Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет68/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазақтілді медиакеңістіктің түрлі құрылымдарында көрініс тапқан 
лингвоэкологиялық мәселелерді теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерттеу 
төмендегідей қорытынды тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. 
Қазіргі әлемнің жаһандық үдерістерінің ғылымның интеграциялануына 
алып келуі білім салаларының экологиялану, экологиялық сана қалыптастыру 
мәселесінің өзектілігін дәйектейді. ХХІ ғасырдағы зерттеулердің нысанына 
қоршаған әлемнің түрлі салаларында пайда болып жатқан экологиялық 
мәселелердің алынуының себебі де осы. Сондықтан тіл білімі мен экологияның 
тоғысында пайда болған лингвоэкология бағытының бүгінгі маңыздылығы 
уақыт талабымен өзектеледі.
Қазіргі уақытта қазақ лингвоэкологиясы пәнаралық жаңа бағыт 
саналғанымен, бұл бағытта жасалған зерттеулер лингвоэкологияны тілді 
зерттеудің кешенді мәселелері мен әдістерін сипаттайтын синтезделуші 
ғылыми пән ретінде тануға мүмкіндік береді.
Лингвоэкология 
әлеуметтік, 
тарихи, 
саяси 
және 
басқа 
да 
экстралингвистикалық факторлармен шартталған, тілге және сол тілде 
сөйлеушілердің тілдік санасына оң немесе теріс әсер ететін экологиялық 
ұстанымдар тұрғысынан тілдің (метафоралық «тіл саламаттылығы») күрделі 
семиотикалық жүйе ретіндегі жағдайын, сондай-ақ тіл мен тілдік тұлғаны оған 
теріс әрі оң ықпал ететін өмір сүру ортасынан қорғау жолдары мен амалдарын 
зерттейді. Лингвоэкологияның зерттеу пәні екі бағытты: 1) тілге және; 2) сол 
тілде сөйлеушіге, яғни жеке алғанда әрбір тілдік тұлғаға, тұтас алғанда тілдік 
ұжымдарға (этнос, социум, мемлекет) тиетін жағымды әрі жағымсыз 
ықпалдарды зерттеуді ұстанады.
Лингвоэкология мен сөз мәдениеті екі бөлек пән болып есептеледі. Бұл 
екі ұғымның аражігін, тиісінше екі пәннің пәндік мазмұнын олардың негізіне 
алынатын басты аксиологиялық концептілердің оппозициясын құрау арқылы 
ажыратуға болады. Сөз мәдениеті дәстүрлі түсінікте дұрыс па, әлде бұрыс па 
деген сұраққа жауап береді, яғни қандай да бір сөз бірлігінің әдеби тіл 
тұрғысынан нормативті немесе нормативті еместігі анықталады. Қазіргі 
заманауи түсінікте бұл қатар орынды-орынсыз, тиімді-тиімсіз, айқын-белгісіз, 
мәнерлі-мәнерсіз оппозицияларымен толығады. Лингвоэкология болса, пайдалы 
немесе зиян (экологиялық немесе экологиялық емес) тұрғысынан қарастырады. 
Бұл ретте лингвоэкология мен сөз мәдениетін бірін-бірі толықтырушы, бірақ 
мақсаты мен нысаны, тілдік және сөйлеу фактілерін бағалау критерийлері 
тұрғысынан әртүрлі пәндер деп қарастыруға болады.
Лингвоэкологияның терминдік кеңістігі «тілдік орта», «тілдік тұлға», 
«тілдік сана», «тілдік құзыреттілік», т.б. негізгі концептуалдық ұғымдардан 
бастау алады. Бұл ұғымдар өзара байланысты және лингвоэкологиялық 
тезаурустың біртұтас концептуалды өзегін құрайды.


146 
Тілдің өміршеңдігі сол тілді қолданушылардың әлемінде өмір сүруімен 
өлшенеді және сол тілді қоғам өмірімен байланыстырмай зерттеу тірі тілді өлі 
тілге айналдыратыны анық. Сондықтан қазіргі тілдің жай-күйін осы уақыттың 
құбылыстарымен, қоғам тіршілігінің жалпы жағдайларымен байланыстыра 
зерттеу мақсатында зерттеу нысанына қазақтілді медиакеңістік алынды. Себебі 
бүгінгі қоғамның тілдік ортасы – медиакеңістік.
Медиакеңістік – техногендік өркениет пен ақпараттық жаһандану 
жағдайында ақпараттың қозғалысы мен коммуникациялық байланыстардың 
шекарасы жойылған, аудиторияның әлемді қабылдауының идеологиялық, 
эмоционалдық, тіпті түпсаналық танымын қалыптастыратын, ақпараттар мен 
мәдени кодтар жасалатын, таратылатын және эстетикаланатын басты сандық 
экожүйе. 
Әлемдік жаһандану мен интеграция ғасыры медиакеңістікке үлкен 
лингвоэкологиялық жауапкершілік артады. Себебі БАҚ-тағы негативизм, 
әлеуметтік желілердегі өшпенділік тілі, агрессия, ақпараттардың жалғандығы 
сынды проблемалар медиакеңістіктегі саясаттың жаһандық бәсекелестік 
бағытынан жаһандық жауапкершілік бағытына өтудің маңыздылығын, 
мәдениетаралық қарым-қатынастарды элитарлықтан эгалитарлық сипатқа 
көшіру қажеттігін көрсетеді. Әсіресе, интернет пен әлеуметтік желілердің 
қоғамға деструктивті ықпалы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. 
Медиакеңістіктегі бұл проблемалар адамдардың жаңа құбылыстар мен 
қатерлерге 
иммунитетін 
қалыптастыруын, 
медиа 
қоғамдастықтардың 
медиадағы үдерістерді жан-жақты зерделеуін қажетсінеді. 
Лингвоэкология қазіргі жаһандану үдерісіне сай өркениеттердің тоғысуы, 
геосаяси, 
ұлтаралық, 
дінаралық, 
мәдениетаралық 
диалогтардың 
медиакеңістікке ықпалының артуы, ақпараттық-технологиялық медиакеңістік 
шекарасының кеңеюі, т.б. заманауи факторлардың әсерінен қазақтілді 
медиакеңістікте жедел қарқынмен жүріп жатқан интеграциялық үдерістердің 
лингвоэкологиялық тетіктерін іздестіреді. 
Медиакеңістікті лингвоэкологиялық тұрғыдан зерттеу оның тілін 
адамның өмір сүру ортасы ретінде қарастыруды, медиатехнологиялардың 
индивидтің психикасы мен қоғамдағы әлеуметтік-мәдени үдерістерге тигізер 
ықпалын анықтауды көздейді. Мұндағы басты міндет – ақпараттық кеңістік 
сапасының өлшемдерін адамға зиянсыз болу тұрғысынан бекіту. Яғни адамның 
ақпараттық, тілдік, мәтіндік ортасы қаншалықты экологиялық таза, адам мен ол 
өмір сүретін ақпараттық ортаның қарым-қатынасы қаншалықты үйлесімді 
екенін анықтау қажет. Бұл ретте коммуникативтік, мәтіндік, ақпараттық орта 
секілді күрделі құбылыстардың экологиялық сипатын бекіту және олардың 
көптеген мәтіндік хабарламаларды қолданатын, жалпыға ортақ диалог 
контексінде өмір сүретін адресаттардың санасына әсер етуін қарастыру 
мәселесі алға шығады. Жағымды ақпараттық
орта ақпараттық кеңістік 
субъектісінің дамуына жағдай жасайды, жағымсыз ақпараттық орта оның 
өмірлік және өнімділік әлеуетіне нұқсан келтіреді. Бұл жерде нақты индивид, 


147 
адамдардың әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтары, тұтас қауымдастықтар 
мен түгел социум қорғаныс нысанына айналады. 
Елдің әлеуметтік-мәдени кеңістігіне енетін адамның азаматтық 
санасының дамуына оң жағдай туғызатын ақпараттық тепе-теңдікті анықтау 
мақсатында телеарналардың қазақтілді жаңалықтар бөліміне жүргізілген 
лингвоэкологиялық мониторинг телеарналарда негативті ақпараттың басым 
екенін дәлелдеді. 
Зерттеу материалдары қазіргі телевизиялық бағдарламалардың қанды 
оқиғалар, зорлық-зомбылық, адамның физиологиялық қажеттіліктері (тамақ, 
физиологиялық ауытқу, тән қалауы), негативті сезімдері (қорқу, жек көру, т.б.) 
туралы айтылатын жағымсыз хабарларға толы екендігін айғақтады. Бұл 
адамдардың физиологиялық қажеттіліктерді рухани дүниелерден артық көруге, 
сондай-ақ тұлғаны төмендететін, намысына тиетін дүниелерді қалыпты нәрсе 
санауына алып келеді. 
Лингвоэкологияның мақсаты, бір жағынан, тілдің өзін-өзі қалай 
сақтайтынын зерттеу, яғни оның өз саламаттылығын сақтауын немесе біртіндеп 
лингвицидке жақындауын (адамның оны дұрыс пайдаланбау нәтижесінде) 
анықтау болса, ал, екінші жағынан, адам денсаулығын жақсарту, жетілдіру 
жолдарын іздестіру болып табылады. Осылайша лингвоэкология тілдің 
екіжақты қызметін зерттейді: оның дұрыс қолданылуы тіл мен адам 
денсаулығын сақтайды, бұрыс қолданылуы тіл мен адам денсаулығын бұзады.
Негативті ақпараттар – жағымсыз эмоция тудыратын тітіркендіргіш 
күштер. Мұндай тітіркендіргіш күштердің әсерінен адамның денесі, жүйке 
жүйесі, психикасы соққы алып, стрестік күйге түсіреді. Тілдік тұлғаның
психотиптік және лингвистикалық тұтастығы бұзылады. Қоғамның өнегелік-
этикалық нормалары төмендейді.
Ашулы, мінез-құлқы өзгерген тілдік тұлға коммуникация барысында 
ашулы күйінің әсерімен тілдік агрессия тудырады. Тілдік агрессия – 
сөйлеушінің ашулы күйінің ықпалымен жүзеге асатын сөйлеудегі мінез-құлық. 
Оның түрлері мен формаларына қатысымның қорлау, дұшпандық, қоқан-лоққы, 
дөкір талап, дөрекі бет қайтару, жазғыру, келемеж, шағым, сөз тасу, т.б. 
экологиялылық емес түрлері жатады. Адресаттың коммуникативтік кеңістігіне 
тілдік, аксиологиялық және когнитивті деңгейлерде баса-көктеп кіру тілдік 
агрессия болып саналады. Сөйлеу барысында агрессивті коммуникативтік 
амалдарды қолдану тұлғаның моральдік-өнегелік құрылымын бұзады, сол 
арқылы коммуникативтік серіктеске ауыр психологиялық зардап тигізеді.
Медиакеңістіктегі агрессивті ақпараттар ағынынан қорғану үшін, 
сонымен қатар экологиялық қатысым құру үшін тілдік тұлғаларға эмотивтік 
құзыреттілікті қалыптастыру қажет. Себебі сөздегі эмоцияның, оның 
энергетикалық күшінің әсері күшті физикалық соққылардан кем түспейді. 
Эмоционалды теңдікті ұстау, шиеленісті ушықтырмау, тілдік агрессияны 
жұмсарту, эмоционалды төзімділікті сақтау және т.б. тәсілдерді игерген адам 
өзінің вербалды эмоциялық күйін басқара алады, қақтығысқа ұласуы мүмкін 
жағдаяттардан шыға алады, негативті ақпараттың эмотивті реңкін бәсеңдете 


148 
алады. Бұл амал-тәсілдер кез келген тілдік тұлғаның эмотивтік құзыреттілікті 
игеруі арқылы жүзеге асады.
Эмотивтік құзыреттілік – бұл адамның эмоцияларды түсінуі мен олардың 
қызметін, өлшемін, атауларын, тілдік бірліктердің эмоционалды семантикасын, 
тілдік таңбалардың эмотивті валенттілігін білуі, сөйлеу әрекеті үдерісінде 
дамитын және әлеуметтік қарым-қатынас тиімділігін қамтамасыз ететін 
эмоционалды білімдерінің, дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы. 
Эмотивтік құзыреттіліктің компоненттеріне мыналар кіреді: 1) 
эмоционалды қарым-қатынастың жалпы лингвомәдени кодтарын білу; 2) 
эмоционалды 
концептілер 
түріндегі 
осы 
кодтардың 
эмоционалды 
доминанттарын білу; 3) сөйлесетін серіктестерінің эмоционалды және 
этникалық сәйкестендіру маркерлерін, олармен эмоционалды қарым-қатынас 
жасау ережелерін білу; 4) белгілі бір қарым-қатынасқа түсетін өзінің және 
өзгенің семиотикалық лингвомәдени кодтарына сай эмоцияларын көрсету, 
білдіру және сипаттау құралдарын білу және игеру. 
Оқытудың үш кезеңін қамтитын эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру 
мен дамыту технологиясы ұсынылды. Бұл технология эмоцияларды атау, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет