Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет64/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
в) оқытудың бағалау және бақылау деңгейін қамтитын эмотивтік 
талдау эксперименті 
Лингвоэкологияда қарым-қатынасты экологияландыру үшін эмоциялар 
лингвистикасы ұсынатын эмотивтік талдау әдісін бейімдеу маңызды. Эмотивтік 
талдау әдісі (эмоциялар сөздердің семантикасында қалай көрінетінін анықтау 
қабілеттілігін қамтиды) эмоциялардың бағалау белгісін анықтауға мүмкіндік 
беретіндіктен, ал эмоциялар өз кезегінде экологиялықтың индексі 
0.00%
20.00%
40.00%
60.00%
80.00%
100.00%
Сторителингтің 
құрылымын 
сақтау
Эмотивті 
лексиканы 
орынды қолдану
Эмоционалды 
мәлімдеме 
жасау
Эмоционалды 
сөйлеу әсерін 
тигізу
86.30%
90.90%
68.10%
81.80%
85%
90%
75%
80%
85.70%
90.40%
71.40%
80.90%
1-топ
2-топ
Барлығы


139 
саналатындықтан, лингвоэкологиялық мониторинг мақсаттарына сай жүзеге 
асып, тіпті қарым-қатынасты экологияландырады. 
Эмотивтік талдау әдісін қолдану заманауи коммуникативті кеңістікте 
теріс бағалауыштық эмотивтер мен эмотивтік мәтіндердің оң бағалауыштық 
эмотивтер мен эмотивтік мәтіндерден әлдеқайда көп екендігін анықтауға 
мүмкіндік береді.
 
Эмотивтік талдау экспериментінде білім алушыларға YouTube 
бейнехостингіндегі Oybay Show арнасының бейнематериалдарына жазылған 
пікірлердің эмотивтік фонын, эмотивтік жиілігін бағалау, сол арқылы олардың 
экологиялылығын анықтау тапсырмасы берілді. 
Білім алушылар жазылған пікірлерді теріс-оң коннотациялары және 
экологиялық-экологиялық емес қарым-қатынас маркерлері бойынша талдап 
шықты. Теріс және оң коннотациялары бар көзқарастардың сандық есебі бұл 
пікірлердің 70%:30% қатынасында таратылатындығын көрсетті, теріс 
коннотациясы бар пікірлер оң коннотациялары бар пікірлерден бірнеше есе 
асып түседі. Білім алушылар эксперимент барысында осы пікірлерге эмотивтік 
талдау жасап, берілген тапсырмаларды толық орындап шықты (19-кесте). 
Кесте 19 – Теріс және оң коннотациялар бойынша мысалдар
 
Теріс коннотация 
Оң коннотация 
1. 
Сасып тұрған боқ сияқтысың, 
боқішек. 
Буаз 
сиыр 
құсамай, 
арықтасайшы. 
 
2. Түрі не пәле? Қарақатын десе
қарақатын екен. 
 
3. Еркек сияқты таңертең жүгіріп, 
спортпен айналысса қайтеді мына біреу? 
Былқ-былқ етіп былшиып жүректі 
айнытады түрі. Мынаның қасында егер 
мен отырсам, құсып жіберер едім. Не 
анау беті табақтай, бұғағы мен қарны 
салбырап, бөксесі бұлтиып. Алланың 
жаратылысы десек те, денені тәрбиелеу 
керек қой шошқа сияқты жайылмай. Не 
физикалық, не рухани тәрбиесі жоқ 
азғындар көбейді. Алла сақтасын! 
1. Мінсіз адам жоқ. Арықтайын деп тырысып 
жүр ғой. Кейбір адамдар бар қанша тамақ 
жесе де семірмейтін, олардың генетикасы 
сондай. Мүмкін оның денесі сондай ірі шығар. 
Сонда енді семіз адамдарды адам санатына 
қоспаймыз ба? 
 
2. Боқтап сөйлемеңдер, қазақтар, адамды 
Құдай осындай етіп жаратқан шығар. 
Өздеріңнің кемшіліктерің жоқ па? Оның арық-
семіздігін емес, адамгершілігі мен ісін 
бағалайық одан да. 
 
3. Видеосына қарап жаман ойлап жүрсек, тек 
образ екен ғой. Қарапайым, жүзі жылы 
келіншек екен 
Өзара төзімділікті сақтайтын, жағымсыз эмоцияларды тежейтін 
жақсылық тілеу, жақсы ниет білдіру, эмоционалдық қолдау, оң бағалау, т.б. 
мазмұндағы пікірлер экологиялық қарым-қатынас маркерлеріне жатса, ренжіту, 
қорлау, келемеждеу, жағымсыз баға беру, кекету, дөрекілік, әдепсіздік таныту 
мазмұнындағы пікірлер экологиялық емес қарым-қатынас маркерлеріне жатады 
(20-кесте). 
 


140 
Кесте 20 – Экологиялық және экологиялық емес қарым-қатынас мысалдары 
 
Экологиялық қарым-қатынас 
Экологиялық емес қарым-қатынас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет