бағдарламасы [271], орта мектептерде ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тәлім-тәрбие
тарихынан арнайы сабақтарда мағлұмат беру арқылы жас жеткіншектердің мектеп
қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік беріледі.
Бағдарламаның мазмұны қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсінік, бала тәрбиесіне
байланысты салт-дәстүрлер (шілдеханадан бастап – үйленуге дейін), табиғатты
аялау, экономикалық тәрбие, тұрмыстық салт-дәстүрі (киіз үи-баспана,
шаруышылық түрі 21 сағат), әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер (ауыл адамдарының,
туысқандық қарым-қатынастар, үйлену тойы, халықаралық мерекелер, т.б. 26 сағат),
жаңа заман дағдылары (4 сағат, барлығы 70 сағат) қамтиды. Бағдарлама дәрістер,
әңгімелесулер, көрмелер, пікір алмасулар арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп өміріне ұлттық тәрбие идеяларына негізделген «Әдеп» оқу пәндері
енгізілді. Сол кезеңдерде оның да бірнеше авторлар дайындаған бағдарламалары
жарық көрді.
С. Қалиев құрастырған «Әдеп әліппесі» оқу пәні [268], балаға табиғи ортаны
қорғау, өмір сүру қабілетін қалыптастыру, халықтық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрді
үйрету арқылы жас ұрпақты ары таза, рухани байлығы мол, «Бала тәрбиелеуге
байланысты салт-дәстүрлер», «Тұрмыстық салт-дәстүрлер», «Әлеуметтік-мәдени
салт-дәстүрлер», «Моральдық өлшем туралы түсініктер мен қағидалар», немесе
«Жаңа заман салт-дәстүрлері» деп аталатын тақырыптар көмегімен ұлттық білім мен
тәрбие беруде:
- адамзат және қоғамдық іс-әрекеттерге пікір білдіріп қорытынды жасағанда
моральдық өлшем, ұғым қағидаларын қолдану;
- оқушылар мен үлкен адамдардың мінез-құлқына өз беттерінше қорытынды
жасату; моральдық тақырып бойынша хабар, әңгіме дайындау, көпшілікке өз пікірін
ауызша да, жазбаша да баяндап бере білугедағдыландыру;
- қоғамға жат қалықтарды талқылап, олармен күресу жолдарын үйрету
сияқты ұлттық біілімдерді қалыптастыру мәселелері қарастырылады .
С.Қалиев пен С.Иманбаева ұсынған орта мектептің оныншы сыныбына
арналған «Әдеп» пәнінің бағдарламасы [271], мәдениет, тәлім, әдеп, өнер ұғымдарын
қалыптастыру; өнер мен мәдениеттің бірлігі туралы түсінік беру; тәлімдік
(мейрімділік, кішпейілдік, еңбекқорлық т.б.) жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді
(өзім-шілдік, дүниеқорлық, көрсеқызарлық т.б.) ажырата білуге үйрету; міндет,
абырой, бақыт, сонымен қатар ынтымақ, бірлік, еңбекқорлық, ұлтжандылық туралы
түсініктерді қалыптастыру; отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, тәлімдік үлгі-
өнегесі, жора-жол-дастың тәрбиедегі әсері жайында түсінік беру; ғылым, білім мен
мәдениеттің қоғамдағы рөлі туралы; халықтық тәрбиенің түрлері, жан, тән саулығы
туралы; дін мен әдептің бірлігі; заң, билер, билік айту туралы; Егемен Қазақстанның
жаңа Конституциясының ерекшеліктері, демократиялық құқық қорғау ісінің өркен
жаюы туралы түсінік беру сияқгы ұлттық білім мазмұнын және адамзат
қоғамындағы әрекеттерге пікір білдіріп, моральдық, этикалык мінез-құлықтық
ерекшеліктерін ажырата бағалай білуге дағдыландыру туындыларын талдай, бағалай
білуге баулу тәрізді этнопедагогикалық икемділіктерін қалыптастыру арқылы
жастарды әдептілікке, кісілікке баулу мақсатын көздейді.
Ә.Табылдиевтің «Әдеп әліппесі» бағдарламасы [272], қазақ мемлекетінің
қазіргі мектептерінде 1-4 сынып оқушыларына имандылықты, мейірімділікті,
салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты үйрету болып есептелінеді. Бағдарламаның
мазмұнына әр сыныпта 35 сағат өзіңе-өзің әдеппен қызмет ету, сөз басы – сәлем,
аялаған ана, әлпештеген әке, ұлағатты тұлға, инабатты шәкірт бола білу,
имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері, қасиетіңнен айналайын
туған жер, еттен жасалатын қазақ тағамдары, жиһаздары, табиғатты аялау
дәстүрлері, үміт пен сенім дәстүрлері, жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы
әдептен сияқты бөліктер енген. Бағдарлама әңгіме, саяхат бата, нақыл сөздерді
жаттау, тағамдармен, үй жиһаздарымен таныстыру, рәсімдерді түсіндіру сияқты
әрекеттермен енгізілді.
Қ.Жарықбаевтың «Әдеп негіздері» [272 39-71б.б.], 5-7 сыныпқа арналған
бағдарламасының мақсаты: жас ұрпақты имандылық, адамгершілік, ұлттық
рухта тәрбиелеу. Бағдарлама мазмұны (әр сыныпта 35 сағат) әдеп пен әдептілік
жайлы жалпы түсінік; туыстық қарым-қатынастар; кісілік қасиеттер, олардың
ұнамды, ұнамсыз жақтары, қалыптасу және тәрбиелеу жолдары; ұлттық салт-
дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік, сәлем-сөздің анасы; денсаулық-зор байлық;
кісілік қасиеттердің оң және теріс көріністерінің қалыптасуы; парыз бен қарыз,
кісілік міндеттер, ұнамды, ұнамсыз түрлері, қалыптасуы мен тәрбиелеу жолдары
сияқты бөлімдер кірді.
Қ.Жарықбаевтың « Әдеп және жантану» [272, 72-130 б.б.], 10-11
сыныпқа арналған бағдарламасы ұлттық тәлім-тәрбие мен әдет-ғұрып, салт-
дәстүрдің ілкі бастауын отбасынан алатынына көз жеткізу, оған көзін жеткізіп,
бағыт-бағдар беру болып табылады. Бағдарлама мазмұны екі бөлімнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |