Шешендік өнерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Шешендік сөздер деп қазақ халқының өмірінде арғы – бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен белгілі бір тарихи тұлғалар (айталық атақты би,ақын,шешен.ел бастаған батыр мен басшыт.б.) есімдеріне байланысты айтылатын өнегелік мағына – мазмұны терең сөздерді айтады.Мұндай сөздер елді,туған жерді сүюге, батырлық пен елдікті,ізгілік жақсылықты дәріптеп,әділдік үшін күресуге,ел қамын ойлайтын қамқор азамат болып өсуге тәрбиелейді.
Қазақ қашанда сөз қадірін жоғары бағалап,қандай да «Аталы сөзге арызға ғана бас имейді» деп уәжге тоқтаған, өзі де пікірін шебер де, оралымды өрнектеп айта білген ділмәр халық қой.
Өз тәжірибемді оқыту барысында алдымен мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.
Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздену дайындалу, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасаған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. 7-9 сыныптарда «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» атты факультатив сабағы жыл бойына 34 сағат жоспарланып жүргізілді. Мына сияқты сабақтар: «Шешендік сөз туралы ұғым», «Үш бидің тағылымы», «Шешендік өнер және сөз мәдениеті», «Сөз асылы шешендік» т.б. өткізілді. Бұл сабақтарда оқушылар шешендік – шексіз білімнен, терең ойдан, асқан парасаттан туатын өнер екендігін білді.Сонымен қатар шешен сөйлеудің ең негізгі сыры – баланың жастайынан – ақ ән,күй,жыр, ертегі,аңыз естіп өсуінде екенін білді. Оқушылар шешендік мәдениеттің басты талабы сөздерді орынды жұмсай білумен байланысты екендігін сабақ барысында үйренді. Шешен тілін нақ мынандай түрде болуы керек дегенді ешкім де нақты түрде айта алмас еді. Өйткені сөйлеу, ойлау әркімнің табиғи болымысына қарай сан алуан.
Оқушылар өздерінің ой – көзқарасын жеткізу, пікірін қорғай білу және шешен адамдар ел ішінде дау – шараға араласып,ел ішінде шешімін таппай жатқан әртүрлі жанжалдарды, ру,жүз арасындағы жайлы мағұлматтар алды. Сонымен қатар шешендер билік айтқан кезде қарасөзбен емес, тақпақтап, мақалдап сөйлейтіндігі жайлыда сабақ барысында да айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |