Шешендік жұмбақтар, және оларды шешу жолдары.
«Бала тәрбиесі - бесіктен» деген тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұстанған халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлар – мақал - мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар баланың ой - өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім - тәрбиесінде терең мән жатыр.
ЖҰМБАҚ - белгілі қасиеттерін ғана мегзеу арқылы жасырылған зат, құбылыстарды шешкізу мақсатында құрылған танымдық мәні өте зор ұсақ жанр. Жұмбақтың мысал, ертегі, айтыс түрлері ұсақ жанрға қосылмайды.
Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі - жұмбақ. Ол халықтың ойы, қиялынан туған ұшқыр да бейнелі шығарма. Қазақ халқында ерте заманнан қолданылып, қарым - қатынас жасаудың ерекше бір құралына айналған.
Үлкендер арасында адамды тану, сынау, әзіл - қалжың, шешендік шеберлігін байқату ойын түрінде қолданылса, балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр - сырын білдіртуге, танымы мен қиялын ұштауға, тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне баулу мақсатында қолданған. Жұмбақтар нәрсенің, заттың, құбылыстың жалпы сыртқы көрінісін сипаттау, ішкі мазмұнын білдіру, екінші бір нәрсемен салыстыру, басқа нәрсеге теңеу, ұқсату, баламалау, әсірелеу мазмұнында беріледі. Жұмбақтардың мазмұнында тілдік қолданыстар да сан алуан болып келеді.
Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анықтап жеткізе білу, туған тілінің байлығын сезінуіне, тілдік қолданыс ерекшеліктерін тануға, сөз саптау сөйлеу мәдениетін үйренуге, өз ойын шебер де мәнерлі жеткізе білуіне шығармашылық қабілетін өсіруге көптен - көп көмегін тигізеді. Жұмбақтар бойынша жұмыс негізінен оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін белгілі бір нәрсені жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |