Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет55/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
Дәріс № 
Тақырыбы: Ұлттық дидактика негіздері 
Жоспар: 1. Ұлттық дидактиканың құрылу негіздері. 
2.  Ұлттық  дидактиканың  ақыл-ой  тәрбиесінің  міндеттерін 
құрудағы маңызы. 
Дәріс тезистері:  
Қазақстанда  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  білім  жүйесінде 
этномәдени  білім  мен  тәрбиеге  ерекше  көңіл  бөліне  бастады.  Біздіңше, 
этномәдени  құндылықтар  бүкіл  білім  беру  мен  тәрбие  жұмыстарының 
алтын  арқауына  айналып,  оның  мазмұны  мен  идеясында  отаншылдық 
тұғыр  болуға  тиіс.  Бұл  ретте,  әрине,  елдің  елдігін  дәріптейтін,  ұлттың 
ұлылығын  ұлағаттайтын  жүйелі  білім  мазмұны,  әсіресе,  қоғамдық-
әлеуметтік шаралар мазмұнды нәтижелер береді. 
Демек,  оқу-тәрбие  жұмыстарына  қатысты  бағыт-бағдарды,  мән-
мазмұнды, үлгі-өнегені айқындауда көзсіз еліктеу мен келеңсіз көшіру оң 
нәтиже  бермейді.  Әрбір  тәлім-тәрбие  жүйесінің  ең  өзекті  идеясына 
халықтық  қасиеттер  тұғыр  болуға  тиіс».  Сонда  ғана  жастар  өз  ұлтының 
уызына  жарып,  ұлттық  рухпен  рухтанады,  нағыз  патриоттық  сезім 
қалыптасады. 
Қазақстан  сияқты  көптеген  ұлыстар  мен  ұлттардың  өкілдері 
шоғырланған  мемлекеттің  алдында,  біріншіден,  біртұтас  білім  кеңістігін 
қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, жас ұрпақты қазақстандық мәдени-


рухани  қайнарлардан  сусындату  тарихи  қажеттілік  болып  отыр.  Осы 
тұрғыдан  келгенде,  Қазақстандағы  орта,  арнаулы  орта  және  жоғары 
мектептердің  мәдени-кіріктіруші  және  мәдени  түлетуші  қызметін 
танытатын  әлеуметтік  мақсаттары  айқындалуы  тиіс.  Олар,  біріншіден, 
жастардың  ұлттық  дүниетанымын  әлемдік  мәдени  құндылықтар  мен 
диалектикалық тұтастықта жетілдіріп отыру қажеттілігі; екіншіден, ұлттық 
құндылықтар жүйесін сақтай білуге және оны белсенді түрде басшылыққа 
алуға  жастарды  баулу  мәселесі;  үшіншіден,  жас  ұрпаққа  білім  беру 
барысында,  бір  жағынан,  бүгінгі  өркениетті  дүниеде  болып  жатқан 
өзгерістерді  ескеріп  отыруына,  екінші  жағынан,  өз  елінің  этномәдени, 
тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең тануына айрықша көңіл 
бөлу. 
Адамның  азаматтық  тұлғасы  мен  отаншылдық  асқақ  сезімдері  тек 
қана білім мен тәрбие барысында қалыптасады. Бұл ретте, Отан, ел-жұрт, 
төлтума  мәдениет,  салт-дәстүр,  моральдық-этикалық  нормалар  туралы 
білім мен біліктің қайнар көзі қоғамдық ғылыми дерктерден алады. Бүгінгі 
елмен  –  ел  араласып  кеткен  заманда,  Қазақстан  жерінде  шетел 
инвесторлары  мен  азаматтары  күн  санап  көбейіп  келе  жатқанда,  елдің 
қамсыз  отыруын  құптау  мүмкін  емес.  Әсіресе,  бұны  бүгінгі  білім  алып 
жатқан жас ұрпаққа ерекше жеткізудің мәні зор. 
Тәуелсіз елдің білім беру жүйесінің басты мақсат-міндеті - әлемдік 
білім кеңестігіне кірігу, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, 
бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастырып, білікті маман дайындау, сөйтіп 
мемлекеттің дамуына үлес қосу. 
Қазіргі ғылыми әдебиеттер мен энциклопедияларға сүйенсек – білік 
адамның  белгілі  бір  құбылыс  немесе  күрделі  мәселелерге  ой  жүгіртіп, 
пайымдау  қасиеті.  Қазақ  халқының  дәстүрлі  дүниетанымында  білік  адам 
бойында  оқудан  гөрі,  көрген-білгенін  көкірекке  тоқи  білу  арқылы 
қалыптасады.  Негізінен,  білік  көпті  көрген,  көкірегі  ояу,  санасы  сәулелі, 
байыпты  жандардың  бойында  болады.  Біліктің  екі  түрлі  сипатын  ашып 
көрсетуге  болады.  Оның  біріншісі  –  қоршаған  орта,  әлеуметтік 
құбылыстардың  мәнін  түйсікпен,  зеректікпен  түсіне  білу  қабілеті  де, 
екіншісі  –  адамдардың  жинақтаған  мол  тәжірибесін  игеру  негізінде  ой 
қорыту  қасиеті.  Бірінші  сипат  адамның  табиғи  физиологиялық 
ерекшелігіне,  оған  тек  арқылы  берілетін  қасиетке  байланысты  болса, 
екінші сипат, адамзаттың іс-тәжірибелік қызметін игеріп, меңгеруден келіп 
шығады. Осы екі сипаттың тоғысынан біліктің жоғары деңгейі –зиялылық, 
кемеңгерлік, даналық қасиеттер пайда болады. 
Білікті білімнен ерекшелендіріп тұратын басты белгі – оның ғылыми 
білімнен  тыс  форма  ретінде  де  өмір  сүретіндігі.  Кейде  білік  ұғымы 
маманның  кәсіби  қабілетінің  деңгейін  көрсететін  ұғым  ретінде  де 


қолданылады.  Ал,  біліктілік  –  адамның  белгілі  бір  білім  жүйесін 
тәжірибеде  пайдалана  алу  қабілеті,  адамның  өзі  таңдаған  қызметінде  өз 
білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, 
білікті  маман  болуға  бағытталуы.  Біліктілікке  үнемі  іздену,  өзін-өзі 
жетілдіру арқылы жетуге болады 
Ұлттық  дидактика  ынтымақтастық  қағидалары  негізінде  құрылады. 
Үйренудің көп бөлігі іс жүзінде дидактикалық әрекет негізінде жүргізіледі және 
білуге,  білімге  деген  қажеттілігіне  орай  берілетін  сұрақтарына  жауап  ретінде 
түзілген. Жас ұрпақтың ақыл-ойын дамыту жөніндегі үздіксіз жұмыстар ұлттық 
дидактика деңгейінде жүзеге асырылған. 
Ұлттық  дидактика  көздерін  және  халықтық  үйретудің  үрдісі  мен 
ережелерін зерттеу ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттерін құрудың мүмкіндігін 
туғызды,  ол  білім  алудың,  жаңаны  білудің,  білмегенді  түсінудің  қажеттігін 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет