Жұмыр құрттар класы. Аскариданың құрылысы Буылтық құрттар. Нереида, жауын құртының құрылысы Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері



бет3/5
Дата15.02.2023
өлшемі295,5 Kb.
#68055
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
зерт5 зоо

Аскариданың даму циклі.
Адам аскаридасы адамның аш ішегінде паразиттік тіршілік етеді.
Жұмыртқалар ластанған тағам арқылы ішекке түскеннен соң ,жұмыртқа қабығынан қабығынан шығып,белсенді түрде қантамырларына енеді. Қан ағынымен олар алдымен бауырға ,сонан соң оң жүрекше, одан әрі өкпе капиллярларына барады. Өкпе капиллярынан өкпе альвеолдарына еніп,бронхы және трахея , жұтқыншақ ,қарын арқылы ішекке түседі де ересек аскаридаға айналады.Жұмыртқа салғанға дейін 10-15 апта өтеді. Аскарида 10-12 ай өмір сүреді. Адам аскаридозбен оның жұқпалы жұмыртқаларын жұтқан кезде залалданады



Паразитті нематодтар:
А-адам аскаридасы (Ascaris lumbricoides)-А-аналығы,Б-аталығы
1-қынап 2-құрсақ нерв бағаналары 3-жатын ,4-аналь тесігі, 5-нерв сақинасы, 6-жұтқыншақ, 7-аналық без, 8-арқа нерв бағаналары, 9-ауыз 10-бүйір түтігі, 11-аталық без, 12-копуляция кезінде аналығына бекіну қызметін атқаратын спикула, 13-клоака.
Аскариданың көлденең кесіндісінің схемасы:
1-арқа нерв бағанасы, 2-бүйірлік нерв бағанасына апаратын бұлшықет клеткасының өскіншелері, 3-бұлшықет клеткасы, 4-зәр шығару каналдары, 5-эктодерма, 6-құрсақ нерв бағанасы, 7-гонадалар, 8-алғашқы дене қуысы, 9-энтодерма, 10-кутикула, 11-ішек
.
Тапсырмалар:
1. Аскариданың сыртқы құрылысын қарап, дене пішінін, алды мен артын, құйрық бөлімін,жыныс дараларын анықтау.
2. Аскариданы сойып, ішкі құрылысын танып-білу, көлденең кесіндісінің микропрепаратын қарап, тері-бұлшық ет, схизоцель жəне ішкі мүшелерінің көлденең кесіндісін танып-білу, суретін салу.
3. Үшкір құрт, түк басы құрт, трихинелламен танысып, сүретін салу..
4. Кестені толтыру


Жұмыр құрттардың биологиясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар



Салыстыратын




Адам

Шошқа

Үшкір

Трихинелла

элементтер




аскаридасы

аскаридасы

құрт




Аналықтың

дене













ұзындығы
















Аталықтың

дене













ұзындығы
















Бір тəулікте

аналықтың













бөлетін жұмыртқа саны













Везикула болады













Асқорыту жүйесінде
бульбус болады немесе болмайды













Жұмыртқа салады немесе дернəсілдерді тірі туады













Бір иеде дамиды немесе иесін ауыстырады













Дамуы екінші рет
инвазиямен айланысты













Иесінде туғызатын
аурулар
















  1. Алғашқы целомды жануарлар – буылтық құрттар типінің ұйымдасу ерекшеліктері:

  2. Сыртқы, ішкі құрылысы метамерлі. Метамерия – бірдей бөліктердің немесе дене осі бойымен сақиналардың қайталануы ( meta - қайталану, mera-бөлік). Денесі құрт тəрізді сақиналардан (буын-сегменттерден) тұрады. Əрбір сегментте мүшелер жүйесі қайталанады. Буылтық құрттардың денесі бас қалақшасынан, сегменттелген тұлғадан жəне аналь қалақшасынан тұрады.

  3. Тері-бұлшықет қабы-тері эпителиясынан, сақиналы жəне ұзына бойы бұлшықеттен тұрады, ішкі беті целомды эпителиямен астарланған.

  4. Екінші ретті дене қуысы – целомды сұйыққа толы, ол ішкі орта қызметін атқарады. Целом – тасымалдау, зəр шығару, жыныс, тері-қозғалыс қызметін жүзеге асырады.

  5. Ішек алдыңғы, ортаңғы жəне артқы бөліктен тұрады. Кейбір өкілдерінде сілекей безі болады.

  6. Буылтық құрттардың көбіне тұйық қан айналу жүйесі тəн. Қан тек тамыр арқылы ағады.

  7. Зəр шығару мүшесі – эктодермальды метанефридия. Оның əрбір жұбы бір сегментте целомды ашылатын воронкамен басталып, зəр шығару каналы келесі сегментте сыртқа ашылады. метанефридия - зəр шығарумен қатар организмде су балансын да реттейді.

  8. Жүйке жүйесі жұп бас ганглиясынан, əр сегментте метамерлі қайталанатын жұп ганглиялардан тұратын құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Жұтқыншақ үстінде орналасқан қос бас ми ганглиялары алдыңғы , ортаңғы жəне артқы ганглия бөліктеріне бөлінген. Бұл олардың жұмыр құрттардан ерекшелігі.

  1. Буылтық құрттар дара жынысты бірақ гермафродитизм де жиі кездеседі.

  2. Дамуы жиі метаморфозды. Теңіз формаларына «трохофора» дернəсілі тəн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет