79
Б.Б. Динаева және т.б.
бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық,
мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден,
жазалымда сөйлесім әрекетінің барлық түрі
қатысады;
төртіншіден, тіл үйренуші жазу
үстінде сөйлемнің мағынасы мен мазмұнына
ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр
болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне
түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына
тікелей байланысты болады (Оразбаева, 2005:
108) [18].
Жазылым арқылы оқушы ойын қағазға түсі-
ріп, оқырманға жеткізуді мақсат тұтуы керек,
яғни оқушы өз ойын оқырманға жеткізуі үшін
жазуды үйренеді.
Жазылым жұмысында бағаланатын бөлік
– орфография. Ол – белгілі бір сөзді әріптік
таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі.
Мұндай
ережені оқытпай тұрып, жазуды да,
тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.
Жазылымда әріп, азат жол, шартты таңбалар,
тыныс белгілерін, әсіресе, мәтіннің жаңа
ойды бастайтын бөлігі – азат жолды, мәтінде
қойылатын тыныс белгілерді (
үтір, нүкте,
нүктелі үтір, көп нүкте, қос нүкте, сұрақ
белгісі, леп белгісі, дефис, сызықша
) дұрыс қол-
дануды бағалау қажет. Сондай-ақ бағалау крите-
рийлері ретінде стилистика мәселелері де (
рес
-
ми ісқағаздар стилі, публицистикалық стиль,
ғылыми-көпшілік стилі, ауызекі сөйлеу стилі,
көркем әдебиет стилі
) қамтылуы тиіс. Оларды
төмендегі кестедегідей декомпозициялаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: