Жүрек-қан тамырлар жүйесі (сердечно-сосудистая система, systema cardiovasculare)

бет4/6
Дата22.07.2022
өлшемі1,21 Mb.
#37850
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Оң жүрекше артында кеңейген, алдында тарылған. Жоғарғы артында жоғарғы қуыс вена төменгі жағынан төменгі қуыс вена(v. cava inferior) құйылады. Жүректің алдына қарай шыққан қуыс өсінді оң құлақшаға жағасады. Оң және сол құлақша қолқаның негізін, өкпе сабауын қоршап тұрады. Оң жүрекше мен қарыншаның арасында тесік бар. Тесікті үш жақтаулы қақпақша жауып тұрады. Қақпашаның жармаларының орналасуына байланысты алдыңғы(cuspus anterior), артқы(c.posterior) және аралық(c.septalis) болып бөлінеді. Олар эндокардтың тығыз дәнекер талшықты тінінен пайда болған қатпарлар. Қақпаша қанды жүрекшеден қарыншаға өткізіп, оны кері ағудан сақтайды.

Оң қарынша - сол қарыншадан ет пердесімен бөлінген. Оның қуысы екі бөліктен тұрады. 1. Артқы қарынша бюстығы. 2. Артерия түтігі. Оң қарыншаның артерия түтігі бөлігінде ет трабекулалары бар. Артерия ішкі бетінде үш бұлшық ет өсіндісі – емізік бұлшық еттері орналасқан. Олардан жармаы қақпашаларға сіңір талшықтары тартылған. Қан оң қарыншадан өкпе сабауының тесігі(ostium trunci pulmonalis) арқылы өтеді. Оң қарынша мен өкпе сабауының арасындағы тесікті жарты ай тәрізді қақпаша (valvula semilunaris dextra)жауып, қанды кері ағудан сақтайды.

Сол жүрекше - оң жүрекшеге ұқсас арты кеңейген, алды тарылған. Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венсы құяды. Бұл веналар арқылы жүрекке артерия қаны құйылады. Жүрекше қарынша тесігі арқылы қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. Сол жүрекше мен сол қарыншаның арасындағы тесікті екі жармалы (vaiva atrioventricularis sinistra, mitralis) жауып тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет