үлкендердің өнегесі, қоғамдық пікір, еңбек сүйгіштік, кез келген еңбекке деген
психологиялық даярлық.
Зерттеулер қорытындылары көрсеткендей ұлттық тәрбиедегі еңбек
тәрбиесі мазмұны шартты түрде үш деңгейге бөлінді:
- ақыл-ой, ойын, ойыншық, ән-жыр, ертегі т.б. арқылы моральдық -
психологиялық тұрғыдан еңбекке дайындығын қалыптастыру;
- қосымша жұмыстарға араластыру, алғашқы еңбек дағдыларын
қалыптастыру, жынысына қарай бөлінетін жұмыстармен таныстыру;
- негізгі еңбек түрлеріне деген тұрақты дағдыларын қалыптастыру, өнімді
еңбекке біртіндеп баулу, отбасындағы барлық еңбек түрлеріне қатыстыру.
Еңбекке дайындық еңбек нәтижелеріне деген қатынасты тәрбиелеумен
дамытылады. Өнегелі ұрпақ бойында кез келген еңбекке деген құрметті
қалыптастыруға, өзгенің меншігіне қол сұқпауға тәрбиелейді. Этнографиялық
байқаулар көрсеткендей, қажетті деңгейде еңбек дағдыларын игеру үшін, іс
жүзінде әр түрлі шешімдер қабылдау үшін білім және интеллектуалдық даму
деңгейі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: