1
К.М.Абишева, С.К. Омарова
Тіл ғылымының зерттелу тарихы
Астана 2019
2
УДК
ББК
К.М.Абишева, С.К. Омарова
Тіл ғылымының зерттелу тарихы: монография. – Астана:
«TAU» university, 2019. – 145б.
ISBN
Аталған еңбекте авторлар тіл білімі мәселелеріне салғастырмалы және
салыстырмалы талдаудар жасайды, түркітанушылардың жеке түркі тілдері
тарихына қатысты ой-пікірлерін жүйелейді, тіл білімі саласын зерттеушілердің
еңбектері, олардың тіл білімінің дамуына қатысты теориялық пайымдаулары,
ғылыми нақты көзқарастарын келтіреді. Монографияда түркітану, фонетика,
лексикология, сөзжасам, грамматика салалары аспектілерінің зерттелуі бойынша
жазылған кандидаттық және докторлық диссертациялар, академиялық және тағы
басқа басылымдардың мазмұны қысқаша баяндалады. Сондай-ақ тілтаным
сөздіктері, әдеби мысалдар мен талдаулар дереккөз ретінде барынша
пайдаланылған. Еңбек ғылыми ақпараттарға бай, қазақ тілі мамандары,
магистранттары мен докторанттары үшін ғылыми жаңашылдығы мен қолданбалық
маңызы зор. «Тіл ғылымының зерттелу тарихы» 5В011700-«Қазақ тілі мен
әдебиеті» мамандығында оқитын білімгерлерге, филолог мамандарға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |