К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет109/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117
Жұмыс 
уақытын 
индивидуалды 
суретке 
түсіру 
бақылауға 
дайындалудан 
басталады: 
өндірістік 
үрдіс 
мазмұнымен 
танысады, 
технологиялық нұсқауларды зерттейді, тікелей жұмыс орнында жұмыс 
жағдайларын айқындайды, бақылау үшін ыңғайлы орын таңдайды.
Бақылау басталмас бұрын жұмысшыға оның жұмысын нормалау мақсаты 
мен ретін түсіндіреді.
Бақылау нәтижелерін жұмыс уақытын суретке түсіру кртасына жазады. 
Картаның титулдық бетінде бақылау басталмас бұрын сәйкес графаларда ұйым 
атын, карта нөмірін, жұмысшы туралы мәлімет- аты-жөні, кәсібі, тарифтік 
разряды, жасы, мамандық бойынша жұмыс өтілі, жынысы және т.б. жазылады. 
Жұмыс орнын ұйымдастыруға сипаттама беріледі.
Содан соң зерттелетін жұмыстың мұқият сипаттамасын береді – операция 
аталуы, шикізат және жартылай фабрикат аталуы, оның сапалық белгілері, 
жұмыс мазмұны.
Машиналық-қол немесе машиналық еңбекті бақылау кезінде бақылау 
қағазында машина, аппарат немесе агрегат аталуы, оның техникалық күйі, тозу 
дәрежесі, соңғы жөндеу күні, өнімділігі көрсетіледі.
Бақылау жұмыс басталуы туралы дабыл бергеннен бастап, маусым 
аяқталғанға дейін созылады. Тікелей бақылау барысында жұмыс орнында 
жүретін барлық өзгерістер жазылады, яғни орындайшы немесе машина 
жұмысындағы әрекеттер мен үзілістер жазылады. «Ағымды уақыт» графасында 
жұмыс уақытының бақыланатын элементтерінің аяқталу уақыты қойылады 
(8.1-кесте). 
8.1-кесте 
Жұмыс уақытын индивидуалды суретке түсіруді бақылау парағы 
(фрагмент) 
Уақыт шығындарының аталуы 
Ағымды уақыт 
Ұзақтығы, мин 
индекс 
сағат 
мин 
Бақылаудың басталуы 

00 


Жұмыс орнына келді 

05 

пнд 
Техникалық құжаттарды алды 

12 

пз 
Құралдарды орналастырды және т.б. 

23 
11 
пз 
Бақылау нәтижелерін өңдеу уақыт шығындарының жеке элементтерінің 
ұзақтығын есептеуден басталады. Ол үшін ағымды уақыт көрсеткіштерінен 
алдыңғы жұмыс элементтерін алып тастап мәнін табады. Мысалы, бірінші 
элемент үшін: -7 сағат 05 минут – 7сағат 00 минут=5 минут және т.б. 
Содан соң жұмыс уақыты шығындарын жіктеуге сәйкес индекс беріледі де, 
«Индекс» графасына жазылады. 
Алынған нәтижелер бойынша жұмыс уақытының нақты және нормативті 
балансы құрылады. 
Жұмыс уақытының нақты балансына мысал 8.2-кестеде келтірілген. 


208 
8.2-кесте 
Жұмыс уақытының нақты балансы
Уақыт шығындары 
ұзақтығы 
белгіленуі 
мин 
сағат 
Дайындық-аяқтау жұмысы 
40 
8,3 
пз 
Жедел жұмыс 
295 
61,4 
оп 
Соның ішінде негізгі 
225 
46,8 
о 
қосымша 
70 
14,6 
в 
Жұмыс орнында қызмет көрсету 
22 
4,6 
об 
Демалыс және жеке қажеттіліктер 
15 
3,1 
отл 
ұйымдастыру-техникалық 
себептерге 
байланысты тұрып қалу 
75 
15,6 
пнт 
Еңбек тәртібінің бұзылуына байланысты 
жұмыс уақыты шығындары 
33 
6,8 
пнд 
Баланс бойынша қорытынды 
480 
100,0 
Т
см 
Нақты және нормативті баланс негізінде келесі көрсеткіштер анықталады. 
Аусым уақытын қолдану коэффициенті: 
 
К
исп
=(40+295+22+15):480=0,775 
мұндағы Т
пз
-дайындық-аяқтау уақыты; 
Т
оп
-жедел уақыт; 
Т
об
- жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты; 
Т
отл
- демалыс пен жеке қажеттіліктерге арналған уақыт
Т
см
-жұмыс аусымының ұзақтығы. 
Ұйымдастыру-техникалық 
себептерге 
байланысты 
шығындар 
коэффициенті: 
К
птн
=75:480=0,156 
мұндағы Т
пнт
- үрдістің қалыпты жүрісінің бұзылуымен туындалған үзілістер 
уақыты. 
Еңбек 
тәртібінің 
бұзылуымен 
байланысты 
жұмыс 
уақыты 
шығындарының коэффициенті: 
К
птд
=33:480=0,068 


209 
Жұмыс уақытының тікелей шығындарын жою жағдайында еңбек 
өнімділігін ықтимал арттыру коэффициенті: 
 
 
Жобаланатын (нормативті шығындар) уақыт нормативінен немесе ең 
жақсы жұмысшының жұмыс күнін суретке түсіруде нәтижелерінен алынады. 
Егер ондай мәліметтер болмаса, онда нақты шығындардан жойылатын 
шығындар мен жұмыс уақытының рационалды емес шығындарыналып 
тастайды. Жұмыс уақытынң нормативті балансын құру кезінде қалыпты 
технологиялық үрдістің бұзылуына негізделген үзілістер мен еңбек тәртібінің 
бұзылуымен байланысты үзілістер қарастырылмайды. Бұл категориялар 
бойынша жұмыс уақытының шығындарын үнемдеу жедел уақытты арттыру 
қоры болып саналады.
Жұмыс уақытының нормативті балансын есептеу үшін дайындық-аяқтау 
операцияларына, жұмыс орнына қызмет көрсету, демалыс пен жеке 
қажеттіліктерге арналған үзіліс уақыттарының нормативтері қолданылады. 
Оперативті нормативті уақыт анықталады: 
 
мұндағы Н
об
және Н
отл
– сәйкесінше жедел уақытқа шаққанда пайыз есебімен
жұмыс орнына қызмет көрсету мен демалыс пен жеке қажеттіліктерне арналған 
уақыт нормативтері
Біздің мысалда шартты түрде Н
об
=6%, Н
отл
=5%, Т
пз
=15 мин деп 
қабылдасақ, онда 
 
Содан соң осы шамадан жұмыс орнына қызмет көрсету мен демалыс пен 
жеке қажеттіліктерге кететін нормативті уақыт ұзақтығы анықталады. 
Т
об
=Топ
н
×Н
об
=418,9×6:100=25,2 мин; 
Т
отл
=Топ
н
×Н
отл
=418,9×5:100=20,9 мин. 
Барлық нормативті шығындар минут есебімен жұмыс күні ұзақтығын 
құрау керек. 
Жұмыс уақытының нормативті балансы 8.3-кестеде келтірілген. 


210 
8.3-кесте 
Жұмыс уақытының норативті балансы 
Уақыт шығындары 
ұзақтығы 
белгіленуі 
мин 
сағат 
Дайындық-аяқтау жұмысы 
15 
3,1 
пз 
Жедел жұмыс 
418,9 
87,3 
оп 
Жұмыс орнында қызмет көрсету 
25,2 
5,3 
об 
Демалыс және жеке қажеттіліктер 
20,9 
4,3 
отл 
Баланс бойынша қорытынды 
480 
100,0 
Т
см 
Барлық шығындарды жою және жұмыс уақытының артық шығындарын 
жою кезінде еңбек өнімділігін максималды ықтимал арттыру мына формуламен 
анықталады: 
мұндағы Топ
ф
- нақты жедел уақыт 
Алынған нәтиже негізінде жұмыс уақытының шығындарын тудыратын 
себептерді жоюға бағытталған ұйымдастыру-техникалық шаралар құрылады. 
Бұл шараларды құру кезінде міндетті түрде шараның нақты мазмұны, оларды 
жүзеге асыру жері мен мерзімі, жауапты орындаушылар, жұмыс уақыт 
шығындарының күтілетін қысқаруы, ағымды және бірлік шығындардың жалпы 
қосындысының өзгеруі қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет