Жұмыс бағдарламасы пән: «Медициналық оңалтудың негіздері» Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»


СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары)



бет95/110
Дата04.04.2023
өлшемі344,68 Kb.
#78927
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110
Байланысты:
osn med reab 3k kz

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):

1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікір және мәселелері айқындалған болу қажет.


2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.
3) ЕПҰ – ды көріп келгеннен кейін есеп тапсыру, оны іс – жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болу қажет.
4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.
5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді құрастыру.
6) СӨЖ тақырыбына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан
1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.


6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 11 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.


7. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Л.В.Козлова,С.А.Козлов,Л.А.Семененко « Основы реабилитологии» Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс 2005 475с.
2.В.А. Епифанов « Медицинская реабилитология» Руководство для врачей М 42 М.: Медпресс-информ 2005 – 328с.
3.А.С. Медведев « Основы медицинской реабилитологии» Минск. Белорусская навука 2010 – 435с.
4. В.А. Епифанов « Лечебно-физическая культура и спортивная медицина» М.
Медицина 1999
Қосымша:
1. С.А.Мухина,И.И.Тарновская ≪Основы сестринского дела≫ Учебное пособие.-М;Родник, Москва. 2002 -352 с.
2. Галкин Р.А.,Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара,1998.-360с.
3. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии,М.,2000
4. Шевченко А.А.Клинический уход за хирургическими больными.Учебное пособие.-М.,2008.-412 с.


9. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер, және т.б )
Тесттер:
Тесттер:
1. Физиотерапиялық бөлменің құрылғылары мен жабдықталуында ... басқа келесі талаптарға сай болуы керек.
1. Қауіпсіздік техникасынан
2. Науқасқа арналған жағдайдан
3. Медицина қызметкерінің қалыпты жағдайынан
4. Санитарлы нормалардан
5. Шок алған кезде көмек көрсетуге арналған аптечканың болмауынан

2. Электрлік жарықпен емдеу бөлмесінің жұмысына қандай мейірбикелер жіберілмеуі тиіс:


1. Физиотерапия бойынша арнайы дайындық алған куәлігі бар
2. Өзінің функционалды міндеттерін білетін және физиокабинеттегі жұмыс ережесімен танысқан.
3. Жұмыс орнындағы қауапсіздік техникасының нұсқаулығымен танысқан
4 Дайындық курсынан өткен
5. Арнайы дайындық курсын өтпеген

3. Жұмыс басталмас бұрын мейірбике бірінші кезекте нені істеуге міндетті:


1. Науқастың картасын қарап шығу
2. Физиотерапиялық аппараттардың жұмысын және контактілерді тексеру
3. Өзін ретке келтіру
4. Қолын жуу
5. Науқастардың бар жоғын тексеру

4. Науқаспен жұмыс жасаған кезде мейірбике ... басқаның барлығына міндетті.


1. Жұмыс жасайтын аппараттарда ғана емшара жүргізуден
2. Сулы қолымен электроприборларды және аппараттарды қосып өшірмеу керектен
3. Су өткізгіш құрылғылар мен канализациялық құралдар және тағы жерастына орнатылған заттардың беті ағаш щиттермен жабылған және бету майлы сырмен сырланған болуын қадағалаудан
4. Науқасқа мейіріммен қараудан
5. Емшара кезінде сыртқа шығуға

5. Апат жағдайы кезінде мейірбике қандай іс-әрекет жасау керек?


1. Жұмыс орнынан кету керек
2. Басшыға айту керек
3. Тікелей бастығына айтып апатты жоюға арналған барлық мүмкіндіктерді қолдану керек.
4. Көмек күті керек

5. Тазалаушыға айту керек

6. Физиоаппараттардың және щиттердің шаңын мейірбике .. сүрту керек.


1. құрғақ шүберекпен
2. ылғал шүберекпен
3. спирке батырылған майлықпен
4. аптасына 1 рет ылғал майлықпен
5. сүртпеу керек

7. Электрлік ем шараны жүргізгенде электродтардың контактілі жағдайында мейірбикеге тыйым салынады:


1. Науқастың картасын қарауға
2. Жерастындағы қандай да бір өткізгіштерді тиісуге
3. Науқастың жағдайын бақылауға
4. Басқа науқаспен бір уақытта емшара жүргізуге
5. Емшараның жүру барысын бақылауға

8. Емшара кезінде науқастың жүрегі айнып, басы айналса мейірбике қандай әрекет жасау қажет?


1. Дәрігерді шақыру
2. Емшараны тоқсату
3. Науқастың жүктемесін азайту
4. Науқасты тынышталдырып емшараны жалғастыру
5. Ешқандай

9. Суда ультра дыбыстық терапия жүргізгенде мейірбике ... жұмыс істеу керек.


1. қолғапсыз
2. резеңке қолғаппен
3. матадан тігілген қолғаппен
4. мата қолғаптың сыртынан резеңке қолғап киіп
5. латексті қолғаптармен

10. Көзге ультракүлгін сәулелендіру жүргізгенде науқас пен мед.қызметкер ... сақтануы қажет.


1. арасы спираль әйнекті консерві-көзәйнектермен
2. қара түсті көзәйнектермен
3. еш нәрсемен сақтанбайды
4. линзасы үлкейтілген көзәйнектермен
5. сақтануды қажет етпейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет