Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы



бет323/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   354
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы

Өткен жылғы Елбасы сайлауы экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскен елімізде орныққан ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа негізделген саясатты барша қазақстандықтардың жаппай қолдайтындығын айқын дәлелдеді. 4 желтоқсанда біздің халқымыз өзінің болашағы үшін дауыс берді, бұл болашақтың формуласы өте қарапайым: тұрақтылық пен жаңарудан - өркендеуге. Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, біз тағы бір стратегиялық міндетті - таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойдық.Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған.Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Жаңа Үкімет үшін басымдықтар мен міндеттер мынадай.

І басымдық: Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді

Бірінші. Фискалдық саясат. Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек.

Екінші. Несие-ақша саясаты.Инфляциямен күрес - несие-ақша саясатының басты мақсаты. Біз өзіміздің шетелдегі әріптестеріміздің бұған дейін байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қамтамасыз етуге тиіспіз.

Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру. Мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты, қосылған құн дәрежесі жоғары салалардың озық дамуына жағдайлар туғызу керек.Әрбір кен орны тұрмыстық қызмет саласынан бастап ең осы заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың әлеуетті базасы ретінде қарастырылуы тиіс.Біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, Норвегияның үлгісі бойынша елді мұнай-сервистік кластерге айналдыруға тиіспіз.Мемлекет елде және шетелде біздің мұнай компанияларымыздың қызметін кеңейтуіне қолдау білдіруі тиіс.

Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру.Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді.Экономиканың салауатты жеке сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға, ал ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс.

Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау.Кәсіпкерлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту мен нығайтуға қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа, рынокқа бағынған тетіктерін ұсына отырып, мемлекет салық режімін индустриялық саясаттың көптеген құралдарының бірі ретінде ғана пайдалануға тиіс екенін ескерген жөн. Бәсекелестікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту үшін басымдыққа айналуы тиіс.

Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және "локомотив" рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағынан тұрлаулы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық үшін әкімшілік және нормативтік алғышарттар туғызуды көздеуі тиіс.Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бірнеше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар - өңірдің Әлеуметтік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы - өңірдің даму мүдделері тұрғысынан активтерді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвестициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты - өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты туғызу.

Жетінші. Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара ықпалдастықты дамыту. Қоғамда келісім-шарттық қатынастарды дамытудың және жеке меншік институтын нығайтудың маңыздылығы даусыз. Бірақ та олардың кері кетпеушілігі үшін қосымша заңнамалық, әкімшілік шаралар және даулар мен арбитраждық ресімдерді тәуелсіз қарау жүйесінің дамығаны керек.Экономикаға мемлекеттің қатысу тиімділігін біз мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінің өкілеттіктерін шектеуді және оңтайландыруды, мемлекеттің экономиканы бақылауын төмендетуді көздейтін әкімшілік реформалар есебінен арттыруға тиіспіз.

Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру.Біз өзімізге жұмыс істеп тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды "есептен шығару" мүмкіндігін бере алмаймыз. Бірақ та оларды "қағидат үшін" қаржыландыру да - ысырапқорлық.Әлеуетті түрде перспективалы кәсіпорындар жаңа бизнестерді дамыту үшін негіз болуы тиіс. Оларды қайта құрылымдау және "ширату" керек. Үкімет мұндай кәсіпорындарды дағдарыстық басқаруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға міндетті. Егер қажет болса, белгілі бір кәсіпорындарды сатып алып, оларды Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісінің басқаруына берудің орындылығын қарастыруға міндетті.Мұндай кәсіпорындардың негізінде рынокқа керекті жаңа индустриялар мен жаңа технологиялар дамуы тиіс. Ал өңірлік корпорациялар сараптамалар мен капитал тартуда, жаңа рыноктар игеру мен жаңа жобаларды іске асыруда жарысып көрсін. Бүкіл әлем осылай жұмыс істейді. Біз де солай жұмыс істеуге тиіспіз.



Тоғызыншы. Аумақтық даму. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңарудың "локомотивтері" болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті шоғырландыруға, заңнамалық, экономикалық және әкімшілік шаралар жүйесін қарастыруға тиіспіз.Дамыған өңірлік орталықтардың әлеуетін ортақ теңдестірілген өңірлік даму мен тоқыраған өңірлердің дәуірлеуіне пайдалану үшін бізге жаңа көші-қон саясаты керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет