Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата25.12.2022
өлшемі388,11 Kb.
#59505
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Практикалық жұмыстар

8.2 Теориялық мәліметтер 
 
Message командасы жүктелу кезіндегі кездейсоқ хабарламаларды 
баяндайды. Image жолынан бастап әр түрлі операциялық жүйеге сәйкес 
келетін конфигурациялық файлдардың секциясы жүреді. Әрбір осындай 
секцияда label жолы бар. Бұл жолда Lilo-ның шақырылуына жауап жазылады 
немесе командалық мәзір ретінде беріліп, жүктелетін операциялық жүйені 
қолданушы таңдап алады. Егер delay жолында ат енгізілмесе, уақыт өткеннен 
кейін файлда бірінші тұрған операциялық жүйе таңдалып жүктеледі. 
Жүктелетін жүйені келісім бойынша default=dos командасымен жазуға 
болады. 
Table= жолы диск бөлу кестесі тұрған орынды көрсетеді. Lilo 
дисктерді бөлу туралы ақпараттарды операциялық жүйеге бермейді.
Егер сіз other=/dev/hdal жолын etc/lilo.conf файлында көрсетсеңіз, онда 
C:\dev\hdal түбір каталогында екінші жүктелуші болу керек. Компьютерде көп 
вариантты жүктелу болғанда Lilo Windows NT-ні жүктейді. Бірақ, boot.ini 
файлында уақыт ұстанымын 0 деп белгілеу керек, өйткені NT Loader мәзірін 
алмау үшін жасалады. Егер сіз бұл мәзірді көргіңіз келсе, boot.ini файлында 
timeout 0-ден өзгеше мән беру керек. Мән секундпен беріледі.
Егер сіз Windows операциялық жүйесін Lilo-ның көмегінсіз жүктегіңіз 
келсе /etc/lilo.conf файлына бір секция қосамыз: 


28 
Other = /boot/bootsect.dos; 
Label=Win. 
Bootsect.dos файлы NT loader тұрған түбір каталогтан алынады.
/etc/lilo.conf файлын түзеткеннен кейін /etc/lilo командасын орындаңыз. 
Бұл команда машинаның келесі жүктелуінде жүйенің екінші жүктеушісін 
орнатады. /etc/lilo-ны жіберместен бұрын, жүктелетін процедуралар 
модификациясы үшін бұл команданы t-параметрімен орындаңыз. Осы кезде
жүктеушінің барлық процедуралары орындалады, бірақ map файлдарға 
жүктелу секторының өзгерген жазбалары, дискті бөлу кестесі өзгеріссіз 
қалады.
Егер v-операциясын қоссаңыз /etc/lilo.conf командасы туралы толық 
мәлімет аласыз. 
/sbin/lilo жүктелетін секторды қайта жазғанда бұл сектордың мазмұны 
автоматты түрде файлда сақталып қалады. Келісім бойынша бұл файл 
/boot/boot.b.NNNN, NNNN-құрылғы номеріне сәйкес келеді. Мысалы: 0300- 
бұл /dev/hdа, 0800-/dev/sda т.с.с. Егер мұндай файлдар болса, қайта 
жазылмайды. Жүктелетін секторды сактау үшін альтернативті файл беруге 
болады.
Boot/boot.NNNN файлын жүктелетін секторлық ескі мазмұнды қайта 
қалпына келтіру үшін қолданамыз. Сәйкес команда келесі түрде болады: 
[root::~#] dd if =/boot/boot.0300 of =/dev/had bs 446 count = 1 
немесе 
[root::~#] dd if =/boot/boot.0800 of =/dev/sda bs 446 count = 1 
Bs=446, өйткені біз тек жүктеуші бағдарламаны ғана қалпына 
келтіреміз. Егер сізде жүйе бұзылса, MBR-ден ескі жүктелу жазбасын келесі 
команданы жаза отырып, қалпына келтіреміз: 
[root::~#] dd if=/rant/MBR of= dev/hdа bs=446 
Count=1 
Дискета /mnt каталогында монтировка жасалған. MBR-ді опциялық 
/sbin/lilo командасымен қалпына келтіруге болады. Бұл команда тек Lilo 
каталогын инсталляция жасау кезінде өзгермеген жағдайда ғана орындалады. 
Стандартты MBR-ді DOS-тың жүктелу дискетасының көмегімен қалпына 
келтіруге болады, яғни MBR-ді fdisk/mbr командасының көмегімен қалпына 
келтіреміз. Ол MBR жүктелуінде бағдарлама кодын дискті бөлу кестесіне 
тиіспей өзгертеді.
Жүктеушіні орнатқаннан кейін компьютерді қайта жүктеу керек. Lilo-
ны пайдаланғанда қандай қиындықтар туатынын айта кетейік. Lilo 
жүктелгенде дисплейде “Lilo” жазуы шығады. Егер жүктелу үрдісінде пайда 
болған әріптер көмегімен қателер себебін анықтауға болады: 


29 
CJ - ешқандай жазба енгізілмеген, Lilo-ның ешқандай бөлігі жүктелген 
жоқ. Lilo орнатылмаған немесе Lilo тұрған бөлім активті емес. 
L - бірінші жүктелуші жүктелді, бірақ екінші жүктеушіні жүктей 
алмады. Екі мәнді қате коды мәселесінің нақты себебін көрсетеді. Бұл жерде 
ақпарат тасушы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін немесе берілген дискінің 
геометриясы дұрыс емес. Егер тек Lilo тоқтап, бағдарлама ары қарай жүрмесе, 
бұл мәселе тез шешіледі. 
Li - бірінші жүктеуші екінші жүктеушіні жүктеді, бірақ тапсырма 
орындалмады. Бұған себеп /boot/boot.b файлы /sbin/lilo-ға жүктеусіз көшірілді 
немесе диск геометриясы қате берілген. 
Lil - екінші жүктеуші жүктелді, бірақ map файлдардан дискриптор лар 
кестесін жүктей алмады. Себебі диск геометриясы қате немесе /boot/boot.b 
файлы /sbin/lilo-ға жүктеусіз көшірілген. Lilo - Lilo-ның барлық бөлімі 
табысты жүктелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет