Жұмыс бағдарламасы коллоидтық химия


Дисперстік жҮйелердіҢ электрлік қасиеттері



бет5/12
Дата07.01.2022
өлшемі186,5 Kb.
#19115
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дисперстік жҮйелердіҢ электрлік қасиеттері


Беттік иондану мен адсорбция әсерінен коллоидтық бөлшектерде зарядтар-дың пайда болуы. Қос электрлік қабат (ҚЭҚ). Потенциал-анықтаушы иондар мен қарсы иондар. ҚЭҚ құрылысы. Гельмгольц-Перрен, Гуи-Чэпмен және Штерн теориялары. Диффузиялық және адсорбциялық қабаттар. Сырғанау жа-зықтығы, электркинетикалық потенциал. ҚЭҚ қалыңдығының валентілікке, иондардың полярлануы мен гидраттануына тәуелділігі. Мицелла құрылысы (бөлшек, ядро, агрегат). Амфолиттер (белоктар) изоэлектрлік күй.

Электркинетикалық құбылыстар. Электрофорез, электроосмос, шөгу және ағу потенциалдары. Электркинетикалық құбылыстардың ҚЭҚ құрылысымен байланысы. Гельмгольц-Смолуховский теңдеуі. Электркапиллярлық құбылыс-тар. Липпман теңдеуі. Электркинетикалық потенциал. Электркинетикалық потенциалға индифферентті және индифферентті емес электролиттердің әсері. Электркинетикалық потенциалға концентрация мен температураның әсері. Коллоидтық бөлшектерге бөгде көп зарядты иондар мен индифферентті емес электролитті енгізгенде олардың зарядтарының таңбасының ауысуы.

Капиллярлық жүйелердің электркинетикалық қасиеттері аясында Жуков мектебінің жұмыстары. Электркинетикалық потенциалды анықтау әдістері: электрофорез, электроосмос және ағу потенциалы.

Электркинетикалық құбылыстардың маңызы. Электрофорезді бетті қаптау үшін, күрделі органикалық және үлкен молекулалы заттар алу үшін қолдану. Электроосмосты кеуекті материалдарды сусыздандыру үшін және құрылыста құрғату процесінде қолдану. Ағу потенциалын пайдалы қазбаларды барлауда, электрокардиография процесінде, сұйық отындарды тасымалдауда ағу және шөгу потенциалдарымен күресу жолдары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет