Жоспар І кіріспе ІІ негізгі бөлім қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы»



бет12/15
Дата08.12.2023
өлшемі60,24 Kb.
#135407
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Театр. Кино. 1974 жылы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылған «Қан мен тер» драмасының режиссері Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды. Қазақ КСР-де М.Ю. Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры, ұйғыр, корей театрлары да ірі табыстарға жетті. Н. Тілендиев, Е.Р. Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, Ш. Қалдаяқов, ұйғыр сазгері Қ. Қожамияров т.б. сазгерлер де ірі табыстарға жетті. Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ә. Дінішев, Р. Рымбаева, Н. Есқалиева т.б. әншілер есімдері республикаға кең тарады. Ш. Айманов, С. Қожықаев, М. Бегалин сияқты кинорежиссерлер «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән» кинотуындыларын көрермендерге ұсынды.


Қорытынды
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық - саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1945 жылы қазан айында Алматыда Республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғары Кеңесінің мерекелік сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендермен және медальдармен наградталды.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бес-жылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастауға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени- тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды.
Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада соғысқа дейінгі 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет