К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет110/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   607
ерітінді — дейді. Қан кеткен кезде жануарлардың тіршілігін сақтау үшін,
қанға физиологиялық ерітіндіні құюға болады. Ерітіндідегі тұздың мөлшері 
0,9 пайыздан кем болса, онда эритроцит ісініп, гемоглобин плазмолемма
арқылы қан плазмасына өтіп, қан қызыл түске боялады. Бұл процесті 

111



гемолиз — деп атайды. Эритроциттер гемолизі жылан уы, əр түрлі уытты 
бактериялар мен ауру тугызушы тоғышар паразиттер уы (токсиндері)
организмге əсер еткен кезде байқалады. Гемолиз — қан топтары сəйкес 
келмейтін қанды қүйған кезде де болады. Эритроциттердің тығыздығы қан
плазмасы мен лейкоциттерге қарағанда əлдеқайда артық. Қанды шыны 
ыдысқа (пробиркаға) күйып қойып, біраз уақытқа қалдырсақ, онда
эритроциттер қанның түбіне тұнады. Эритроциттердің тұну жылдамдағы 
(ЭТЖ) қалыпты жағдайда жануарлардың түріне, тұқымына, жасына,
жынысына байланысты тұрақты көрсеткіш. Сондықтан, бұл көрсеткіш мал 
түліктері ауруларын анықтауға көмегін тигізеді.
Лейкоциттер — жануарлар организмінде қорғаныс (бөгде денелер мен
бактерияларды фагоцитоз арқылы жою, олардың уларын бейтараптандыру, 
жасушалық жəне гуморальдық иммунитеттерді қалыптастыру) қызметін
атқаратын жəне əр түрлі жарақаттан кейінгі қалпына келу (регенерация) 
процесін
реттеуге 
қатысатын
қанның

ақ
жасушалары. 


Қандағы
лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда əлдеқайда аз, 1 мкл қанда 
мыңдап саналады. Қалыпты жағдайда (норма) орта есеппен жылқыда — 7-12,
сиырда — 4,5-12, қойда — 6-14, шошқада — 8 -16, итте — 8,5-10,5, тауықта 
— 20-40 мың лейкоцит болады. Қандағы лейкоциттер санының көбею
процесін лейкоцитоз дейді. Қалыпты жағдайда лейкоцитоз жас төлдерде 
болады. Ол ас қорыту процесінің белсенді жүруі кезінде де байқалады.
Лейкоцитоз көп жагдайда патологиялық процестер кезінде жəне жануарлар 
организмдерінің əр түрлі аурулар қоздырғыштарына қарсы күресуі кезінде де
өрбиді. Лейкоциттер қан жасау мүшелерінен қанға өткеннен кейін, қан 
айналымында бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін болып, өздерінің тиісті
қызметтерін белсенді атқару үшін, қан арнасынан қоршаған ұлпаға (негізінен 
борпылдақ дəнекер ұлпасына, одан соң басқа ұлпаларға да) өтеді.
Лейкоциттер — қозғалмалы қан жасушалары. Олар плазмолемма астындағы 
актин микрофиламенттері кешенінің арқасында қозғалысқа келетін
жалғанаяқтарының 
(псевдоподийлердің)
көмегімен, 
калиллярлар
эндотелиоциттерінің аралығындағы саңылауға сəйкес пішінін өзгерте 
отырып қозғалып, негіздік жарғақ арқылы қоршаған борпылдақ дəнекер
ұлпасына өтеді. Лейкоциттердің ядролары болады, органеллалары өте жақсы 
жетілген, Олардың цитоплазмасындағы дəншелердің (гранулалардың) болу-
болмауына байланысты лейкоциттер: гранулоциттер (дəншелі) жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет