К. М. Абишева, С. К. Омарова


ІІІ бөлім. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттелуі



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

ІІІ бөлім. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттелуі
 
 
Табиғаттағы, қоғамдағы және ойлаудағы жалпы байланыстар мен 
қасиеттерді  бейнелейтін  ең  жалпы,  негізгі  ұғымдар,  болмыс  пен 
ойлаудың  жалпы  түрлері    категория  деп  аталады.  Категория 
материалды  дүниені  тану  деңгейі  және  шындықтың,  ұғымның  
қарапайым  нысандары.  Материалды  дүниеде    зат,  құбылыс  көбірек 
кездеседі.  Оларға  атау  берілуі  –  тіл  білімінің лексикология  саласының 
еншісі.   
Сөздің  лексикалық  мағынасы    бір  атауды  екінші  атаудан 
ажырататын негізгі мағына. Атаудың лексикалық мағынасы таныммен, 
білім  қорымен,  жинақталған  тәжірибемен  тікелей  байланысты. 
Атаудың  лексикалық  мағынасының  көрсеткіші  –  семантикалық  бір 
ұғымды білдіруі, атау болып қалыптасуы. Адамзат  зат пен құбылысты  
қаншалықты танып білсе, соғұрлым мағына айқын,  анық болады. Сөз 
атау  ретінде  зат,  құбылыс,  түсінікті  белгілесе,  ол  лексикалық  бірлік 
ретінде  ұғымды  (мағынаны)  білдіреді.  Лексеманың  ұғымды  білдіруі, 
мағынаға ие болуы сөздің ішкі мазмұнын айқындайды [1; 38-40]. 
Н.А.  Баскаковтың    ресей  түркітану  ғылымындағы  түркітану 
лексикографиясы  саласындағы  мол  жетістігі  оның  атымен  байланысты 
десек  артық  айтқандық  емес.  Алғашқы  ұйғыр-орыс  тілі  сөздігінен 
бастап, (1939) ол   қарақалпақ, түркімен, ноғай, хақас, ғағауыз – ұлттық-
орыс  және  орыс-ұлттық,  қарайым  сөздіктерін  құрастыруға  етене 
араласты. 
Қарақалпақ  тілін  зерттеген  ғалым  Н.А.Баскаков  өзінің 
«Каракалпакский язык»  еңбегінде  (1952)  зат  есімдерді  (зат  атауларын) 
екі  негізгі  топқа  бөледі:  а)  адамдар  тобы,  оған  адамның  туыстық 
қатынасы,  кәсіпке,  әлеуметтік  жағдайға  байланысты  атаулар  және 
барлық кісі есімдері енеді; б) бұл топқа адамнан басқа жан-жануарлар, 
өсімдіктердің  және  жансыз  табиғаттың  барлық  заттары  кіреді.  Ғалым 
К.М  Мусаев  «Грамматика  караимкого  языка»  деген  зерттеуінде  зат 
есімді семантикалық мағынасы жағынан: «Зат (предмет) деген түшүнүк 
боюнча  нерселер  –  буюмдар  (стол,  кровать),  адамдар  (Зейне, 
тракторист),  айбандар  (жылқы  чалкуйрук),  окуялар  (революция, 
көтөрүлүш),  кубулштар  (аяз,  қыш),  абстрактуу  мааниндеги  түшүнктөр 
(ақыл,  чечендик)  жаңа  башка  түшүнүктөр  кирет»,  -  деп  бөліп,  ары 
қарай жіктемеген. Адамзат есімдерінің ішкі мағыналық топтарын жеке-
жеке қарастырған диссертациялық жұмыстар да бар.  


32 
 
В.И.  Рассадин  –  әлемдегі  моңғол  салыстырмалы-тарихи  және 
түркі-моңғол тіл білім саласында  белгілі мамандардың бірі, Ресей мен 
Моңғолияның  Саян-Алтай  аумағындағы  азын-аулақ  түркі  тілдері  мен 
оның  диалектілерін  зерттеуші.  Қазіргі  кезде  жоғалып  бара  жатқан 
түркілік  тофалар  мен  сойот  тілдері  туралы  зерттеулері  мен  ол  туралы 
жазбалары  бар.  В.И.Рассадин  бурят  тілі  диалектісі  мен  говорлары, 
моңғол  тілдері  және  олардың  түркі  тілдерімен  тарихи  байланысының 
маманы ретінде халықаралық  деңгейде танымал.  
 Ұлттық  Ғылым  академиясының  іргетасын  қаласқан  көрнекті 
ғалым,  қазақ  тіл  білімі  ғылымының  қалыптасуына  зор  үлес  қосқан 
қоғам  қайраткері  Ісмет  Кеңесбаев  (1907–1995)  еңбектерінде  де 
түркология  мәселелеріне  арналған  зерттеулер  мол.  Ол  1944  жылы 
«Қазақ  тіліндегі  тиянақты  сөз  тіркестері»  атты  докторлық 
диссертациясын қорғап, фразеология бойынша жалпы түркілік мәні бар 
еңбегін жариялады
18
. Қазақ тілі бойынша  «Қазақша-орысша сөздіктер» 
(1945,  1952,  1954),  «Орысша-қазақша  сөздік»  (1946,  1954),  10  томдық 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986) секілді іргелі еңбектер – 
қазақ  тілінің  лексикографиясы  бойынша  дайындалған  академиялық 
басылымдар  болды.    «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі»  15  томдық 
«Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» ұласты
19
. Көп жылдық ұжымдық еңбек 
жинақтала  келе  106000  сөзден  тұратын  үлкен  түсіндірме  сөздікті 
жасаумен қорытындыланды
20

Қазақ  тілінің  шығу  негізін  зерттеу  ісімен  өз  еңбектерінде  тілші 
ғалым  Ғайниден  Мұсабаев  (1907-1981)  арнайы  айналысты.  Ол  тіл 
тарихы,  этимология,  лексикология,  лексикография,  түркі  жазба 
ескерткіштері, әдеби тіл мәселелеріне белсене араласты. 
Академик  Шора  Сарыбаевтың  (1925  ж.  туған)  еңбектері  қазақ 
диалектологиясы,  лексикографиясы,  тіл  білімінің  библиографиясы, 
терминологиясы, грамматикасы салаларына арналған. 1976 жылы жеке 
монография 
түрінде 
жарық 
көрген 
«Қазақтың 
аймақтық 
лексикографиясы»  атты  докторлық  диссертациясы  Қазақстандағы 
түркітану ғылымына жаңа бір серпін берді. 
Ә.Ахметовтың еңбектерінде қазақ тілі мен
 
түркі тілдеріндегі табу
 
(тыйым  салу)  сөздердің  мән-мағынасы  мен  қолданыс  ерекшеліктері 
талданды.  Сондай-ақ  ол  түркі  тілдері  мен  америкалық  үндістердің 
тілдеріндегі  лексикалық  параллельдерді  салыстыра  қарастырып,  оның 
арғы  тегіне  үңілді
21
.  Бұлардың  жолын  Б.Сағындықов,  Ә.Жүнісбеков, 
Ж.Түймебаев, 
Е.Қажыбеков, 
Ә.Керімов, 
Н.Г.Шаймерденова, 
А.Қайыржанов    т.б.  ізденістері,  көне  және  орта  ғасырлардағы  түркі 
                                                             
18
 Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері /Құраст.: ф.ғ.д. Ғ.Әнес. – Алматы, 2014. – 640 бет. 
19
 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. Жалпы редакциясын басқарған Ахмеди Ысқақов пен 
Нұргелді Уәли. А., 2011 
20
 Қазақ сөздігі. Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі. Жалпы реакциясын басқарғандар: 
Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов. А., 2013. – 1488 б. 
21
 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эфемизмдер. Моног., А., 1995 


33 
 
жазба  ескерткіштерінің  сөзжасам  жүйесін,  сөздердің  құрылымдық 
дамуын белгілейтін тарихи зерттеулері жалғастырды. 
Қазақстандық  түркологияның  ірі  өкілдерінің  бірі,  профессор               


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет