«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Жылыту кезеңіне дайындықты тексеру



бет8/14
Дата06.09.2023
өлшемі40,21 Kb.
#106285
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
14-бап. Жылыту кезеңіне дайындықты тексеру
1. Күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындық паспортын алу үшін жылу өндіруші және жылу беруші ұйымдар жыл сайын бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде энергетикалық сараптама жүргізеді және он бесінші қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтініш пен құжаттарды ұсынады.
2. Уәкілетті орган дайындық паспортын беру үшін өтініш пен құжаттарды жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.
Жылу өндіруші және жылу беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындығын растау ретінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша дайындық паспортын береді.
3. Жылу беруші ұйымдар тұтынушылардың объектілеріне дайындық паспортын уәкілетті орган белгіленген тәртіпте береді.
15-бап. Жылумен жабдықтауды дамыту схемасы
1. Жылумен жабдықтауды дамыту схемалары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жылумен жабдықтауды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес бекітіледі және жыл сайын өзектендіріледі.
2. Жылумен жабдықтау схемасы жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау бойынша мынадай деректерді қамтуы тиіс:
1) орталықтандырылған және жеке жылумен жабдықтау аймақтары бойынша елді мекендердің аумағын аймақтарға болу, сондай-ақ автономиялық пәтер бойынша жылытуды ұйымдастыру шарттарын айқындау;
2) жылу энергиясының көздерін жүктеу жөніндегі схемалық шешімдер;
3) электр және жылу энергиясын аралас өндіру режимінде жұмыс істейтін жылу энергиясы көздерінің және қазандықтардың бірлесіп жұмыс істеу режимі;
4) оңтайлы температуралық кесте.
3. Жылумен жабдықтауды дамыту схемасын әзірлеу кезінде жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс, ол жылумен жабдықтау жүйесін резервтеу көрсеткіштерімен, жылу энергиясы көздерінің, жылу желілері мен тұтастай жылумен жабдықтау жүйесінің істен шығусыз жұмыс істеуімен айқындалады.
4. Жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту жөніндегі шешімдерді қабылдаудың міндетті өлшемдері:
1) тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың жеткілікті сенімділік деңгейін қамтамасыз ету;
2) ұзақ мерзімде перспективада әрбір тұтынушыға есептелген жылумен жабдықтау шығындарын барынша азайту;
3) жылу және электр энергиясын аралас өндіру басымдығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет