К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

кісілік,  балалық  деген  дерексіз  ұғымдар  да,  олардың  аттары    да    әуелі 
кісі,  бала  деген  деректі  ұғымдардан,  атаулардан  туған»,  -  дейді 
[13;136]. 
Сөйтіп,  кез  келген  абстракция  тақыр  жерге  құрылмайды,  оның 
негізінде    конкретті  өмір,  нақтылы  зат  не    олардың  бір  қасиеті,  не  
басқа  заттармен қарым – қатынасы  жатады деп  білеміз. 


46 
 
   М.Оразов нақты (конкретті) мағынаны дәлелдеу үшін,  мынадай 
мысал келтіреді. Бала  сөзі  деректі  зат атауын білдіріп, контекстен тыс 
тұрып  ұрпақ, перзент  мағынасын білдіреді деген. «Баланың» нақтылы 
мағынасын  білу    үшін,  сол    мағынаны  анықтайтын  сөз  тіркесін 
қолдануымыз  керек    яғни    анау  бала,  мынау  бала,  су  тасыған  бала, 
жылап  отырған  бала  деген  тіркестерде    бала    сөзінің  мағынасы 
нақтылана түсетінін көрсеткен [8;92].  
Ғалым      адамның  ойы,  санасы  объектив  дүниені    бейнелеп  қана 
қоймайды, сол бейнелеу негізінде  жаңа нәрсе жасайды.  Адам ойының 
шығармашылық қызметі  абстракты зат есімдерді туғыздырып, табиғат 
заңдылықтарын ашып, оны өз өміріне  пайдалана алады. Дерексіздену, 
абстракциялау  -  дүние    сырын  жете    білуге,  адам  ойының  объектив 
дүниеге  жақындай түсуіне  жағдай жасайтынын айтқан [8; 94]. 
  Адам  ойының  қызметі  дерексіз  зат  атауларын  ғана  жасап 
қоймайды, деректі де зат атауларын жасайды деп есептейміз. 
«Қазіргі    қазақ    тілінің  лексикологиясы    мен  фразеологиясы» 
(1997) оқу  құралының авторлары Ә.Болғанбай, Ғ.Қалиұлы нақты және 
абстракты  мағыналардың  бір-бірінен  айырмашылықтары    жөнінде  
былай  деген:  «Егер  сөз    затты,    оның  белгілері    мен  іс-әрекетін  дәл 
қалпында  айқын түрде  білдірсе, онда  оның мағынасы  нақты  мағына  
болып  табылады.  Егер  сөз  затты    оның  нақты    белгілерінен, 
қасиеттерінен  ажыратып,  ойша  дерексіздендіріп  білдірсе,  онда 
абстракты  (дерексіз)  мағына  туады.  Мысалы,  адамгершілік  дегенде 
нақты    адам  туралы  айтылып  тұрған  жоқ,  адамның    әр    түрлі    ізгі 
қасиеттері  жинақталып,  дерексіздендіріп  беріліп  тұр.    Адалдық, 
жақсылық, басқару, игеру, бағыттау т.б. сөздер  де дерексіз мағынаға  
ие  болып тұр» [28; 79-80]. 
Демек,  басқа  да  сөз  таптары  деректі  және  дерексіз  мағынаға  ие 
болады.  Зат  есімнің  деректілігі  мен  дерексіздігінің  етістіктен 
айырмашылығы,  етістіктерге  негіз  болған  денотат  мағына  нақты 
болмайды.  Мәселен,  түс  етістігі  жеке  тұрғанда  дерексіз  ұғымды 
береді.  Етістіктер  екінші  бір  сөзбен,  зат  есіммен  тіркесіп  қана  (суға 
түсті,  оқуға  түсті,  автобустан  түсті)  нақты  ұғымға  ие  бола  алады.  Ал 
қатыстық сын есімдердің, әсіресе деректі зат есімнен жасалған туынды 
сын  есімдер    мағыналары  сапалыққа  қарағанда  нақты  болады  деп 
есептейміз. Өйткені мұндай сын есімдерді атаған  кезде деректі заттың 
бейнесі  адам  санасында  түйсік  туғыздырады.    Мұндай  сындық 
қасиеттерді  сезім  мүшелері  арқылы  қабылдауға  болады.  Мәселен: 
таулы, сақалды, мұртты, тұзды, бұлтты, жауынды, сазды, баласыз, 
ұйқышыл,  күлкішіл  және  т.б.  Мұндай  сын  есімдер  зат  есімдермен 
тіркескен жағдайда мағыналары одан да нақтылана түседі. Тағы да бір 
ескере  кететін  жайт,  түсті  білдіретін  сапалық  сын  есімдердің  де 
мағынасы  (қызыл,  көк,  жасыл,  ақ,  қара)  нақты  ұғым  береді.  Дерексіз 
мағынаға  ие  сын  есімдер  де  бар.  Оларға:  үлкен,  жаман,  жақсы,  биік, 


47 
 
аласа,  жуан,  жіңішке,  жалпақ,  қисық  т.б.  сапалық  сын  есімдерді 
жатқызуға болады. 
Ә.Тұрғынбаев  өзінің  «Логика»  (2000)  деп  аталатын  кітабында 
нақты  ұғымдарды  жекеше  ұғымдармен,  абстракты  ұғымдарды  жалпы 
ұғымдармен  шатастырмау  керектігін  айтқан.  Ұғым  жалпы,  сонымен 
бірге  дерексіз,  нақты  да  болуы  мүмкін.  Мысалы  «ағаш»  -  жалпы 
дерексіз  ұғым,  «Төлеген  Тоқтаровтың  ерлігі»  -  жекеше,  дерексіз  ұғым 
деп, бұл жағдайларды  ерекше ажыратуды ескертіп кеткен [29;28]. 
 Мұндағы «ағаш» жалпы болғанымен конкретті ұғымды білдіреді. 
Өйткені  «ағаш»  дегенде  бір  ағаштың  не  көп  ағаштың  (орман)  бейнесі 
көз алдымызға келеді. 
Пысықтауыш  қызметін  атқаратын  құбылыс,  процесс  аттары, 
абстракты  ұғымды  беретін  есімдер  көбінесе  жатыс  формалы  болып 
келетіні  және  бұл  форманың  жасырын  келу  ерекшелігі  түркі 
ескерткіштерінде  кездеседі  деген  пікір  О.С.Сапашевтың  «Көне  түркі 
тіліндегі  сөйлем  мүшелері»  (2000)  зерттеуінде  кездеседі.  Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет