К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Құрылтайлық құжат және кәсіпорындарды тіркеу жайлы жалпы



Pdf көрінісі
бет5/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Құрылтайлық құжат және кәсіпорындарды тіркеу жайлы жалпы 
түсінік. Қоғам – ортақ іс ұйымдастыруға келіскен қатынасушылардың бірігуі,
біріккен кәсіпкерлік келісімі құжат түрінде рәсімделуі керек, онда әр 
қатынасушының іске араласу құқығы мен міндеттері тіркеледі. Қоғамның 
құрылтайлық құжаты – құрылтайлық келісім шарт және жарғы.
Құрылтайлық келісім шарт қоғамның мақсатын анықтайды: онда 
жарғылық қор, оның көлемі, қатынасушылардың іске кірісу шарттары, әр 
қатынасушының құқығы мен міндеттері, мүлікке қатынасу көлемі, кірісті бөлу 
тәртібі, осыған байланысты резервтік қордың құрылуы, бұл қоғамның жоғары 
басқару органдары және т.б. болып табылады.
Қоғамның екінші құрылтайлық құжаты жарғы болып табылады. Егер
құрылтайлық келісім шарттың тағайындалуы – қоғамның қатынасушыларының 
арасындағы қатынасты нақты анықтаса, онда жарғының тағайындалуы – заңды 
тұлға ретінде қоғамның ішкі тәртібінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін 
анықтайды. Жарғыда жеке немесе жалға алынған базада өз қызметін жүргізу 
бойынша қоғамның құқығы, қызмет көрсету мақсаты және заты суреттеледі, 
жарғылық қордың білім беруі және айналым заттарының реттілігі, еңбек ақы 
қоры, акционерлердің құқығы - акция иегерлері, жарғылық капиталдың 
мөлшері, акционерлерге жалпы жиналысты өткізу және дайындық тәртібі және 
т.б. толығырақ көрсетіледі.
Жарғылық қор қоғамның қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін 
құрылады. Бұл істі ашу үшін қажетті бастапқы капитал болып табылады. 


11 
Жарғылық қордың болуы белгілі бір дәрежеде қоғамдағы әріптестердің 
мүддесіне кепілдеме береді.
Қоғамды тіркеу реті.  Құрылтайлық құжатта қоғам, заттар және оның 
қызметінің түрі жайлы мәліметтер, қатынасушыларының құрамы, фирмалық 
атауы және оның тұратын жері, қоғамның жарғылық қорының көлемі, түсімді 
бөлу тәртібі және шығындардың орнын толтыру, сонымен қатар бір ауыздан 
немесе көп дауыс қажеті бойынша сұрақтар тізімін: әр қатынасушының үлестік 
көлемі, олардың салым салу мерзімі мен тәртібі болуы керек. Бұндай 
мәліметтер болмаған жағдайда жарғылық құжат жарамсыз болып табылады.
Қоғам заңды тұлға құқығын тіркеу жүргізілгеннен бастап алады. Тіркеу 
үшін келесідей құжаттар талап етіледі: 
 қоғамды тіркеу жайлы өтініш; 
 нотариалды расталған құрылтайлық құжаттардың көшірмесі; 
Мемлекеттік тіркеу қоғамның орналасқан жері бойынша аудандық және 
қалалық органдармен жүргізіледі. 
Мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттардың қосылуымен өтініштің түскен 
кезінен 30 күнге жеткізілмей қарастырылуы керек.
Тіркеу жүргізілмейтіндігі жайлы шешім қоғамды құру кезіндегі тәртіптің 
бұзылу мотиві бойынша, сонымен қатар заңнамалық талаптарға құрылтайлық 
құжаттардың сәйкес келмеуінен қабылдануы мүмкін. Қоғам тіркелгеннен кейін 
есептеме және т.б. шоттарды банкттерде аша алады, заңды тұлға құқығын 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет