«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-тарау. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу



бет2/14
Дата06.09.2023
өлшемі40,21 Kb.
#106285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2-тарау. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттері
1. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) жылу энергиясын тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау;
2) Қазақстан Республикасында жылу энергетикасының қауіпсіз, сенімді және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу міндеттері:
1) жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) жылу өндіруші, жылу беруші, жылумен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау;
3) жылу энергетикасы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кемсітусіз және тұрақты шарттарды қамтамасыз ету;
4) жылумен жабдықтау ұйымдары үшін электр және жылу энергиясын аралас өндіруді басымдықпен пайдалануды қамтамасыз ету;
5) жылу энергетикасы саласында энергия үмдеуді қамтамасыз ету және энергетикалық тиімділікті арттыру;
6) техникалық мүмкіндік болған жағдайда тұтынушылар үшін жылу энергетикасы саласында көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Жылу энергетикасы саласын мемлекеттік қолдау және ынталандыру
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында жылу энергетикасы саласын мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңында және жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат көлеміне сәйкес беріледі.
Өндірісін энергия көздерін пайдалана отырып, жылу энергиясымен жылу тасығыш өндіріс дамыту қолдау «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары
Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясат:
1) жылу энергетикасы саласындағы қатынастарды мемлекеттік басқару мен реттеу;
2) жылу энергетикасы саласын мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
3) жылу және электр энергиясын аралас өндірудің (когенерация) технологиясын қолдануды, қайталама энергетикалық ресурстарды және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды басымдықпен дамыту;
4) тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
5) жылу энергиясымен сапалы жабдықтау және оған уақтылы ақы төлеу үшін жылу энергетикасы саласындағы қатынастар субъектілерінің жауапкершілігі;
6) жылумен жабдықтау схемаларын кезең-кезеңмен қайта қарау, жетілдіру және техникалық-экономикалық оңтайландыру;
7) жылу энергетикасы саласындағы барлық қатынастар субъектілерінің стандарттарды, қағидалар мен нормаларды сақтау;
8) жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау объектілерін энергия, газ, сумен жабдықтау жүйелерінен ажыратуға тыйым салу;
9) жылу энергетикасы субъектілерінің жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігін белгілеу;
10) жылумен жабдықтау жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру;
11) энергия үнемдеуші технологияларды енгізу үшін жағдайлар жасау;
12) жылу энергиясын тұтынуды есепке алу және реттеу аспаптарын енгізуді қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет