Бақылау тапсырмалары:
1. «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу»
еңбектерінің авторы?
А) Шәкәрім
В) М.Дулатов
С) Н. Құлжанова
D) С. Торайғыров
Е) М. Жұмабаев
Дұрыс жауабы – С
2. «Халықтық тәрбиеден тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» қай
педагогтың тұжырымы?
А) К.Д. Ушинский
В) Л.Н. Толстой
С) Ж.Ж. Руссо
D) Я.А. Коменский
Е) Н.К. Крупская
Дұрыс жауабы – А
3. Халық тәрбиешілерін көрсетіңіз.
А) ата-әже, ауыл үлкенднрі, өнер иелері
В) қоғам, ру, тайпа, ұжым
С) мектеп, ұжым
D) еңбек, ұжым
Е) қоғам, орта, ұжым
Дұрыс жауабы – А
4. Қазақтың ойлау қабілетін барған көзім жетті деген кім?
А) А.Янушкевич
В) Левшин
С) Томсен
D) Абай
Е) Ілияс
Дұрыс жауабы – А
Дәріс №
Тақырыбы: Ұлттық тәрбие бағыттары
Жоспар: 1. Ұлттық тәрбиенің бағыттары.
2. Ұлттық тәрбиеде эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері.
Дәріс тезистері:
Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен
өмір-тіршілігіне,
тұрмыс-салтына,
дәстүрлеріне
байланысты
дүниетанымдық,
рухани-материалдық,
мәдени
құндылықтары
қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі. Қазақ даласы әлемге «Екінші
ұстаз» атанған Әл Фарабиды, Ж.Баласағұни, Ахмет Иассауи, М.Қашқари,
Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың еңбектері,
ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өміріне зор үлес
қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-салалы
ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина,
Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-
пірлеріне ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып,
бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет
саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының
қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Есік қаласынан табылған «Алтын адам» ескерткішінен бастап,
Орхон-Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып
жатқан ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық
шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі Қазақстан
мәдениетінің қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім
көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын
жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол
мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет қазыналары.
Ұлттық тәрбиенің бағыттары ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек,
экономикалық, экологиялық, құқықтық, т.б.
Көптеген теориялық зерттеулер атап көрсеткендей, халықтық күйдегі
эстетикалық идеал эстетикалық талаптармен біте қайнасқан. Ертегілерде,
әндерде, мақалдарда адамгершілік мінез-құлық эстетикалық оң пиғылда
айтылады. Айналаны қоршаған шындықты сипаттау кезінде, нақты эпитеттер:
"көк теңіз", "ашық аспан", "таза алаң" т.б. басымдылық танытады. Жағымды
жерлерді сипаттау кезінде де эстетикалық ашық бейнелер: "қайырымды адам,
"сұлу қыз", "туған ана", "туған әке", "оттай көз" пайдаланған. Бұрымды бейнелер
әдемі, әдепті, қайырымды, алды-артын ойлаған, сақ болып жүреді. Бала қиялында
эстетикалық идеал қалыптасады, және ол құбылыстың түрімен, адамның сыртқы
пішінімен ғана емес, ішкі мәнімен, жан-жағындағылдарға пайдалылығымен,
жалпы құндылығымен сипатталады.
Ұлттық тәрбиеде заттың эстетикалық құны, рухани мәні оның
граматикалық пайдасынан әлдеқайда жоғары саналады. Ертегілердегі жырлар,
жырларындағы жағымды кейіпкерлердің әрекеті тартымды, адамгершілікті,
әдемі, бірақ кейіпкерлер олардан бір сәттік пайдалы іздей алмайды. Батырлар
жырының кейіпкері адамгершілік тұрғысынан әдемі, бірақ өзіндік шешім
қабылдайды. Ұлттық тәрбиеде эстетикалық сезімнің қалыптасуы әдеміліктің
белсенді шығармашылықпен тұрмыста, еңбекте, қоғамдық және жеке өмірде,
айналадағылармен қарым-қатынастарда мүмкіндігіне жастардың назарын
аудартып, бағыттайды.
Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, ұлттық тәрбиеде эстетикалық
тәрбиенің негізгі міндеттеріне мыналарды: табиғатта, өнерде, тұрмыстағы
көркемдікті көре білуге үйрету; әдемілікті сыйсыздықтан ажыратудан үйрету; өз
айналасын әсемдеуге, қабылдай білуге үйрету; халық өнерінің туындыларын
жасауға үйрету; адамгершілік - әдемілік заңдылықтарымен өмір сүруге үйрету,
жеке тұлғаның эстетикалық дамуына әсер ететін ұлттық тәрбиенің мәнді
көздеріне: халық ауыз әдебиет (өнері), әндер, билері, киім тұрмыстың эстетикасы,
ойындар т.б. жатады. Этнопедагогикадағы эстетикакалық тәрбие оның
эстетикалық ортасының болуын ойластырады.
Эстетикалық құндылықтарды иеленген адам дүниеге басқа көзбен
қарап, көзқарасы өзгереді, тіпті күнделікті үйреншікті өмірде
қолданылатын заттарға сипат беруге ұмтылады, іс-әрекеттерінде
шығармашылық қатынасы қалыптасады. Қоршаған табиғаттың, қоғамдық
ортаның, адамдардың әсемдігін сезінуге талпынады.
Этнопедагогика материалдарының көпшілігін өнер туындылары
құрайды. Өнердің, әсіресе поэзия мен музыканың әсер күші гипнозбен
пара-пар. Өнердің сендірушілік, иландырушылық функциясы дінді
уағыздауда пайдалатындығы белгілі. Ғалым болжау негізінде ой
тұжырымдаса, суреткер оны бейне-кейіпкер ретінде көрсетіп, белгілі бір
ой-пікір мен сезім тудырады. Интуициялық ой-қиялдың негізінде ғажайып,
фантастикалық, фольклорлық шығармалар дүниеге келген. Адамның
осындай түсіндірмелі сипаттағы ойлау қабілетін бүгінгі нейрофизиология
мен психология ғылымы дәлелдеп отыр. Ой – сананың осы қабілетті тек
индуктивті бағытымен ғана емес, болашақтың ықтималдық дамуын
сипаттай алуымен ерекшеленеді.
Тәрбиелік функциясы қазақ халқының жеткіншек ұрпақты
күнделікті өмірге бейімдеп, болашағына бағыт-бағдар беруінен байқалады.
Үлкендер әрдайым ат жалын тартып мінуге талпынған жас буынға
қоғамдағы өз міндетін жауапкершілікпен бұлжытпай орындауға, қажымай-
талмай еңбек етуге көмектесіп, оларға қажетті білім, іскерлік, дағдыларды
меңгертуді көздеген.
Халық
шығармашылығындағы,
салт-дәстүрлер
мен
әдет-
ғұрыптарындағы өнегелі үлгілер мен даналық көзқарастар, идеялар мен
дидактикалық білімдер жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық
түсініктерін, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға, жазылмаған
заңдар мен қоғамда қабылданбаған мінез-құлық мөлшерлерін бұлжытпай
орындау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Қазақ этнопедагогикасы мазмұнында қоғамның дамуы барысында
қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтар мен өшпес моральдық
өлшемдер адалдық, шыншылдық, борыш, парасаттылық, жауапкершілік,
ар, намыс, ұят, еңбекқорлық, риясыздық, үлкенді сыйлау қасиеттері бүгінгі
заман талабына сай дара қасиеттерді тәрбиелеудің қайнар көзі. Егер Дулат
Бабатайұлы пайымдаған «кісілік келбет» ұғымы, М.Өтемісұлы, Сүйінбай,
Шортанбай сияқты «зар заман» алыптарының ақындық, жыраулық дәстүр
жаңа заман ұрпағының рухани жетілуіне, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына, азаматтық тұрғыда өзін-өзі танып білуіне ықпал етсе, қазақ
ертегілері баланы жақсыдан жаманды айыра білуге, туған Отанын, елі мен
жерін табиғатты қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелейді, атамұра дәстүріне аялы
көзқарасын, әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастырады.
Дамытушылық функциясы студенттердің халықтың рухани
қазынасын меңгеруге қызығушылығын оятып, қажеттілігін дамытады,
тілін ұстартып, ой қызметтерін белсендіреді, сенсорлық және қозғалыс
эмоциясы, ерік және қажеттілік – мотивациялық қабілеттерінің дамуын
ілгерілетеді. Мысалы, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, бала тілінің
мүкістігін түзетуде фольклордың, оның ішінде жаңылтпаш, қаламақ,
санамақ сияқты қызғылықты ойын әрекеттерінің дамытушылық қызметі
өте жоғары.
Халықтың педагогикалық тәжірибесінде белгілі бір кәсіпкерлікке
машықтандыру (атбегі, құсбегі, малшы, егінші, т.б.) баланы
байқампаздыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа үйретеді, өз бетімен ой
қорытып, обьективтілерді өңді белгілеріне қарай ажыратуға, іс-әрекет
жасаудың өнімді амалын, жолын дәл табуға ұмтылдырады.
Студенттердің сенсорлық, қозғалыс, эмоциялық сфераларының
дамуында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері маңызды қызмет
атқарады. Зергерлік өнер, құрақ құрастыру, түстерді, формаларды
үйлестіру кеңістікте орналастыру іскерліктерін, түстерді, формаларды
қабылдағыштық қабілетін ширатады. Айран, қымыз, шұбат тәрізді ұлттық
тағамдарды дайындап үйрену олардың иіс сезгіш қабілеттерін арттырады.
Дене еңбегі, табиғатпен қатынаста болу. Дене тәрбиесінің субъективті
көздеріне болыс ойындары, жастардың ойын-ермектері, ойын-сауықтары т.б.
Ұлттық тәрбиеде дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде дәстүрлі халық
медицинасының негіздерін білу ұсынылған. Халық мәдениетінде адамдарды
ауыз сумен, саз-балшықпен, ыстық, не суықпен емдеу белсенді түрде
пайдаланылған. Жоғарыда айтылғандар бірнеше қорытындылар жасауға
мүмкіндік береді. Тәрбиелеу ортасы халық тәрбиесінің мәнді факторы болып
есептеледі. Оның негізгі субъектілері: тәрбиелеу орталары т.б. Олардың жүйелік
ықпалы жанама түрде ұлттық тәрбиенің әдістерімен, амалдарымен, түрлерімен,
тәсілдерімен, көздерімен жүргізілді. Ұлттық тәрбие жүйесінің міндеттеріне
төмендегідей дәстүрлі адамгершілік қасиеттері кірді, үлкендерді құрметтеу,
әйелдерді сыйлау, қонақжайлылық, еңбекқорлық, адамдық қасиет, жомарттық,
өз-ара құрмет, адалдық, әділдік, жауапкершілік, біршілдік, батылдық, ерік,
шаруақорлық, жанұяны асырай білу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |