Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Жоғары мектептегі дәріс формалары



бет6/17
Дата15.11.2023
өлшемі292,27 Kb.
#123118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жоғары мектепте оқыту технологиялары-emirsaba.org

Жоғары мектептегі дәріс формалары

Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты. XIX ғ. орта тұсынан бастап бүкіл әлемдегі ғылыми және техникалық білімдердің дамуына байланысты дәрістерді студенттердің жеке және белсенділік қасиеттерін жандандыратын практикалық сабақтармен толықтырудың қажеттігі дами түсті. Танымал орыс хирургі және педагог Н.И.Пирогов егер дәріс оқушы жаңа ғылыми материалдарды игерген немесе ерекше сөз құдіретіне ие болса ғана дәріс оқу керектігін мәлімдеген болатын. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев студенттердің өзіндік жұмыстарына үлкен мән берді, сондай-ақ педагогикалық қарым-қатынас үдерісіндегі дәрістің эмоционалдық әсерін де басып көрсетті. 1896 ж. Техникалық және кәсіби білім беру жөніндегі орыс қайраткерлерінің екінші съезі дәріс оқуды қолдады, олар жанды сөзді ғылыми білімді хабарлаудың күшті құралы ретінде таныды. Ал 30 жж. кейбір жоғары оқу орындарында тәжірибе ретінде дәріс оқу тоқтатылды. Тәжірибе өзін-өзі ақтамады. Студенттердің білім деңгейі күрт төмендеп кетті. Қазіргі уақытта оқу материалын дәріс түрінде мазмұндаудың жақтастары да, қарсыластары да бар. Олардың шешімдеріне тоқталып көрелік: 1. дәріс өзгелердің көзқарастарын пассив түрде қабылдауға үйретеді жеке ойлауды тежейді; 2. дәріс студенттердің өз бетімен білім алуларына кедергі жасайды; 3. егер оқу құралдары жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда дәріс қажет болады; 4. кейбір студенттер ойлап үлгереді, ал кейбіреулері механикалық түрде дәріс оқушының сөздерін жазып алып отырады. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер даярлығының ғылыми деңгейін төмендетеді, семестр бойғы жұмыстың жүйелігі мен тепе-теңдігін бұзады. Сондықтан дәріс бұрынғыдай ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастырудың жетекші формасы ретінде жалғасын тауып келеді. Ең бастысы, дәріс оқуда дұрыс әдісті таңдау және оқу материалын дұрыс құрастыру керек. Оқу үдерісінде дәрісті оқу формаларының басқа түрімен алмастыруға келмейтін жайттар да туындайды:  жаңа курс бойынша оқулықтар жоқ болып жатқан жағдайда дәріс ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады;  белгілі бір тақырып бойынша жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда көрініс таппаған жағдайда;  оқулықтың жекелеген тақырыптары өз бетімен меңгеруге қиын және дәріс оқушының әдістемелік тұрғыдан қайта даярлауын қажет еткен жағдайда;  курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қайшы тұжырымдар болған кезде;  студенттердің өзіндік көзқарастарын қалыптастыруда дәрісті оқытудың басқа формаларымен ауыстыра алмайсың. Дәрістің эмоционалдық бояуы терең ғылыми мазмұны ойдың, сөздің және тыңдармандар қабылдауының үндестігін арттыра түседі. Дәрістің артықшылықтары:  дәріс оқушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынасы;  дәріс – білім негіздерін алудың ең үнемді жолы;  егер дәріс жақсы түсінікті және мұқият тыңдалған болса ой қызметін белсендіреді. Кейінгі жылдары студенттердің лекторды еркін таңдау үрдісі белең алып келеді, бұл дәріс оқу шеберлігін өзектендіре түседі. Көптеген оқытушылар дәріс оқушының міндеті пәнді жақсы білу және оны түсінікті баяндау деп есептейді. Ал «баяндаудың түсініктілігі» дегеніміз не? Бұл күрделі педагогикалық мәселе, яғни баяндаудың бірізділігі, көрнекілігі, тыңдармандардың сапалы белсенді меңгеруі, т.б. Дәріске қойылатын талаптар: дәріс пен оқытудың байланыста болуы, дәрістің ғылымилығы мен ақпараттылығы (қазіргі ғылыми деңгейге сәйкестігі), ұтымды, сенімді мысалдардың, дәйектердің, негіздемелердің, ғылыми дәлдемелер санының барынша көп болуы, баяндаудың эмоционалды формасы, тыңдармандардың ойын белсендіру, ой қызметін жетілдіретін сұрақтар қою, баяндалатын мәселелерді шешудің нақты құрылымы мен логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен ережелерді, шешімдерді іріктеу, түсінікті тілмен баяндау, жаңа енгізілген терминдер мен атауларды түсіндіру, мүмкіндігінше аудиовизуалды дидактикалық материалдарды қолдану. Дәрістің құрылымы Дәріс өзінің құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Барлығы баяндалған материалдың мазмұны мен сипатына байланысты, дегенмен кез келген дәріске құрылымдық сипат тән. Ең алдымен, бұл дәріс жоспарын хабарлау. Жоспарға емтихан билеттерін құрастыруға септігін тигізетін дәрістердің негізгі мәселелерінің атаулары кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет