Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі



бет3/5
Дата03.11.2022
өлшемі33,96 Kb.
#47290
1   2   3   4   5
Логикалық кідіріс кезінде сөздің мағыналық салмағы рөл атқарады.
Оқылатын мәтіндегі сөздің мағыналық жүгі өзгелерге қарағанда салмақты
болған жағдайда, оған екпін түсіре оқу қажет болады. [2.99 б].
Грамматикалық кідірістер көбіне тыныс белгілермен беріледі. Тыныс
белгілер грамматикалық кідірістердің дұрыс қойылуына жәрдемдеседі.
Граматикалық кідірістер де әртүрлі реңкте болады. Мәселен, қос нүктеден
кейінгі кідіріс пен сөздердің біріңғай мүшелерінен кейінгі кідірістер бірдей
емес. Кейде тыныс белгілерге қатысты граматикалық кідірістердің
сақталмайтын тұстары да болады. Оның бәрі мәтіннің идеялық мазмұнына
қатысты болып келеді.
Психологиялық кідіріс мәтіндегі көңіл-күй өзгерістеріне қатысты
болады. Мәтіндерде алуан түрлі көңіл-күй болуы заңды: сүйсіну, қуану, шат-тану, ашулану, сыздану, тістену, ызалану, ызғарлану, күйіну, таңырқау, таң-дану, кекесін, жағыну, жарамсақтану, мысқыл, ажуалау, сенімсіздік, өксік
үні, түңілу, дандайсу, самарқаулық, т.б. Осы көңіл-күйді беруде дауыс
реңкін дөп келтіру, мәтіннің эмоциялық жақтарын түсініп оқу, ой сезімін
білдіре оқу маңызды.


1.3. Мәнерлеп оқудың түрлері
Мәнерлеп оқу - әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эсстетикалық әсерін сензіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
б) көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Мәнерлеп оқу 3 сатыдан тұрады. Таным үш сатылы. I саты – сезімдік таным, оқушы нені болса да әуелі бес сезім арқылы қабылдайды. Мазмұнды оқып білу, игеру – алғашқы сезімдік танымға жатады. II саты – шығарманың өзіне тән көркемдік ерекшеліктерін танып оқу (талдап оқу) болмақ. Бұл тұста оқушы көркем сөздің заңдарын үйренеді (образ, композиция, тіл, сюжет, өлең өлшемі, жанры, тақырыбы, идеясы). Мұны ақылдық таным дейміз. Білім мен таным оқушыға осы екі оқу тұсында беріледі. Ақылды байытудың бір құралы – ес. Бірақ ол – психологиялық процесс.Бұл екі оқудан мәнерлеп оқудың жөні тіпті бөлек. Онда зор сапалық айырма бар. Ол неде? Мәтінді оқу, талдау тұсында оқушы төселіп білім алып, алға басады. Оны білім жинақтау сатысы дейміз. Бірақ танымның биік сатысы қиялдай білу болады. Оқушының қиялы, қиялдау қабілеті үшінші оқу тұсында дамиды. Енді ол озінің білгенін қиялдап жаңадан айта алады. Алғашқы лқу мен талдау тұсында бала білім алу сатысында болса, мәнерлеп оқу тұсында олар бізге алған білімін қайтарады, сондықтан оны шығармашылық саты дейміз. Оқу, талдау – сандық оқу, мәнерлеп оқу – сапалық оқу. Оны қайтарма оқу дейміз.
Мәнерлеп оқу V–VII сыныптардан басталады, ол үш түрлі формада үйретіледі.
1.Даралап оқу. Оқушы өлең жаттайды. Оны мәнерлеп орындату дейміз. Кейде бала прозаны да жатқа орындайды. Мұнда сөйлеу мәнері басты орын алады. Өлеңді жаттап, ешқандай мақам, ырғақсыз айтса, оның берері жоқ. Бұ л оқу көбіне сезімдік танымға жатады. Жаттауға бүгінгі ақындардың шығармаларынан бастап, фольклор шығармаларын да ұсынамыз. Даралап оқу баланың лексикасын байытады, логикалық ойын дамытады.
2.Мәтінді рөлге бөліп оқыту. Мұны кейде кейіпкерге еліктеп оқу деп те атаймыз. Бұл көбіне талдау сабақтары тұсында қолданылады. Оған диалог сөз, драмалық шығарма үзінділері, мысал, айтыс жанры қолайлы. Мәтінді рөлге бөліп оқыған жерде кейіпкерлерге мінездеме берудің қажеті жоқ. Мысалдың аллегориясын ғана ескертеміз.
3.Әндетіп оқу. Эпостарды өткенде монологтарды домбыра (жыр) күйіне салып айтса, бұл да күшті есте қалады. Абай шығармаларын өткенде де әндерін мәтінге негіздеп орындату керек. Ән мен көркем шығарманың бірлесуі – зор үлес.Мәнерлеп оқу – көркем шығармаға терең бойлап оқудың, шығармашылық ізденістің жемісі. Көркем мәтінді оқу алдында оқушы ондағы әр көріністі, әр деталды, әр сөзді іштей қорытады, толық меңгереді, оқу мақсатын белгілейді.Мәнерлеп оқу – оқушының талабы мен талғамының, білім дәрежесінің, ой-өрісінің көрсеткіші. Оқушы көркем шығарманы көп оқыса, оқығаннан көңілге тоқығаны мол болса, оқу техникасы жетілген болса, оның оқу, орындаушылық шеберлігі де соғұрлым арта түседі. Мәнерлеп оқу материалын таңдаған кезде оның тартымдылығы, тәрбиелік мәні, шығарма мазмұны мен тілінің бала ұғымына ауыр болмауы ескеріледі. Оқушыға прозалық және поэзиялық шығармалармен жұмыс жасауды қатар жүргізу қажет. Сонда ғана оқушы прозалық шығарманы мәнерлеп оқып, инсценировка жасалған кезде рөлдерді шебер орындай алады.Мәнерлеп оқу екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, тыныс белгілерін сақтап, дұрыс кідіріс жасау, дауысты сөйлемдегі ой мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқу ескеріледі.Сонымен қатар, кино, радио, теледидар арқылы әртістердің, көркем сөз шеберлерінің, дикторлардың оқуына зер салып, қадағалап отырады. Бұл оқушылардың сөз мәнерін, сөйлеу тілін жетілдіруге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет