Кафедрасы


Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет54/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мектеп жасындағы балалардың тұтықпасын түзету жұмысының ерекшеліктері қандай?
2. Н. А. Чевелеваның әдістемесінің мазмұнын ашыңыздар?
3. А. В. Ястребованың әдістемесінің ерекшелігін атаңыздар?
4. Оқу процессінде оқушылардың тұтықпасын түзету логопедиялық жұмыс жүйесі тақырыбына кесте толтыру.
Ұсынылған әдебиеттер
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова


Лекция 20. Алалия
1. Алалияның себептері
2. Алалияның симптоматикасы мен механизмі
3. Алалияның топтастырылуы
Алалия – туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде бас ми қабығының сөйлеу аяларының органикалық зақымдану салдарынан болған сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы.
Алалия термині (грек тілінің а- жоқ мағына, lalio –сөйлеу, тіл) – аудармасы – сөйлеу тілінің жоқтығы, бұл термин сөйлеу тілі бұзылыстарына арналған әдебиеттерде бұрыннан бері беріліп келеді. «Алалия» терминінен басқа, сөйлеу тілі бұзылысының бұл түрін белгілеу үшін (әсіресе медициналық және шет елдік) басқа да көптеген терминдер қолданылады: туа біткен афазия, дамудың афазиясы, онтогенетикалық афазия, дисфазия, сөйлеу тілі дамуының тежелуі, сөйлеу тілінің конституциональды тежелуі, сөйлеу тілін меңгерудің бұзылуы, ( мылқау- естімей сөйлей алмау) т.б. Статикалық деректер бойынша алалия 0,1% тұрғындарда кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда 1%, ал мектеп жасындағы балаларда - 0,6 - 0,2% кездеседі. Ер балаларда қыздарға қарағанда алалия екі есе жиі кездеседі деген деректер бар.
А.Куссмаульдың (1877) айтуы бойынша, бұрыңғы кездегі және ХІХ ғ. басына дейін дәрігерлердің көбі сөйлеу тілінің жоқ болуының барлық түрін алалия терминімен байланыстырып афониямен қатар айтып жүрді, алайда, біртіндеп, ол түрлерді ажырата бастады. Бұл түрлердің арасындағы айырмашылық туралы алғаш атағандардың бірі И.Франк болып табылады, ол алалияны артикуляциялай алмау салдарынан болған мылқаулық ретінде және оны магилалияға (артикуляциялаудығы қиындықтар салдарынан болған дыбыс айту бұзылыстары) қарама қарсы етіп қарастырады. Алалияны да, магилалияны да (орыс тіліне бұл сөз косноязычие деп аударылған) И.Франк дислалияның деңгейі ретінде қарастырған. Ондай дислалияда дыбыс айту бұзылысы артикуляциялық (артикуляторлық) қиындықтармен күрделенген деген.
1830ж. Р.Шультесс алалияны (мылқаулықты) сөйлеу тілінің жеке бұзылысы ретінде қарастырған, бірақ, И.Франк сияқты, оны артикуляциялық бұзылыстармен байланыстыратын. Алалия, мүлдем артикуляциялай алмау ретіндегі дислалияға қарама қарсы қойылып, кейіннен анартрия деп аталған.
А.Куссмаульдің топтастыруында артикуляциялаудың бұзылуын жалпы атау үшін (дизартрия және дислалия, және де мәнерлеп сөйлеудің бұзылуы - дисфазия) «лалопатия» түсінігі еңгізілді. Мүнда, А.Куссмауль, оған дейінгі ғалымдар сияқты, алалияны артикуляциялық қиындықтармен байланысты сөйлеу тілі бұзылыстарына жатқызып, anartria literalis (дыбыстарды артикуляциялаудың жоқ болуы) термині сай деп есептеді. Сонымен, алалияға А.Куссмауль дыбысты мүлдем айта алмауы тән сөйлеу тіл бұзылыстарын жатқызды. Кейіннен, осы жағдайды белгілеу үшін басқа артикуляторлы бұзылыстармен бірге «анартрия» термині қолданыла бастады.
А.Куссмауль мәнерлеп сөйлеудің ақауы сияқты бұзылыстарды атады. Оларға грамматикалық формалармен синтаксистік айтуларыдың бұзылыстарын жатқызды. Мұндай бұзылыстарды зерттеуші дисфазия деп атады.
ХІХ ғ. 60-шы жылдары Труссо «афазия» терминін ұсынды, ол бұрын Брока қолданған «афемия» (сөйлеу қабілетін жоғалту) терминінінің орнын басты. «Афазия» термині медицинада бекіп, кеңінен таралды. Кейбір шет ел авторлары (Orton,Travis) «алалия», немесе «афазия» түсініктерін ересектердің сөйлеу қабілетінен айырылуынан балалардың сөйлеу тілінің дамымау ерекшелігін ескеріп «балалық афазия», немесе «дамудың афазиясы» деген жалпы терминімен белгілейді.
Фониатр Р.Коэн (1888) еңбектерінде «алалия» терминін артикуляциялық бұзылыстармен байланысты емес мылқаулықты белгілеу үшін қолданылады. Ол бұл бұзылысты (естімеу сөйлей алмау) мылқау (есту қабілеті қалыпты болған кездегі мылқаулықпен салыстырғандағы естімеу сөйлемеу, яғни есту қабілеті жоқ болған жағдайдағы мылқаулық) немесе идиопатиялық алалия (пайда болуы белгісіз сөйлеу мүмкіндігінің жоқтығы).
Әр түрлі авторлардың кейінгі еңбектерінде «алалия» және «афазия» («дисфазия») терминдері ұзақ уақытқа дейін жеткілікті деңгейде ажыратусыз қолданылды. Тек ХХғ. 30-шы жылдарында ресейлік логопедияда «алалия» мен «афазия» түсініктері тоығынан ажыратылады: алалия – сөйлеу тілінің дамымауы, афазия – сөйлеу мүмкіндігінің тоқырауы жоғалуы деген. 50-60-шы жылдары бұл ажырату бекіп, терминологиялық сөздердің саны көбейсе де, бүгінгі күні зерттеушілердің көбі осы терминді қолданады.
Алалияны зерттеуге үлкен үлес қосқандар Г.Гутцман (1894), А.Либманн (1900), М.В. Богданов-Березовский (1909), Э.Фрешельс (1931), ал кейінгі кезде М.Е.Хватцев, Н.Н.Трауготт, В.К.Орфинская, Р.Е.Левина, Б.М.Гриншпун, Л.В.Мелехова, Г.В.Мациевская, Е.Ф.Соботович, В.А.Ковшиков, С.Н. Шаховская, В.К.Воробьева және басқа зерттеушілер.
Әр түрлі авторлардың еңбектерінде әр түрлі критерийлерді (физиологиялық, клиникалық, психологиялық, лингвистикалық, психолингвистикалық т.б.) қолдану арқылы алалиядағы сөйлеу тілі дамуының және ақаудың құрылымының ерекшеліктері айқындалған. Алалияның бірнеше түрлері сипатталып, сөйлеу тілі дамымауының әр түрлерінде логопедиялық әсер ету әдістемесі құрастырылған.
Қазіргі кезде алалияны зерттеудің барлық мәселесі ашыла қойған жоқ. В.К.Орфинскаяның айтуы бойынша, қазіргі кезде өткен кезеңдермен салыстырғанда, алалияны зерттеушілердің арасында ақауды түсінуде, оның механизміне, түзету жолдарындағы негізгі қағидалы ұстанымдарына деген жалпы көзқарастар келіспеушіктерге қарағанда көбірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет