Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі



бет5/5
Дата03.11.2022
өлшемі33,96 Kb.
#47290
1   2   3   4   5
Қорытынды

Мәнерлеп оқу көркем туындыны қабылдай білу, түсіне білу әрі талдай білуге жетелейтін маңызды бір тәсіл десек, артық айтпаймыз. Мәнерлеп оқу, ең алдымен, оқушыларды көркем туындыны барлық бітім-болмысымен толық түсіне білуге алып келеді. Көркем шығарма бойына «қан жүгіртіп, жан бітіретін» мәнерлеп оқу болып табылады. Әдеби талдау барысында мұғалім үнемі мәнерлеп оқуға көңіл бөліп отыруы керек. Әсіресе, кейіпкерлерге мінездеме бергенде, жазушы стилі, көркем тіл айналасында сөз болғанда, қорыта айтқанда, бір мәселеге ерекше көңіл бөле талдағанда, оны мәнерлеп оқусыз жүзеге асыру өз дәрежесінде болмайды. Мәнерлеп оқу – білім алушының талабы мен талғамының, білім дәрежесінің, ой-өрісінің көрсеткіші. Оқырман көркем шығарманы көп оқыса, оқығаннан көңілге тоқығаны мол болса, оқу техникасы жетілген болса, оның оқу, орындаушылық шеберлігі де соғұрлым арта түседі. Мәнерлеп оқу материалын таңдаған кезде оның тартымдылығы, тәрбиелік мәні, шығарма мазмұны мен тілінің бала ұғымына ауыр болмауы ескеріледі.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Т. Ақшолақов, Шығарманың көркем айшықтарын таныту, А., 1998.

  2. Жұмақаева Б.Д «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» Алматы, 2015. – 242б

  3. А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992.

  4. Р. Сыздықова, Б. Шалабаев, Көркем тексті лингвистикалық талдау, А., «Мектеп», 1989.

  5. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990.

  6. Қ. Бітібаева. М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту А., «Жазушы», 1994.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет