Алматы технологиялық университеті Факультет: Тағам өндірісі Тағамдық және санитарлы микробиология Тақырыбы: Тағамдық және санитарлы микробиология пәнінің мақсаты мен міндеті. Даму тарихы Орындаған: Ешмағанбетов О. Қабылдаған:Жапаркулова Н. Тобы:БТ 15-13
Мақсаты:Пәннің негізгі мазмұнын және қажеттілігін түсіндіру. Тағамдық және санитарлы микробиологияға жататын микроорганизмдерге толықтай сипаттама беру Міндеті: Микроорганизмдермен жұмыс үстеу әдістерін білу, микроорганизмдердің барлық топтарының микрофлорасымен танысу
Халықтың жағдайы əрдайым қоршаған ортаның қасиетіне тəуелді болғандықтан, қоршаған ортаны санитарлы-гигиеналық бақылаудан өткізіп отыру қажет. Қоршаған ортаның адам өмірінен əсері бірнеше факторлар жиынтығына тəуелді болады: қоршаған ортаның табиғаты, əлеуметтік жағдайы, өндірістік жəне тұрмыстық жағдайы, өз кезегінде бұлардың барлығы адам өмірінің санитарлық жағдайы болып табылады. Осы санитарлық жағдайларды зерттеу үшін гигиеналық талаптар мен нормаларға сай екендігін анықтайтын əлеуметтік-гигиеналық жəне зерханалық санитарлы-гигиеналық əдістер қолданылады. Сонымен гигиеналық зерттеу əдістерін білу қоршаған орта объектілерін санитарлық бақылауға қажетті мəліметтердің бірі болып табылады.
Халықтың əртүрлі топтарының тамақтану ерекшеліктерін гигиеналық бағалау төмендегі жағдайларды ескере жүреді: *тамақтануда қолданылатын тағамдық өнімдерді қолданылуы; *тамақтану режимі, *энергетикалық жұмсауы, *зерттеуге алынған контингенттің физикалық жетілу ерекшеліктері мен денсаулығы, *тағамдық өнімдердің химиялық құрамы ескеріледі. Гигиеналық зерттеулердің арасында санитарлық бақылау жұмыстары үлкен орын алады.
Гигиена – (грек тілінен,hygieinos–емдік,шипалы,сау)қор-шаған ортаның əртүрлі факторларының жəне өмірі мен еңбек ету жағдайларының адам денсаулығына əсерін, сонымен қатар адам денсаулығын сақтау мен өмірін ұзарту, əлеуметтік жағдайын қанағаттандыратындай əртүрлі аурулардың алдын алу шарала-рын өңдеумен айналысатын ғылым.
Гигиена − халықтың өмі-ріне қолайлы жағдай жасау жайындағы ғылым. Кейбір елдерде гигиена – қоғамдық денсаулық туралы ғылым немесе адам экологиясы жəне қоршаған орта деп аталған. Гигиенаның салалары: тамақ гигиенасы, коммунальді гигиена, еңбек гигиенасы, балалар жəне жасөспірімдер гигиенасы, радиациялық жəне космостық гигиена, əлеуметтік гигиена, эпидемиология т.б. Əрбір саланың мамандары санитарлық ережелер мен нормаларды өңдейді.
Теориялық немес ғылыми гигиена – адам денсаулығына қажетті жалпы түсініктер мен талаптарды өңдейді.
Қолданбалы гигиена немесе санитария – ғылыми немесе теориялық гигиенаның талаптарын санитарлық заңдар мен бақылаулар арқылы практикада іске асырумен айналысады.
Гигиена жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында қа-лыптасты. Гигиенаның дамуына үлес қосқан отандық ғалымдар: А.Н. Доброславин (1842 -1889) – жалпы əскери жəне тағамдық гигиена саласының ірі маманы, орыстардың гигиеналық мекте-бін қалаған, медико-хирургиялық академияның гигиена кафедрасының 1-меңгерушісі. Ол тағамдық өнімдердің (азық – түліктердің ) тағамдық құндылықтарын зерттейтін зертхана ашты.
Ф.Ф. Эрисман (1842-1915) – Ресейдегі ғылыми гигиенаның негізін салушы, МГУ – гигиена кафедрасының профессоры. Ре-сейдегі алғашқы тағамдық өнімдер экспертизасы жəне олардың фильсификациясымен күресу əдістерін өңдеуге арналған сани-тарлы-эпидемиологиялық стансаны (1891) ұйымдастырды.
Л.В. Хлопин (1863-1923) – Ұлы Ресейлік врач-гигиенист, "Основы гигиены" кітабының жəне "Тағамдық өнімдер жəне сусындарды зерттеу əдістері" нұсқауының авторы.
Тағам гигиенасына сонымен қатар М. Н. Шейерникова (1870-1939), А.А. Покровский, К.С. Петровский, О.П. Молчанов, А.Н.Уголев, т.б. орасан зор үлестерін қосқан.
Тағам гигиенасы – тағамдық өнімдердің санитарлық та-залығын сақтау жəне өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды өндеу, қоғамдық тамақтану орындары-на тарқату жағдайлары жəне халықтың сауықты тамақтануы жайындағы ғылым.
Тамақ гигиенасы жалпы гигиенаның бір саласы болып табылады.