б) «Қара шаңырақ»: әулет орталығы қара шаңырақты қасиетті орда ретінде
сақтауда кенже ұлдың (кенже келіннің) орны туралы ұғымдарын қалыптастыру,
бұрынғы қазақ ауылы мен қазіргі қазақ ауылы туралы мағлұмат беру;
в) «Келін тәрбиесі»: келін тәрбиесінің ерекшеліктерін қыз бала бойына сіңіру,
қазақ келінінің қайын жұртымен қарым-қатынасының ерекшеліктері туралы
мағлұмат беру;
г) «Неке тәрбиесі»: қазақ халқының отбасы мен неке қатынастары жөнінде
қалыптасқан озық дәстүрлерін күнделікті өмірде пайдалануға үйрету; студиялар,
үйірмелер, көрмелер, зерттеу жұмыстары, рольдік ойындар. «Бағыну Заңының»
мәнін ашу, өзін тану, зерттеу, туыстық қатынастарды меңгерту. «Келін» ұғымының
сырын ашу, «Тек», «Текті» ұғымдарын меңгеру бағытындағы іс-шаралар жүзеге
асырылады.
А. Құралұлының «
Ұлттық дүниетаным» бағдарламасы [270, 18-29 б.б.],
бүгінгі нарықтық заманның білім беру талаптарына сай бұл бағдарлама көп тілді
жеке адамды түбегейлі қалыптастырудың жалпы-қазақстандық мүддесін көздейді.
Бағдарламаның мазмұнында қазақша сәлемдесу, басқа ұлт тілдерінде
сәлемдесу, мектепте, көшеде және үйде әдепті болу, жақын адамдардың атаулары
(ата, әже, әке, көке, шеше, апа, аға, әпке, сіңілі, қарындас), қол және саусақ атаулары,
қазақша ұзындық өлшемдері, төрт түлік және үй жануарлары төлдерінің атаулары,
жеті ата туралы түсінік, қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары, қазақша жыл аттары,
туыстық атаулары (нағашы, бөле, жиен, жезде), үй жиһаздарының атаулары, төрт
түлік пірлері, қазақ халқы – түркі тілдес халықтар бәйтерегінің бір бұтағы, ұлттық
тағам түрлері (ет, сорпа, ұн, дән тағамдары), ыдыс-аяқ түрлері, егіншілік, ұлттық саз
аспаптарының түрлері, қазіргі егемен еліміздің мемлекеттік басқару жүйесі, қазақ
хандары: Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, қазақ билері: Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би, қазақша қару-жарақ атаулары, ат әбзелдерінің атаулары, аңшылық туралы
әңгіме, қазақ халқының қолөнері, Қазақстандағы көне қалалар мен тарихи
ескерткіштер, киіз үй және оның түрлері, «Ел болам десең, бесігіңді түзе», бесіктің
түрлері, жүн түрлері және атаулары, кілем тоқу, мал терілерінің түрлері, сүйектен
жасалатын бұйым атаулары, тұяқтан жасалатын бұйым атаулары, қазақ халқының
ұсталық өнері, металдан жасалатын бұйым атаулары, қыз-келіншектерге арналған
зергерлік бұйымдар, ши тоқу, құрал жабдықтары, ұлттық киім түрлері, қонақты
қарсы алу, ас ішу дәстүрі, қазақтың сазгерлік аспаптары, ер қаруы-бес қару, садақ,
қылыш, найза, айбалта, шоқпар, «Ту», «Байрақ», «Жайлау»-шығу тарихы, қазақ
халқының аңшылық өнері көрініс тапқан [270].
М.Оразаева, М.Смаилова дайындаған «
Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
Достарыңызбен бөлісу: