Каналдар, оларды жобалау және есептеу жолдары



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі104,04 Kb.
#13441
1   2   3
Канал бұрылысының радиусы. Каналдың көлденең қимасының ауданына (S), оның қапталған түріне байланысты анықталады.

Жер каналы бойынша бұрылыс радиусының ең кіші мәні теңдеуімен , ал бетонды, темірбетонды канал үшін r=5B теңдеуімен анықталады.

Бұл теңдеулерде V- су ағу жылдамдығы, m- канал қабырға көлбеуі, S- көлденең кеспе ауданы, В- канал бетінің ені.

Науа каналдары. Мұндай каналдар ең үлкен еңістік бағытында орналасады. Су өтімдерін және гидравликалық есеп кәдімгі жер каналы есептегендей есептеледі. Науа каналдарының ПӘК-і 0,95 етіп қабылданады, ал су ағу жылдамдығы 6 м/с шамасында қабылданады.

Науа каналының көлденең кеспесі парабола немесе тікбұрышты (су ағысы өте көп жағдайда) болады. Су өтімі 5 м3/с-ке дейін науа каналы парабола тәріздес болады (х2=2ру), р-параметрі 0,45-4,2 арасында өзгеріп отырады.

Науа каналының жалы ең биік су деңгейінен 10 см жоғары болғаны жөн. Егер науа каналында су ағымдарды реттегіш болса науа тереңдігін мына теңдеумен анықтайды.

, (4.1)

бұл жерде, hL - науаның тереңдігі,

dL - су тереңдігі,

hf – су реттегіштегі судың жоғалуы,

Δh – науа жалының ең үлкен су тереңдігінен биіктігі, 5 см.

Каналдың көлденең қимасы белгілі еңістікте белгіленген су өтімін қамтамасыз ететіндей және кішігірім ауданды болуы қажет. Каналдардағы су деңгейлері бірінен- бірі жоғары болып отырады. Ең кіші каналдардағы /уақытша арық/ су деңгейі суғармалы жерден 5-10 см жоғары, ал танап каналындағы су деңгейі уақытша арықтағы су деңгейінен 10-15 см биік болуы керек. Үлкен каналдардың екі жағынан ауыл шаруашылық механизмдері жүріп тұратын ені 3 метрлі жол болады.



Каналдың көлденең қимасы әртүрлі болады: трапеция-кәдімгі жер каналы; парабола-науа каналдар; тікбұрышты-темір бетон блоктардан салынған каналдар; дөңгелек-құбырдан салынған каналдар; үш бұрышты-арық қазғышпен тартылған уақытша арық.

4.1-суретте жер каналдардың көлденең қимасы көрсетілген. Көп жағдайда бас шаруа аралық және шаруашылық каналдарды трапеция тәрізді етіп салады. Мұндай

формалы канал қабырғасының

4.1-сурет. мықтылығын қамтамасыз етеді.
4.6-кесте. Каналдың тірі көлденең кеспесінің элементтері.

Көлденең тірі кеспенің элементтері

Трапеция тәріздес кеспе

Парабола тәріздес, квадратты парабола

Сегмент тәріздес

Жоғарғы ені








Орташа ені









Су тереңдігі







Орташа тереңдігі







Көлденең тірі кеспе нің сипаттамасы








Кеспенің ауданы








Ылғалданған қабырға ұзындығы








Гидравликалық радиус








Қиманың салыстыр малы ауданы








Бұл теңдеуде: в-канал түбінің ені,м; - салыстырмалы канал түбінің ені; m- канал қабырғасының көлбеуі; R- гидравли- калық радиус, м; ; p- квадратты параболаның параметрі; h- су тереңдігі; В- су бетінің ені, м;

Танаптық, уақытша каналдар үшбұрышты болып келеді. Жер бетінін еңістігіне қарай қия жерлерге салынған каналдың әр түрі болады: үйінді канал; жартылай үйме, жартылай қазылған және толығымен қазылған және бір жағы қазылғын бір жағы үйме каналдар.

(4.2 сурет). Мұның ішінде ең қауыптісі үйме каналы болады. Егер топырақ сапалы түрде үйілмесе, су каналды опырып бұзып кетуі ықтимал. Жер асты суының деңгейін төмендету үшін тереңдігі 2,5-3 метрден асатын каналдар қазылады. Мұндай каналды коллектор деп атайды . 4.2-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет