Бірақ қарым-қатынас ер адамның бет
әлпетіне қарағанда 4-5 есе маңыздырақ келеді. Арман
Қуанышбаевтың уағызында ер адам маймылдан сәл әдемірек
болса жетеді деп айтып еді. Мен соған келісемін. Ер адамның
қатты әдемі болуы керегі жоқ. Өзіңізге сұлу болғаны
жағымды, әрине. Бірақ тіпті әдемі емес күйеуіңіз болса да оған
көзіңіз үйреніп кетеді, сізге бәрібір болады. Ең бастысы
қарым-қатынасы дұрыс болса болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет