Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты



бет1/7
Дата17.03.2023
өлшемі28,48 Kb.
#75277
  1   2   3   4   5   6   7

Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты
Еңбек қауіпсіздігі ұғымымен қызметкердің, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қорғалу жағдайы түсініледі.
Қауіпсіз еңбек жағдайларына жұмыс беруші жасаған, қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын немесе олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары жатады.
Бұл ретте өндірістік құрал- жабдықтардың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың ол тапсырылған функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасымен белгіленген жағдайларда орындаған кезде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.
Өндірістік үрдістің қауіпсіздігі- өндірістік үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген шарттарда еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі.
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы негізгі қағидалар:

  1. өндірістік қызметтің нәтижесіне қатысты қызметкерлер өмірі мен денсаулығының басымдылы;

  2. қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік фактордың зиянды әсерінің орны толмас зардабын болдырмау ;

  3. ішікі актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында бірегей талаптар қою;

  4. қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелерін өндірістік реттеу

  5. уәкілетті орган мен оның территориалды бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы үйлесімді іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;

  6. қауіпсіздік пен еңбеті қорғау жағдай туралы ақпараттың жариялғы, толықтығы және дұрыстығы;

  7. қызметкерлер өкілдерінің қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ведомстволық бағдарламалар қалыптастыруға, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормалары бар ішкі актілерді әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуге қатысуы.

«SEMSER SECURITY» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) еңбек қызметі үрдісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сонымен қатар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында саясаттың негізгі қағидаларын орнатуға бағытталған еңбекті қорғау саласындағы қатынастарды реттеу қазіргі уақыттың басты мәселесі.
Серіктестік өз дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес қызметкерлері үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын құруға тырысады, бұл жағдай компаниядан еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаңа қағидалы концептуалды қатынасты құру мен қолдануды талап етумен қатар алдыңғы қатар тәжірибесі мен аталған салада халықаралық тәжірибені ескере отырып құруы мен қолдануы да талап етіледі.
Осы Тұжырымдама жоғарыда аталған факторларды ескере отырып әзірленді және еңбекті қорғау тиімділігі мен Компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту және дамытудағы нақты мақсаттар мен келешегі бар бағыттарды қамтиды.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың заманауи даму тенденцияларын, сонымен қатар осы саладағы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ айқындаған басты бағыттарды ескереді.
Осы құжат Серіктестікте қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұдан арғы барлық ішкі стандарттарын жасақтау мен қабылдаудың негізгісі болуы керек.
Ол үшін қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға негізделген Серіктестіктің еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саладағы Саясаты шеңберінде бөлімшелерде аталған әлеуметтік-еңбек қатынастары саласын реттейтін нормативтік құқықтық база құрылды. Еңбекті қорғауды басқарудың деңгейі мен құрылымы анықталды. Осы салада ұйымдастырушылық және білім беру сызбалары белгіленіп, жүзеге асырылуда. Әр жұмыс орнында еңбек туралы заңнаманың сақталуына қажет бақылау жүргізіледі. Қаржыландыру жүргізіледі.
Сонымен бірге, әрекет ететін еңбек қорғауды басқару жүйесі бұдан әрі жетілдіруді талап етеді.
Азайту үрдісіне қарамастан, жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер арасындағы кәсіби сырқат саны бұрыңғыша айтарлықтай.
Әсіресе бұл жағдайда қызметкерлердің жарақаттануымен байланысты персоналмен көлікте орын алған оқиғалар ерекше қиын.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесін талдау әкімшілік, құқықтық, ұйымдастырушылық тәсілдермен қатар еңбекті қорғауды басқарудың экономикалық тетігін барынша белсенді қолдану қажеттілін көрсетеді.
Еңбекті қорғау еңбек үрдісі кезіндегі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі ретінде әлеуметтік – экономикалық жай-күйден бөлініп қарастырылмайды, себебі ол экономиканың, негізгі қорлардың, қоршаған ортаның қазіргі заманғы жай-күйімен, емдеу-сауықтыру қызметінің деңгейімен, қызметкерлердің жеке және ұжымдық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етумен, білім беру мен оқытудың сапасымен, ғылыми және ақпараттық шамасымен тығыз байланысты.
Осыған орай дамудың заманауи кезеңінде еңбек күзетінің барлық деңгейі саласында, ал ең бастысы өндірістегі жай- күйі мен еңбекті қорғаудың бейнесін беретін басты үдерістерді болжау әдісін құру мен енгізу бағытындағы шешімдердің экономикалық және алдын алу бағыттарын күшейту талап етіледі.
Қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқарылып, дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы көрініс алған басымды бағыттар арасында персоналдың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына, қызметкерлердің даярлық сапасының жақсаруына, олардың жұмыс атқаратын жерлерінде қажетті жағдайлардың жасалуына, материалдық -техникалық қорды нығайтуға, алдын алу шарасын арттырып, ал бөлімшелерде апаттықты және жарақаттануды болдырмауға басты назар аударылуы тиіс.
Еңбек қорғауды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру, оны бірін қалдырмай барлық қызметкерлермен қолданылуы үшін қол жетімді қылу,бизнесті жүргізудің заманауи ахуалына және Серіктестік дамуының жаңа қажеттіліктеріне бейімдеу, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормалар мен стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру негізінде маңызды.
2. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесінің мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттары
2.1 Басты мақсат- қызметкерлердің өмірін қорғауға, денсаулығын сақтауға, әр жұмыс орны мен жалпы Компания бойынша кәсіптік тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін енгізу арқылы олардың еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, Серіктестіктің тұрақты дамуы бөлігінде әлемдік компаниялар деңгейіне жету үшін қажетті ахуал мен алғышарттар жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет