Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



бет2/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
2 Бағдарлама:

    1. Кіріспе

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламаларында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және халықтың денсаулығын сақтау мәселелері маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады. «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі «ҚР азаматтарының денсаулығы мен аман есендігі ». Республикадағы нашар экологиялық жағдай халықтың 20 және одан да жоғары пайызының өлім- жітімінің себебі болды.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресуртарды тиімді пайдалану, өмір сүру жағдайының қауіпсіздігі және Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұратын азаматтарды аман есендігі жөніндегі мәселелер өзекті болып келе жатыр.
Қазіргі цивилизация қауіп-қатерде және антропогенді әсерлер нәтижесінде пайда болған, бірнеше жаһандық экологиялық мәселелерді шешуді талап етеді.Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде адам қоршаған ортаға белгілі негативті әсер етеді. Сол кезде қоршаған орта нысандарының сапасы ғана емес, адамның өмір сүру жағдайы мен денсаулығы өзгереді.
«Қоршаған орта және халық денсаулығы» қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) туралы ғылымдардың бірі ғана. Бұл мәселемен биология ғылымы, экология, география (медициналық географиялық), химия (аналитика, қалдықтарды тазарту), экономика (қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық шығынды бағалау), санитариялық техника және т.б. айналысады.
Сондықтан табиғат пен қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін анықтаудың қажеттілігі туды.
Осы жаһандық мәселені шешу жолдарын табу үшін БҰҰ шеңберінде қоршаған орта және даму бойынша бірнеше рет конференциялар өтікізілді. Болашаққа бағытталған жаңа жол – орнықты даму жолы анықталды. Қазіргі жағдайда қоршаған орта нысандарының сапасын жақсартуға мемлекеттің және белгілі аймақтардың тұрақты дамуынсыз қол жеткізе алмаймыз. Бұл тек экономикалық өсуді ғана емес, қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендетуді көздейді.
Осыған байланысты қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыратын кәсіптік қызметкерлердің қалыптасуы үшін – қоршаған ортаны қорғау саласында білім беру міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет