3
Редакциялық алқа Сіздерді 16-17 желтоқсан
Қазақстан мемлекеттілігінің басты мерекесі
– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30
жылдығымен құттықтайды!!!
Осы 30 жыл ішінде біз терең экономикалық
және әлеуметтік дағдарыстан өтіп, елдің өрлеуі
мен жаңғыруына, ұлттық білім беру жүйесінің
қалыптасуына, оның түрленуіне, тіл мен мәде-
ниеттің дамуына, қоғамның,
халықтың, жалпы
елдің жаңа жетістіктеріне жеттік!
Қазіргі қоғамның қозғаушы күші адами ка
-
питал, қоғамның білім беру және әлеуметтік ка
-
питалы болды. Болашақ білім беруде!
Қазақстан білім берудің барлық салаларында
өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа
сапасына қарай ілгері жылжыды. Мектепке
дейінгі білім беруде балаларды осы дайындық
сатысымен қамту
қалпына келтірілуде және
кеңеюде. Орта білім беруде 12 жылдық орта білім
беруге және жан-жақты қаржыландыруға көшу
аяқталуда, білім беру мазмұны жаңартылды,
білім берудің мемлекеттік стандарттары, жаңа
оқу бағдарламалары, оқулықтар енгізілді, жаңа
формациядағы мұғалімдерді даярлау жүріп жа
-
тыр. Мектеп бағдарламаларының міндетті және
вариативті компонентінің жүйесі енгізілді, орта
мектепте "Өзін-өзі тану", "Дінтану" және т. б.
жаңа пәндер енгізілді,
оқушыларды ынталан-
ды рудың жаңа жүйесі – критериалды бағалау
енгізілді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру өз архитектурасын жаңартты, біз
оқу дың үш циклына көштік: бакалавриат-ма-
гистратура-PhD докторантура, Кредиттік оқыту
технологиясы, студентке орталықтанған тәсіл
және
критериалды бағалау, студенттерді грант-
тық қаржыландыру, бакалавриат пен жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің жаңа мемлекеттік
стандарттары, алдымызда университеттердің,
ЖОО-ның басқарушылық, академиялық ер кін-
діктерін кеңейтудің,
аралас білім беруді ілге-
рілетудің бұдан да күрделі міндеттері тұр.
Білім беру жүйесін дамыту мен реформалауға
мектеп педагог-мұғалімдері, тәрбиешілер, пси
-
хологтар мен әлеуметтік педагогтар, колледждер
мен жоғары оқу орындарының оқытушылары,
білім беру менеджерлері үлкен үлес қосты.
Осы жылдар ішінде көпшілігіңіз балалардың,
жастардың, болашақ кәсіпқойлардың жа-
ңа буынын тәрбиелеу ісіне баға жетпес үлес
қостыңыздар, өздеріңіздің
оқыту әдісте ме ле-
ріңіз ді, білімдеріңізді, құзыреттеріңіз бен тәжіри-
бе леріңізді үнемі жетілдіріп отырдыңыздар.
Сіздерге күнделікті және сағат сайынғы игілікті
ең бектеріңіз, мамандықтарыңыз бен елімізге
де ген адалдықтарыңыз үшін алғысымызды
білдіреміз!
Ел тарихын, білім беру жүйесін, Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетін да
-
мытумен бірге біздің журналды да белсенді
қалыптастырды. Бүгінгі таңда журнал отандық
және
шетелдік кітапханалар базасына, рефера-
тив ті және кітапханалық мәліметтер база
-
сына кіреді, білім беруді жетілдірудің, жаңа
фор ма циядағы кадрларды даярлаудың өзекті
мәселелерін көтереді және «Білім тобындағы»
ғылымдардың дамуына ықпал етеді.
Елімізге, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетіне одан әрі өркендеу мен амандық,
ел мен әлем үшін жетекші кадрлар даярлаудағы
жаңа жетістіктер, еліміздің әрбір педагогына –
зор
денсаулық, тамаша оқушылар мен студент-
тер, Отан игілігі үшін жаңа ашылулар мен
жетістіктер тілейміз!
Редакциялық алқа
Достарыңызбен бөлісу: