Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет79/181
Дата21.10.2023
өлшемі3,54 Mb.
#120331
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   181
Байланысты:
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Нәтижелер мен талдау
Педагог қазақ тілін оқытуда оқушының 
тыңдау-ұғу, оқу-ұғу, жазу-ұқтыру, сөйлесу-
ұқтыру 
бөліктерінен тұратын негізгі тілдік 
дағдыларын дамытуы өте қажет. Тұлға белгілі 
бір қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін осы 
тілдік дағдыларды меңгеріп қолдана білуі керек. 
1-сурет –
Тілдік дағдылар
А) Ұғу
Ұғу
дегеніміз – көргенін, естігені мен 
оқығанын түсіну және қабылдау.
Ұғу өз кезегінде сөздерді сөздік мағынасына 
сүйене отырып, «үстірт түсіну» және оқушының 
мәтін авторының нені айтқысы келгенін 
«тереңірек түсіну» деп екіге бөлінеді. Тілді 
оқытуда түсіну оқығанын түсіну және естігенін 
(тыңдау арқылы) түсіну деп бөлінеді.
Ә) Ұқтыру / Әңгімелеу
Ұқтыру
дегеніміз – оқиғаны баяндау, сезімін, 
ойын, тілегін т.б. ауызша және жазбаша білдіру. 
Тілді оқытуда баяндау сөйлесу-ұқтыру және 
жазу-ұқтыру деп екі бағытта қарастырылады. 
Оқылым, жазылым, тыңдалым және сөйлесім 
дағдылары бір-бірімен тығыз байланысты және 
өзара бір-біріне әсер ету арқылы толықтырады. 
Тілдік төрт дағды (
тыңдалым, оқылым, жа
-
зылым, сөйлесім
) оқушының сөйлеу әрекетін 
қалыптастырады. Осылардың арасында басқа 
дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы 
шарты – тыңдалым әрекеті, өйткені күнделікті 
өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сай
-
ын естіп, көріп, тыңдайды. Кез келген естіген 
(тыңдау арқылы) ақпаратын ұғуы оның сөйлеу 
үшін сөз қорының жеткіліктілігін көрсетіп, 
сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Көптеген дереккөздеріне сүйенсек, жазу 
дағдысы асықпай ойлап, баяу қимылдайтын 


77
Б.Б. Динаева және т.б. 
оқушыларға лайықты тиімді дағды екендігі 
көрсетілген. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, 
ерекше идеяларын жинақтап, баяндауға тырыса
-
ды және бұл істе айтарлықтай шеберлік таныта
-
ды, ал табиғаты шапшаң балалардың жазылым 
дағдысы кешеуілдейтіні байқалады. 
Оқушының тілді меңгеруін өлшеу барысын
-
да тыңдап ұғу, оқып ұғу, жазып ұқтыру, сөйлесіп 
ұқтыру дағдыларын бағалаймыз. 
Тілдік дағдылардың ғылымда айқындалған 
негізгі төрт түрі бойынша оқушының қазақ тілін 
меңгеру деңгейін бағалау өлшемшарттарын 
ұсынамыз.
I. ТЫҢДАЛЫМ
Тыңдалым деп айтылған не техникалық 
құралға жазылған мәтінді тыңдаған кезде оның 
мазмұнын ұғуын айтамыз. Тыңдалым әрекетінде 
есту арқылы түсінгенін, ақпаратты есте 
сақтауын анықтауға арналған тапсырма орында
-
лады. Тыңдалым үдерісін естумен шатастырмау 
керек. Есту – дыбысты акустикалық жағынан 
қабылдау, ал тыңдалым тек есту ғана емес, соны
-
мен бірге мәтіннің мағынасын ұғу. Оқушының 
тыңдалым мәтінін тыңдағандағы мақсаты – 
айтылған немесе таспаға жазылған мәтіннің 
мазмұнын толық түсініп, талдап, мәтін бойынша 
қойылған сәйкес тапсырмаларды орындай білуі 
керек. Өз кезегінде мәтіннің мазмұнын басқа 
да тыңдаушыға жеткізе білуі тиіс. Тыңдалым 
мәтініндегі берілген тапсырмаларды орындау 
арқылы оқушының мәтіннің мазмұнын түсінуін, 
қолданылған тілдік бірліктердің мағынасын 
ұғуын, грамматикалық сауаттылығын тексере 
аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет