Сабақ «Сөздер жеткіліксіз болған кезде» №4 Практикалық тапсырма



бет1/4
Дата03.10.2024
өлшемі48,99 Kb.
#146602
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
5-сабақ


5-сабақ «Сөздер жеткіліксіз болған кезде»
4 Практикалық тапсырма

Сіздер баланы дұрыс мақтауды, оған тапсырма орындауға, жақсы әдет қалыптастыруға мотивация беруді үйрендіңіздер. Бірақ кейбір жағдайда мұның өзі аз сияқты біртүрлі сезім болады. Менде сіздерге дәл осындай кезде қажет болатын нақты құралдар бар.


Балаға тәрбие берудің бір тармағы «сөзден әрекетке» туралы айтқым кеп тұр. Бала тілі шықпай тұрып-ақ, сөздің мағынасы мен ойын әрекет, қимыл-қозғалысқа қарап түсінеді.
Біз «су» дейміз де баланың қолын кранның астына қоямыз. «Әке» дейміз де, күйеуімізді көрсетеміз. «Берші» деп балаға қолымызды созамыз. Егер түсінсе, қолындағысын береді. Бала сөздің ар жағында қандай әрекет пен заттар тұрғанын біледі.
Кейірінек бала сөздің мағынасын түсінгенде, сөз бен әрекеттің мағынасы өзгермейді, өйткені біз іс-әрекет арқылы сөзді қабылдауды үйретеміз.
Жұмысыңыздағы директердің әрекетін есіңізге түсіріңізші. Директор отчет тапсыру немесе маңызды реформа жасау керек деп нақты тапсырма бермесе, тапсыратын күнін белгілемесе қызметкерлер әрекет жасамайды ғой. Оның сөзі сол айтылған жерде қалады. Ал егер ол шынымен кіріссе, әрқайсысына нақты тапсырма берсе, қызметкерлері бірден жұмысқа кіріседі.
Тәрбиеде де тура сол сияқты. Егер сіздің тапсырмаңыз бен өтінішіңіздің арғы жағында нақты әрекетке шақыру болмаса, бала ештеңе жасағысы келмейді. Тек анасы ашуланған кезде ғана тапсырмасының маңызды екенін түсінеді.
Осы жерде мынандай жағдай болады: анасы жай дауыспен айтқанда, бала естімейді. Ал айқайлаған кезде бірден реакция береді. Бұл жерде мәселе баланың қыңыр мінезінде емес, мәселе қарапайым қателікте!

1 Қателік. Сөз бен істің сәйкес келмеуі: сөзі мен ісі екітүрлі


Бірінші сабақтағы жағдайды еске түсірейік. Сәуле дұрыс жасады: нақты нұсқаулық берді, маңызын түсіндірді, кішкентай қадамдарға бөлді және дұрыс орындағаны үшін Айшаны мақтады.
Бірақ бұл әрекетінің өзі неге көңілге қонымсыз болды? Неге баласы ойыншықтардың бәрін жинамады?
Өйткені әрекет сөзден кейін жасалады. Егер бұл жағдайға мұқият қарайтын болсақ, берілген тапсырма нақты әрекеттермен пысықталмаған, сол себептен орындалмайды. Біз көбіне сөзге қарағанда тәжірбиеге көп сенеміз.
Егер фактіге оралсақ, Айша қанша уақыт жалғыз қалғанына назар аудару керек.
Анасы қызының жинауды бастады ма, ары қарай өзі аяқтайды деп ойлады. Нәтижесінде нұсқаулық пен орындау арасы ұзап кетеді. Былай қарасаң, аса маңызды нәрсе емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл үлкен қателік!

Егер біз айтқанымызды жасайтын іспен бекітпесек, екеуінің арасында келіспеушілік пайда болады. Балаға сөзбен басқа нәрсені түсіндірсек, ал әрекетпен басқа дүниені меңзейміз. Өзіңіз ойлап көріңіз: анасы қанша жерден айтса да, оны орындай ма орындамай ма ол баланың өз еркінде. Жасағысы келсе жасайды, жасағысы келмесе өзі біледі. Айша да басқа балалар сияқты ойыншықтармен ойнағысы келді, бірақ жинағысы келмеді.


Балаға бір әрекетті жасатудың аяғы қейде қолды бір сілтеумен аяқталуы мүмкін. Немесе нұсқаулықтан бас тарту. («Көндіре алмаймын, енд не істеймін?» ) Соңғы жұмыс істейтін мүмкіндік – айқайлау немесе қағып жіберу.

Мұндай жағдайда не істеу керек? Сіздің сөзіңіз бен баланың оған сай әрекет жасауының арасындағы уақыт маңызды роль ойнайды.

1 Көмек. Сөздің күшін арттыру үшін
Кейде балаға сіздің тапсырмаңызды немесе өтінішіңізді орындау үшін бір рет айту жеткіліксіз. Осындай кезде сөзіңіздің бірден іске көшуіне қалай әсер етуге болады?

Біріншіден, уақытты қадағалаңыз. Мен мұны «1 минут ережесі» деп атаймын. Егер сіз берген тапсырманы бала бір минуттың ішінде орындамаса, онда бұл жағдайда сіз балаға көмектесуіңіз керек.


Неге 1 минутта? Өйткені егер сөз бен әрекеттің арасы бір минуттан көп болса, сөзіңіздің құндылығы жоғалып, жай бір шу сияқты боп қалады. Сіз нақты әрекетсіз балаға менің айтқанымды жасамай-ақ қоюға болады немесе оны жасауға міндетті емессің дегендей ой саласыз.
Екіншіден, сіздің сөзіңізден кейін бала реакция білдіруден бөлек, әрекетке бірден көшетіндей стимул беріңіз. Ол үшін іс-қимыл, мимикамен көмек беріңіз. Бұл өте қарапайым, бірақ жұмыс жасайтын тәсіл. Көбіне бұны ата-аналар тәжірбиелерінің аздығы мен баланы қорқытып алам ба деп қолданбайды.
Бұл дұрыс емес. Өйткені бала мен ананың арасында қимыл-қозғалыстық байланыс болуы заңдылық.

Қимыл-қозғалыспен көмектесу деген не? Оған не кіреді:


Сөзді бекітетін дене қимылы (жест). Мысалы, машинаны былай алып таста дегенде, анасы қолымен көрсетеді немесе қолына алады.
Баланың денесін қажетті бағытқа бағыттау. Иегінен ұстап басқа жаққа бұру, арқасынан алдына қарату, қажетті жерге алып келу
«Қолма қол» техникасы. Баланың қолынан ұстап ойыншықты жинату.
Осы әдістерді бүгін қолданып көрсеңіздер, сөздеріңізге күш беретінін байқайсыздар.

2 Қателік. Тапсырманы орындағанда ата-ана бақылауының жетіспеуі


Көбіне ата-ана балаға тапырма беріп кетіп қалады. Неге?
Өйткені олар бақылаушы болғысы келмейді.
Екіншілері, бала өзі үйренуі керек деп есептейді.
Үшіншілері, балаға көмектессек, ол ешқашан өз еркімен бір нәрсеге істей алмайтын болады деп ойлайды. Төртіншілері, менің сөзім заң, өзі үйрені керек деп, балаға бірінші үйрету керегін ойламайды.
Ал балаларда пайдалы дағды, әдет қалай дамиды, сол талқылайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет