К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет33/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Тақырыптың мазмұны
1. Тұлғааралық қарым- қатынастардың эстетикалығы.

2. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов ойларындағы эстетикалық табиғат: компаративисттік ыңғайлану.

Адамның руханилығы эстетикалық әртүрлі аспектілерден көрінетініне күмән жоқ. Бірақ қазақ ойшылдарының зерттеулерінің нәтижелеріне қарағанда, әсемдікті терең түсіне білу адам бойындағы эстетикалық бастау бола бермейтіндігін айтады. Мәселе эстетикалық табиғат пен тұлғааралық қарым- қатынаста әртүрлі көрініс табады. Бұның айырмашылығы неде? Біріншіден, адам болмысының әр деңгейлі адам мінезіндегі эстетикалықтың болуына жауап береді. Ал екіншіден, жоғарыда айтылғандай, эстетикалық пен этикалықтың гармониясы емес, оның, яғни эстетикалықтың бой алуы ХХ ғ. басындағы адам мінезіне сай болды.

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов ойларында Кант өзінің зерттеулерінде айтылған эстетикалық принципті жан- жақты талқылау ғасырлар тоғысында қазақтардың өмірін толықтай қамти бастады. Олардың ойлары бойынша сезімталдықты қабылдау, ләззатқа ұмтылуды өмір сүру мақсаты ретінде қарастыруды өсиеттеуден айыра білу керек. Себебі, әсемдік - жоғарғы қажеттілік және шындық, ал ләззат – өмірдің негізгі принципі ретінде қабылданған жағдайда эстетикалық эстетизмге (ұсқынсыз және төмен) айналады. Зерттелулі ойшылдар бұл феноменнің ерекшеліктерін талдап қана қоймай, екеуінің гармониясын табуды да мақсат еткен. Алда М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылығындағы эстетикалық принциптің жағдайын ашып қарастырамыз.

Этикалық және эстетикалық бастаулардың қиылысуын әсіресе М. Ж. Көпеевтің «Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі» дастанындағы ханша образында анық көре аламыз. Ләззәттің барлық жақтарын көрген жас ханша өмірдің өзінен эстетикалық (сезімдік) қабылдай беруге барлық жағдай жасалды. Бірақ оны мораль нормалары мен ғасырлар бойы сақталып келген дәстүрлер ләззатқа деген құштарлығын баса білді. Ханша қалауының түбі қорлық, күнә екенін біле тұра дұрыс емес жолды таңдайды. Берілген жағдайда М. Ж. Көпеев эстетикалық бастаулардың басым болуы, яғни ләззәт жоғарғы принцип екендігін анық көрсеткен. Ханша адам өлтіруге қадам жасайды. Бірақ бостандық пен жеңілдіктің орнына Ханшаны намысы талайды. «Мен» деген принципін жоғалтқан жас Ханша қолда жоқ еркіндігін жоғалтып алудан қорқа бастайды. Бұл қорқыныштың жалған еркіндігі еді. Оның істерінде өмірге деген үлкен жауапкершілік көрініп тұр, бірақ бұл М. Ж. Көпеев айтқан жауапкершілік емес. Бұл әлеуметтік жағдайда тікелей қатысы бар, үрей мен міндет туғызған жауапкершілік. Бұл жерде әлі өкіну мен кінә жайлы мәселе қозғалмайды. Себебі жас Ханша табиғи тұтқыннан босап шыққан, бірақ өзінің жеке анықтауына жете қойған жоқ. Ол екі жолдың бірін таңдауға ерікті болды: бірі – намысына сүйеніп, арлы адам болу, екіншісі – табиғат жаратылысы – кез-келген адам баласы сияқты ләззат жолына еру болды. Біздіңше Ханша руханилық пен табиғилықтың орта шенінде тұр. Себебі оның бойында сезімдік эстетикалық бастаулар бой алды және бұл таңдауды ол өз еркімен таңдады. Басқа сөзбен айтқанда жас әйел өзін сәулелі тұлға ретінде көрсете білді. Ханшаның бойындағы эстетикалық принцип оның индивидуалды бастауының көзі ретінде көрінеді.

С. Торайғыров та адам бойында табиғи және рухани бастауларды бөліп қарастырады. Дегенмен, оның «Кім кінәлі?» поэмасының кейіпкері – Әжібай толық қанды табиғи индивид. М. Ж. Көпеев пен С. Торайғыровтың көзқарасы бойынша тұлғалық және табиғи бастауларды айырып қарастырып көрейік. Әжібайдың Ханшадан айырмашылығы – намыс пен сезім ләззәты арасында адаспайды. Оның рухани өмірі мөлдір, біпақ шектеулі. Әжібай образында зұлымдық пен мейірімділік арасында күрес көрінбейді. Ол олар арасында шектеулер қоймайды. Торайғыров, сонымен қатар, Әжібайдың және басқалардың ғажап әрі қауіпті сәйкестіктердің боларын белгілеп көрсеткен.

Сұлулық пен ләззәтқа тойтарыс бере алмау – Әжібай мен Ханшаның ұқсас тұстарының бірі, бірақ екеуінің атаулы ерекшеліктері бар. Жас әйел өзінің таңдауына өкінсе, ал Әжібай болса, бостандыққа қол жеткізу үшін сезімге қарсы тұра білу керек екендігін ойға салмайды. Рухани ізденістің болмауы және талпыныстың жоқ болуы намыстың жоғалуына әсер етеді. Кей жағдайларда ғана жалғыздық пен өмірге деген қанағаттанбаушылық көрінеді. Онда тек қол үзу мен уайым, бар жаратылыстың қирауына әкеліп соқтырады деген болжаулар бар. С. Торайғыровтың пікірінше сезімталдыққа деген ұмтылыс адам бойындағы руханилықтың дамымауы мен табиғи бастаулардың басым болуына байланысты. Сондықтан Әжібайдың ләззәттану принципін оның табиғи бастауымен, мейірімділік пен зұлымдыққа деген тұрпайы көзқарасты байланыстырамыз. Бұнда М. Ж. Көпеевтегі ханшаның жағдайындағы зұлымдық саналы түрде жасалмайды.

Ж. Аймауытов өзінің ойларында М. Ж. Көпеев пен С. Торайғыровтың эстетикалықты төмен деп қарастырған көзқарасын бөліп айтқан. Мысалы, «Сылаң қыз» пьесасындағы жас қыз образында табиғи бастау айқын суреттеледі.

Ж. Аймауытов «Ақбілек» романында Мұқаш образы біршама ерекше. Билік пен материалдық жағдайға деген құштарлық Мұқашты итермелейді. Бұл сезім ләззәттың көрінісі. Қатігез ерік еркін таңдау жолында адасуға әкеледі. Бұл жағдайда Мұқаш өмірлік ұстанымдарын саналы түрде таңдау жасауы болды. Мұқаштың дүниені қабылдауы М. Ж. Көпеев дастанындағы ханшаның позициясына аздап ұқсас. Ол да табиғи және рухани бастауларда өзін таба алмай, адасып жүр. Бірақ Мұқаш ханшаға қарағанда өз таңдауына ләззаттана білді. Өзінің бойындағы табиғатқа бой бермей, өзінің еркін билеп, өз пайдасын таба білді. Әзірше біз Ж. Аймауытов және жоғарыда айтылған екі ойшылдың ойындағы ұқсастықты талдап келдік. Ж. Аймауытов эстетикалық дүниетанымның жаңа типін енгізді. «Мансапқорлар» пьесасындағы Мүсілім образы тіпті күрделі әрі трагедиялық жағдай ретінде көрінеді. Мүсілім билікті қолындағы бақыт деп түсініп, кедергі болғанның барлығын жолдан тайдырады. Жасаған жаман істерін саналы түрде дұрыс деп санайды. Бұл жерде Ж. Аймауытов «жоғарғы деңгейлі натуралар» психологиясын ашып қарастырады. Бұнда ғұлама «Мен» мен қараңғы «өзгелер» арасындағы шекараны айтады. Ж.Аймауытов шеттен шығушылық пен адамгершілікке қарсы келетін қылықтарды жақтамайды, керісінше адамды өмірде қандай күштер «алып жүретінін» түсінгісі келетінін ескерте кеткен жөн. Сөйтіп, адам бойындағы еркіндік оның құндылықтарына бағдар бере тұра өмірдің мәнін табуға көмектеседі деген қорытындыға келеді. Мұқашты ұят қысып, өзіне жиіркеніш білдіріп, өзін ақтап шығуға ары жібермейтін болса, Мүсілім керісінше, жасаған істері мен жеткен жағдайын мақтан тұтып, қанағат етеді. Ол табиғи және рухани-адамгершілік құндылықтар ішінде таңдау жасамайды. Оның қолындағы еркіндік жамандық пен жақсылықтың ар жақ бер жағында. Оны Әжібай мен жас ханша – қыз секілді намыс қинамайды. Олар басқаша өмір сүруге болатындығы жайлы ойланбайды, ал Мүсілім болса саналы түрде жақсылық пен адамгершілікті аттап өтіп, өз ісімен тура жүреді. Оның еркіндігі адамгершілдік заңдарына қарсы негізделген. Бұл эстетизмнің тамыры табиғи, индивидуалды емес қарсылықты – рухани бастауда жатыр. Достоевский мен Къеркегордың терминологиясына сүйене отырып – демондық бастау деуге болады. Демек, олар адамның бұзылғандығы жайлы, оның зұлымдық пен күнә жасауға саналы түрде баратындығын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет