Факультеті: Жаратылыстану және география институты Мамандығы: 6В01522 «Биология География»



бет1/3
Дата21.10.2023
өлшемі144,57 Kb.
#120308
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



Факультеті: Жаратылыстану және география институты
Мамандығы: 6В01522 «Биология - География»
СОӨЖ 2
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері және қызметі
Орындаған: Талдыбаева Аяна 2 топ
Қабылдаған : Талдыбай А.А.

Алматы 2023


Вегетативті жүйке жүйесі
Соңғы кезге дейін адам мен жануарлардың нерв аппараты бір-біріне тауелсіз, дербес екі жүйеден - анималдык (animal - жануар) және вегетативтік (vegetativus - өсімдік) құралған деген тұжырым қалыптасқан болатын. Бұл ұтымның негізін XVIII-ғасырдың соңында француз дәрігері, әрі физиологы Мари Франсуа Биша салған. Организмге тән қызметтерді де ол екі топқа бөлген. Бірінші топты тек жануарларға тән қызметтер құраса, екінші топқа жануарларға да, өсімдіктерге де ортақ қызметтер немесе вегегативтік функциялар жаткызылған.
Биша жіктеуіне сәйкес түйсік, қимыл-әрекет, сөйлеу қабілеті анималдық функциялар тобын кұрайды, ал қоректену, өсу, көбею - вегетативтік қызметтерге жатады. Осыдан жануарларға тән қызметтерді реттейтін жүйке бөлігін - анималдык, ал өсімдіктерге тән қызметтерді реттейтін жүйке бөлігін - вегетативтік деп атаған. Анимальдык қызметтерді ОНЖ-сі, ал вегетативтік қызметтерді - арнаулы жүйке түйіндерінен құралган вегетативтік жүйке жүйесі реттейді деп саналған.
Ұзак уақыт вегетативтік нерв жүйесі ми мен жұлынга тәуелсіз автономды жүйе ретінде танылып келді. Онын негізгі қызметі асқорыту, қан айналым, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, т.с.с. қызметтерді реттеу деп есептелді.
Қазіргі кезде организмнің вегетативтік қызметінің тәндік - анимальдык функциялар сияқты орталық жүйке жүйесімен басқарылатыны дәлелденді. Осының нәтижесінде вегетативтік жүйке жүйесінің автономиясы туралы ұтым жойылып, оның біртұтас жүйке аппаратының бір ғана бөлімі екендігі туралы көзқарас қалыптасты, шеткі жүйке жүйесін тәндік және вегетативтік жүйкелерге бөлу принципі қабылданды. Тәндік жүйке организмнің сыртқы ортамен афференттік және эфференттік байланыстарын, ал вегетативтік жүйке ішкі ортаның тұрақтылығын, зат алмасу қарқынын, организмнің бейімделу реакцияларын қамтамасыз етеді.
Тәндік жүйке бөлімінін эффекторы қанқа еті болса, вегетативтік нервтер эффекторы ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттері, жүрек еті, әртурлі бездер болып табылады. Вегетативтік нервтердін басты қызметі - қозу толқынын орталык нерв жүйесінен ішкі ағзаларга жеткізу.

Вегетативтік жүйке беліміне тәндік жүйкемен салыстырғанда бірнеше морфологиялық ерекшеліктер тән:



  1. Вегетативтік жүйкелер орталык жүйке жүйесінің тек қана белгілі бір бөліктерінен ғана - ортағы және сопақша мидан, жұлынның құйымшақ бөлігінен басталады. Ал тәндік жүйкелер орталықтары мидың бағандык бөлігі мен бүкіл жұлын бойында орналасады.

  2. Тәндік жүйкелермен салыстырғанда вегетативтік жүйкелердің қозғыштығы және қозуды өткізу жылдамдығы төмен болады. Вегетативтік жүйкелерге қозу толқыны секундына 1-30 м жылдамдықпен, ал тәндік жүйкелерде - 60-120 м жылдамдықпен тарайды.

Вегетативтік жүйкеде миелин қабаты болмайды, олар үлпексіз жүйкелер, ал тәндік жүйке - үлпекті, миелинді кұрылым.

  1. Вегетативтік жүйкеде миелин қабығы болмайды, олар үлпексіз жүйкелер, ал тәндік жүйке - үлпекті, миелинді құрылым.

  2. Вегетативтік жүйке бөлімінің шеткей бөлігі екі нейроннан құралса, тәндік жүйке бөлімі жалғыз нейронды құрылым. Вегетативтік жүйке өздері жүйкелендіретін мүшелерге жетпей арнаулы түйіндерде үзіледі. Сондықтан олар түйін алды (преганглийлік) және түйіннен сонғы (постганглийлік) талшықтарға бөлінеді. Тәндік жүйке өздері жүйкелендіретін мүшелерге еш жерде үзілмей жетеді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің де өздеріне тән ерекшеліктері болады:
1. Симпатикалык және парасимпатикалык жүйкелер орталығы
жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде орналасады. Симпатикалык жүйке орталықтары жұлынның сұр затының көкірек және бел омырткалық бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналасса, парасимпатикалык орталықтар ортаңғы және аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.
2. Симпатикалық жүйке бөлімінің түйіндері өздері жүйкелендіретін мүшелерден тыс орналасса, парасимпатикалык түйіндер ағзалардың өзінде орнығады.
3. Симпатикалық бөлім әмбебап келеді, барлық мүшелерді жүйкелендіреді. Парасимпатикалык бөлім әмбебап емес: тері тамырлары, тер бездері, бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар, көк бауыр, қаңқа еттері парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленбейді.
4 Симпатикалық жүйкелерге мультипликация (коп тарамдалу)
құбылысы тән: түйіннен сонғы талшықтар саны түйін алды талшықтар
санынан әлдеқайда көп болады. Парасимпатикалык жүйкелер айтарлықтай көп тарамдалмайды.
5 Симпатикалык жуйкелердін эфференттік талшықтары пара-симпатикалык жуйке талшыктарынан узын келеді.

  1. Симпатикалық жүйке ұштары эрготоксинмен, ал парасимпатикалық жүйке ұштары - атропинмен жансызданады.

  2. Симпатикалық жүйкелер қозу толқынын сипатын, ал парасимпатикалық жүйкелер - ацетилхолин медиаторы арқылы таратады. Бірақ қазіргі кезде қозу барысында кейбір симпатикалық жүйке ұшынан ацетилхолин, ал парасимпатикалық нерв ұшынан, керісінше, норадреналин бөлетіні делелденген. Осымен байланысты вегетативтік жүйкелер холинергиялы және адренергиялық болып екі топқа бөлінеді.

Холинергиялық жүйкелер өз қызметін ацетилхолин, ал адренергиялық
жүйкелер - норадреналин бөлу арқылы атқарады.
Вегетативтік жүйке жүйесінін симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері организм функцияларына әртурлі әсер етеді.
Симпатикалық бөлімнің қозу нәтижесінде организм стресс жағдайынан шығады. Симпатикалық жүйке жүрек жұмысының ырғағын жиілетіп, артериялық қысымды жоғарылатады, бұлшық еттің канмен жабдықталуын жақсартады, қандағы глюкоза деңгейін көтереді, асқорыту жүйесі мүшелері қызметін әлсіретеді.
Парасимпатикалық жүйке жүрек жұмысын баяулатады, қан қысымын төмендетеді, асқорыту ағзаларының қызметін жандандырады.
Демек оның әсерімен организмде қор толықтыру, оны қалпына келтіру үдерістері жүреді. Сонымен, симпатикалық жүйке организмнің жалпы белсенділігін
жоғарылатса, парасимпатикалық жүйке оның әрекеті кезіндегі шығынды жабуға, организм қорын қайта толықтыруға жағдай туғызады.
Баяндалған жайлар симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелердін бір-біріне қарама-қарсы әсер ететінін көрсетеді. Бірақ тұтас
организмде олар тек салыстырмалы кереғарлык жағдайында болады.
Олардың өзара қатынасын қарама-қарсылықтың функционалдық бірлестігі ретінде қараған жөн. Жүйке жүйесінің аталған бөлімдері әрекетіне айналымдық сипат тән. Олардың бірінің белсенділігінің жоғарылауы, соңынан екіншіснің қызметінің күшеюімен алмасып отырады.
Мысалы, түнгі мерзім мен ертеңгісін парасимпатикалық реакциялар, ал күндіз және кешқұрым - симпатикалық реакциялар басымырақ болады. Көп жағдайда аталмыш бөлімдер синергиялық эффект көрсетеді: бірінің тонусы жоғарыласа, екіншісінің тонусы темендей қалады. Мысалы, қолка барорецепторлары тітіркенгенде қан қысымы бір жағынан парасимпатикалык жүйкелер белсенділігінің артуы, екінші жағынан жүректің симпатикалық жүйке талшықтары белсенділігінің әлсіреуі нәтижесінде төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет